"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 332.21 0.00   EUR: 391.74 0.00   RUB: 5.57 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

Қазақстандағы 100 жаңа есiм

Сенбі, 19 Тамыз 2017 13:50
Қазақстандағы 100 жаңа есiм

«Qazaq Arbasy»

Нұрсұлтан Назарбаев: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжiрибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиiс. Керiсiнше, замана сынынан сүрiнбей өткен озық дәстүрлердi табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра бiлу қажет. Егер жаңғыру елдiң ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды».

Оңтүстiкқазақстандық өнертапқыш Еркiнбек Бөкебаев қазақтың ескi пiшiндегi арбасының үстiне киiз үйдi қондырған жылжымалы дүңгiршек ойлап тапты. Мұны қарабайыр дүние деп ойламаңыз. Оны жасау үшiн соңғы үлгiдегi заманауи материалдар жұмсалды және олардың көпшiлiгi шетелден арнайы тапсырыспен сатып алынды. Бұл арба қазақтың қымыз-қымыран секiлдi ұлттық сусындарын сатуға арналған.

Өнертапқыш осындай дүниені 2011 жылы жасауға кірісіпті. Бірінші нұсқасы жеміс-жидек сататын арба болды. Кәдімгі дөңгелекпен жүретін, үстінде сонау Санкт-Петербургте тоқылған кәрзеңкесі бар, бірақ заманауи арба. Бұл арбаны 2014 жылы Елбасыға ол кісі Сарыағаш ауданына іссапармен келген кезде көрсеткен. Сонда өнертапқыштың туындысын жоғары бағалаған Президентіміз оған «Qazaq Arbasy» деген атау беріпті. Содан кейін мұндай арбаның тағы бір нұсқасы жасалды. Біз әңгімелеп отырған киіз үй пішіндес түрі «Qazaq Arbasy»-ның соңғы нұсқасы.

Оны құрастыруды Еркінбек Тәженұлы биыл бастаған. Сөйтіп 8 айда ойлап тапқан 5-6 түрінің ішінен осы нұсқасын таңдаған. Бұл арбаны жасап шығару үшін өнертапқыш 5 млн. теңге қаражат жұмсаған. Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай, арбаның жабдықтары заманауи материалдардан жасалған. Сондықтан оның бағасы да қымбат. Оның үстіне көпшілігі мұхит асып, шетелден әкелінген. Мәселен, 100 ватт электр энергиясын беретін күн батареясы – АҚШ-тың өнімі. Оның ерекшелігі – салмағының жеңілдігінде. Бар-жоғы 2,5 келі тартады. Дәл осындай батареяның қытайлық нұсқасы бұған қарағанда он есе ауыр. Сондай-ақ, киіз үйдің сырты шыны мақтадан жасалған арнайы торлы матамен көлегейленген. Ол арбаның өзін және клиенттерді күн көзінен қорғау үшін қажет. Мұны да өнертапқыш АҚШ-тан әкеліпті. Бұл матаның артықшылығы, күн­нен келетін ыстықтың 95 пайызын кері қай­тарады. Бұдан бөлек, 350 литр ұлттық сусындарды сақтауға лайықталған тоңазытқыш орнатылған. Оны да өнертапқыш өзінің сыз­басы бойынша Алматыдан арнайы жасатып әкелген. Себебі, зауыттарда шығарылған дайын тоңазытқыштар 20-30 сантиметрге биік, ал, ол клиенттерге, әсіресе балаларға қызмет көрсетуде ыңғайсыздық тудыратын кө­рі­неді. «Сусындар тоңазытқышта сақталады, босаған ыдыстарды шаятын 30 литрлік кәдімгі қолжуғыш бар. Мұның санитарлық-гигиеналық тазалықты қамтамасыз етуге септігі зор. Клиент тазалықты сүйеді. Сондықтан сауданың да көрігі қызатынына еш шүбә жоқ. Сонымен қатар, арба үстіндегі дүңгіршек қазақтың дәстүріне сай ерекше дизайнмен жасалғандықтан көзге өте әдемі көрінеді. Бұл шетелдік туристерді қызықтырмай қоймайтыны анық. Сонда табыс та табамыз, әрі ұлттық сусындарымызды да насихаттаймыз» дейді ол.

Еркінбек Тәженұлы «Qazaq Arbasy»-ын киіз үй пішінінде жасауға Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы түрткі болғанын айтады. Президентіміз бұл бағдарламалық мақаласында ұлттық кодымыз­ды сақтау үшін әлемдік өркениет көшінен қалып қоймауға, сонымен бірге, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып жалғасып келе жатқан салт-санамыз бен дәстүрлерімізді ұмытпауға, керісінше, заман ағымына бейімдеп отыруға шақырады. Міне, сондықтан да өнертапқыштың бар арманы ұлттық сусындарымыз бен киіз үйіміздің бүгінгі әлемнің ажырамас бір бөлшегіне айналып, заман ағымы қалай өзгерсе де қоғамда өз қажеттілігін жоғалтпай, халықпен бірге мәңгі жасай беруі.

– Біздің дүниемізді еліміздің Дизайнерлер одағы, Қазақ тағамтану академиясы толығымен қолдап отыр. Тіпті, академик Төрегелді Шармановтың өзі киіз үйдің шаңырағына қарап ішкен сусынның адам бойына тез сіңетіні жөнінде ғылыми дәйектер келтіруде. Жалпы, жылжымалы механизм алғаш рет қазақ даласында ойлап табылған. Қазақ халқы бағзы замандардан бері сайын сахарада көшіп-қонарда арба, күймені пайдаланған. Бұл туралы ортағасырлық әйгілі жиһанкездердің еңбектерінен кездестіруге болады. Мәселен, қазақтарда киіз үйлі арба болғандығы туралы құжаттар, соның ішінде мұндай арбаның көне сызбалары Париждегі ескі архивтердің бірінен табылды. Сондықтан заманауи арбаны салт-дәстүрімізді бүгінгі заманға лайықтап, екінші өмір сыйлайтын нағыз рухани жаңғыруға жатқызуымызға болады. Соның үлгісі бойынша келешекте тағы да 20 арба жасауға мүмкіншілігіміз бар. Егер мемлекеттен тиісті қолдаулар болып жатса, оны өндірістік жолға қоюға толық мүмкіндік жетеді. Оның үстіне, көптеген маңызды бөлшектерін өзімізде шығару арқылы да өзіндік құнын төмендетуге әбден болады. Алдағы уақытта туындыны Оңтүстік Қазақстан облысының атынан Астанадағы ЭКСПО–2017 көрмесіне апаруды жоспарлап отырмыз, – дейді өнертапқыш Е.Бөкебаев.

Әнуар Жұмашбаев, «Оңтүстiк Қазақстан».

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper