"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 332.21 0.00   EUR: 391.74 0.00   RUB: 5.57 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

АРЫ ДА, ЖАНЫ ДА ТАЗА АЗАМАТ ЕДI

Сейсенбі, 22 Тамыз 2017 10:11
АРЫ ДА, ЖАНЫ ДА ТАЗА АЗАМАТ ЕДI

Кейде өткен күндер тiзбесi сағымданып көз алдыңнан өтетiнi бар. Сондайда келместiң кемесiне мiнiп кеткен қимас достарыңның бейнесi көз алдыңа келедi. Жүрек сыздайды. Көңiлге кiреуке мұң ұялатады. Оңтүстiк Қазақстан облыстық ауруханасында көп жыл бас кардиолог, бас терапевт болып қызмет атқарған Амангелдi Қоңырбасов кез келгенмен туған бауырдай араласып кете беретiн жаны жаз, көңiлi дархан абзал азамат едi. Тонның iшкi бауындай етене араласып бiрге жүрген күндер ендi келмеске кеттi дегенге көңiл сенер ме? Алайда, адам тағдырдың жазғанынан қашып құтылмақ емес.

Амангелдiнiң өмiр жолы бұлтарыс-бұралаңдарға, қиыншылықтарға толы болды. Әкесi Қоңырбас соғыстан елге ауыр жараланып келiп, Амангелдi қырқынан шықпай жатып мәңгi сапарға аттанып кетедi. Сондықтан оның аласармас асқар тауы – анасы ғана едi. Бiрақ, тағдыр оны да көп көрiптi. Амангелдi он жасқа толғанда ауыр азаптан әбден титықтаған ғазиз анасы да көз жұмады. Бұл кезде әпкесi Ақзияш он жетi жасар бойжеткен екен. Ағасы Сабыр он алтыда. Үш мұңлық бiр-бiрiнiң бауырына тығылып, Құдайға зарын айтып жылағанымен, әкесi де, анасы да бастарын көтермейдi. Ақзияш жаны нәзiк жаратылған қыз баласы болғанмен, есiн тез жинайды. Қос бауырын қолдарынан жетелеп жүрiп жеткiзедi. Ақзияш оларды жетiлдiрем деп жүрiп қаншама бейнет көрдi. Өзi қиналып жүрсе де сыр бермедi. Жұмыстан қанша қалжырап келсе де сыр алдырмай, көңiлдi жүруге тырысатын. Үнемi ыңылдап ән салып жүрiп тамақ пiсiредi, iнiлерiнiң киiмдерiн бүтiндейдi. Қос бауырының беттерiнен сүйгенде шаршағаны басылғандай бойы сергiп қалатын.

Иә, ақжарқын Ақзияш апатайы екi бауырының болашағы жолында бақытын ұрлатты. Бұл үшiн Сабыр мен Амангелдi оны бастарына көтере құрметтептi. Ақзияш бертiн келе Сабырды үйлендiрiп, бауырларының өз қолдары өз ауыздарына жеткеннен кейiн ғана тұрмысқа шығады. Сонда да алаң көңiл әпкетайы бұлар жаққа көп қарайлапты. Сабыр ағасының да ғұмыры қысқа болды. Соңында бес қызғалдақ қалдырған Сабырдың бар-жоғы 33 жасында өмiрiнiң тұйықталуы Амангелдiнiң жүрегiне зiл батпан салмақ салып кетедi. Сондықтан да ол үнемi «адамдардың жүрегi неге ауырады?» деген күрделi сауалға жауап iздеп өттi.

Ақжарылқап Амангелдi осындай жан тебiрентерлiк басынан өткерген жағдайларын айтқанда даусы кәдiмгiдей дiрiлдейтiн. Оның неге басқа саланың емес, жүрек дертiнiң шипагерi болғанын мен осыдан соң анық түсiндiм. Иә, ол керемет кардиолог едi. Өз iсiнiң нағыз маманы атанды. Бұл жөнiнде шамалы кейiнiрек.

Әлi есiмде, 1975 жыл едi. Онда мен Созақ ауданындағы Энгельс атындағы кеңшарда партия ұйымының хатшысымын. Бiрде жұмыс бөлмеме учаскелiк аурухананың бас дәрiгерi Өтепберген Қолдабаев кiрдi. Облыстан бiлiктi дәрiгерлер келе жатыр екен. Олар шаруашылықтың барлық фермаларын аралап, еңбеккерлерге медициналық көмек көрсетпек. Арнайы бригаданы аудандық аурухана бас дәрiгерiнiң орынбасары Ә.Көкiшев бастап келмек. «Мiне, осы көшпелi бригаданы қарсы алуға сiз де бiзбен бiрге шықсаңыз» деген өтiнiш айта келiптi.

Содан облыстан шыққан көшпелi бригаданы кеңшар басшылары қарсы алдық. Бригаданы облыстың бас кардиологы Амангелдi Қоңырбасов бастап келiптi. Ол алғашқы кездескеннен-ақ бiзбен бұрыннан етене таныс адамдай жатырқамай, емен-жарқын араласып кеттi. Бiз қонақтарды алғашқы күнi Қызылбайрақта күттiк. Қадiрлi қонақтармен бiрге жұмысшылар кооперативiнiң төрағасы Досымет Әшiрметов, кеңшарымыздың бас мал дәрiгерi Мейрамбек Құрманбеков болды. Бiлiктi дәрiгерлер уақытпен санаспай еңбек еттi. Барлық еңбек адамдарын дәрiгерлiк тексеруден өткiзiп, тиiстi ем-домын жасап, ақыл-кеңестерiн де аямады. Бiреулерiн облысқа келiп, дәрiгерлiк тексеруден өтiп кетуге шақырды. Қалай дегенде де олардың өз мiндеттерiне барынша адал екендiктерi әрбiр iсiнен көрiнiп тұрды. Олардың адамдарға деген ықыластары бiздi де сүйсiндiрдi. Бiз осылай араласып кете бардық.

Ендi пенде болғаннан соң бас ауырып, балтыр сыздамай тұрмайды. Кеңшар адамдарының науқандық жұмыстардан қашан қолдары босап едi? Олар шалғайда, желдiң өтiнде, күннiң астында, жауын мен борандармен арпалыса жүрiп суық тигiзiп алады. Мiне, сондайда кейде ауыл дәрiгерлерiнiң оларды емдеуге шамалары жете бермейдi. Осындайда бiздiң есiмiзге Амангелдi түседi. Осы ауылдың бiр перзентi болып кеткен оған үмiт артамыз. Бiз жiберген науқас жандарға ол қалай да қол ұшын бередi. Ауруханаға жатқызып, емдеп жiбередi. Сонда байқаймыз ғой, Әбекең ешкiмнен бiрнәрсе дәмету дегендi бiлмейдi. Науқасты өзiнiң туған бауырынан кем көрмейдi. Ауруханадан оңалып шығып, қатарға қосылғандар оның бауырмалдығын жыр етiп айтып отырады.

Кейiннен Досымет те, Мейрамбек те қызмет бабымен аудан орталығына көшiп келдi. Менiң де қызметiм өсiп, Шолаққорған селосына оралдым. Мiне, осы тұста Әбекең бiзге жиi келiп тұрды. Отбасымызбен араластық. Ешкiмдi алаламайтын Әбекең барлығымызға дос құшағын ашты. Бертiнде оның Мақсұт және Мүсiлiм атты қос ұлы аяқтанды. Амангелдi негiзiнен Атырау облысының тумасы ғой. Бұл жақта жақын тумалары аз-ды. Жақсы жолдас болғаннан соң тойбасшылық маған жүктелдi. Осылай бiр-бiрiмiзге қарайласып, қанаттасып жүрушi едiк. Тағдыр-ай десеңiзшi, қимас, қымбат достан ойда-жоқта көз жазып қаламыз деп кiм ойлаған?

Ал, ендi қадiрмендi Қоңырбасовтың өмiр жолына үңiлген жан оның бiлiктi дәрiгер болғанын жақсы бiледi. Ол талай жанды жүрек дертiнен сауықтырды. Тiптi, кезiнде облыстық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Асанбай Асқаров ағаны Мәскеуге, КОКП-ның ХХIII съезiне жүргелi тұрған кезiнде қалай сауықтырғаны аңыз болып айтылушы едi. Оған менмiн деген дәрiгерлер жүрегiнде «миокарда инфаркт» дертi бар деп диагноз қойыпты. Амангелдi бiрiншi хатшыны өзi тексерiп көрiп, ешқандай сырқатының жоқ екенiн айтқанда, дәрiгерлер таң-тамаша қалады. Осыдан соң Асанбай аға Мәскеуге барып та қайтқан.

1970 жылдан 1994 жылға дейiн Әбекең облыстың бас кардиоревматологы болды. Осы уақыт аралығында ол КСРО кардиологтарының 1,2,3 съездерiне делегат болып қатысты. Минскiде өткен электрокардиологтардың халықаралық ХII конгресiне қатысты. Бұдан тыс Харьков, Новокузнецк, Каунас, Санкт-Петербург, Мәскеу, Алматы қалаларында бiлiмiн жетiлдiрдi. Облыстық клиникалық ауруханада еңбек еткен жылдары аурудың алдын алу, емдеу iсiнде бiрнеше жаңа әдiстердi меңгердi. Осы еңбектерiнiң нәтижесiнде «КСРО денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» атанды. Алтын қолды дәрiгердiң медицина саласындағы ерен еңбегi Үкiмет тарапынан да жоғары бағаланды. 2008 жылы Елбасы Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi» атанса, екi жылдан соң Ұлттық медицина ассоциациясының «Алтын дәрiгер» атағына ие болды. Өңiр басшылығы да абзал азаматты құрметтен кенде қалдырмай, «Облыстың құрметтi азаматы» атандырды. Бiр басына жетерлiк осындай марапаттар Әбекеңдi өз саласының бiлiмпаз бiлгiрi ретiнде әйгiлесе керек.

Ол 1994-1995 жылдар аралығында облыс орталығындағы «Айгүл» санаторийiн басқарды. Кейiннен «Денсаулық» ЖШС-нiң бас директоры болып қызмет атқарды. Осы шипажайды аяғынан нық тұрғызып, ем iздеген жұрттың асыға жететiн мекенiне айналдырды. Жанынан қосымша жай салып, республиканың түкпiр-түкпiрiнен келетiндер үшiн жекеменшiк клиника ашты. Ондағы жүрек-қан тамырларын, көкбауыр, бауыр, бүйрек ауруларын анықтайтын соңғы үлгiдегi медициналық аппараттар iрi орталықтарда кездесе бермейтiн. Әбекең елдiң саулығы үшiн осының бәрiн өз қаржысына алдырды. Мәскеуден бiлiктi ғалымдарды шақырып, шипажайдағы дәрiгерлердiң тәжiрибесiн ұштады. Жоғарыға алақан жайған жоқ, барлығын өзiнiң жүрек қалауымен iстедi. Осындағы қызметiн өмiрiнiң соңына дейiн адал атқарған атпал азамат тосыннан келген апаттан мәңгiлiкке көз жұмды.

Амангелдiнiң ары да, жаны да таза азамат едi. Оның жарқын бейнесi бiздiң жүрегiмiзде ұзақ сақталады.

Шымкенттегi ағайын-туыс, жора-жолдастары атынан Сексенбай қажы ТҰРЫСБЕКОВ, Созақ ауданының құрметтi азаматы.

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper