"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


БIЗДIҢ ҰЖЫМ – ЖЕҢIМПАЗ!

Сейсенбі, 15 Тамыз 2017 11:05
БIЗДIҢ ҰЖЫМ – ЖЕҢIМПАЗ!

 

«Нұр Отан» партиясы Оңтүстiк Қазақстан облыстық филиалы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң ОҚО бойынша департаментiмен (МҚIжСЖҚIА) бiрлесе отырып облыстағы барлық мемлекеттiк органдар арасында «Парасыз болашаққа бiрге!» атты конкурс ұйымдастырған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың жүйелi жолға қойылуы негiзiнде жүргiзiлген аймақтық конкурстың жуырда қорытындысы шығарылды. Iс-шараға облыстағы барлық мемлекеттiк органдар атсалысты.

 

Ал, жуырда мемлекеттiк қызметтiң беделiн көтеру, мемлекеттiк органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейтiп, оған ынталандыру мақсатында өткiзiлген конкурс қорытындыланып, жеңiмпаздарды марапаттау рәсiмi өттi.

«Нұр Отан» партиясы Оңтүстiк Қазақстан облыстық филиалының және МҚIжСЖҚIА департаментiнiң ұйытқы болуымен ұйымдастырылған конкурс мемлекеттiк қызметшiлер күнiне орай, биыл 1 маусымда басталған едi. Айта кетейiк, мұндай конкурс биыл бiрiншi рет өткiзiлiп отыр.

Конкурс «Сыбайлас жемқорлық профилактикасын белсендi жүргiзген мемлекеттiк орган» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың жаңашыл әдiстерi» атты 2 номинация бойынша жүргiзiлдi.

Екi ай уақыт iшiнде ұйымдастырушылар 20-дан астам аймақтық мемлекеттiк органдар ұсынған мәлiметтер, слайдтар, сурет альбомдарын зерделедi. Конкурс нәтижесiнде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың жаңашыл әдiстерi» номинациясын ОҚО бойынша Мемлекеттiк кiрiстер департаментi жеңiп алды. Бiрiншi дәрежелi дипломмен марапатталған ұжым алдағы уақытта да биiктерден көрiне берерiне сенемiз. Сонымен қатар, ОҚО бойынша Мемлекеттiк кiрiстер департаментi «Сыбайлас жемқорлық профилактикасын белсендi жүргiзген мемлекеттiк орган» номинациясы бойынша да үшiншi дәрежелi дипломмен марапатталды.

ОҚО бойынша Мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң аталған екi номинация бойынша да марапатталуы жұртшылықтың мемлекеттiк кiрiстер органдарының сыбайлас жемқорлықпен күресуде пайдаланатын шараларына оң баға беруiнiң нәтижесi деп бiлемiз.

Айту кетуiмiз керек, бүгiнде мемлекеттiк кiрiстер органдарының негiзгi мақсаты қазынаға қаржы түсiру ғана емес, кәсiпкерлiктiң дамуына қолайлы жағдай жасау. Сонымен қатар, салықтық және кедендiк әкiмшiлендiрудi оңайлатумен де айналысады.

Аталмыш мақсаттарды жүзеге асыруда ҚР Президентiнiң 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» аясында ОҚО бойынша Мемлекеттiк кiрiстер департаментi аталған құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша кешендi жұмыстар жүргiзуде.

Атап айтқанда, департаментте мемлекеттiк кiрiстер органдары ардагерлерiнiң қатысуымен қоғамдық комиссия құрылған. Қоғамдық комиссия мүшелерi мемлекеттiк кiрiстер органдарының аудандық басқармалары мен кеден бекеттерiнде көшпелi семинарлар ұйымдастырып, қызметкерлер мен тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған әңгiмелесу жұмыстарын жүргiзедi. Осылайша аталған шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi жоғарылатуға үлес қосады.

Сондай-ақ, қызметкерлердiң құқықтық тәрбиесiне ерекше көңiл бөлiнедi. ОҚО мемлекеттiк кiрiстер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта заманауи технологияларды, интернет ресурстарды, әлеуметтiк желiлер, мобильдiк қосымшалардың мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, тұрақты түрде семинарлар мен арнайы сабақтар өткiзiлiп тұрады.

Т.ТЛЕНШИН, ОҚО бойынша Мемлекеттiк кiрiстер департаментi адам ресурстары басқармасының бөлiм басшысы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper