"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 332.21 0.00   EUR: 391.74 0.00   RUB: 5.57 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

ЖОЛ ҮСТIНДЕГI ӨМIР

Сейсенбі, 15 Тамыз 2017 11:00
ЖОЛ ҮСТIНДЕГI ӨМIР

Дәулет ТҰРСЫНҰЛЫ, «Оңтүстiк Қазақстан».

Өмiрде еткен еңбегiн өзгелерге мiндетсiну былай тұрсын, өзi де елей бермейтiн жандар болады. Күнi бойы ойында бiр-ақ нәрсе жүредi. Ол – жұмыс, жұмыс, тағы да жұмыс. Сондай азаматтардың бiрi – Қамбар есiмдi замандас. «Жұмыста да өз үйiмде жүргендей боламын» дейдi ғой бiздiң кейiпкерiмiз. Ел мүддесiн өз мүддесiнен жоғары қоятын осындай адаммен Сiз де жақынырақ таныс болыңыз, құрметтi оқырман!

Бүгiнгi айтар әңгiмемiз бойына осындай iзгi қасиеттер дарыған, жаны қарапайым, алдына келгендi жатсынбай, құшағы жетсе, өзiне тарта бiлетiн азамат, жол салудың кәнiгi маманы, асқаралы алпыстың асқарына шыққан Қамбар Каюпов жайлы болмақ.

Нұһ пайғамбардың кемесi қайырлаған киелi Қазығұрт тауының баурайы Қамбардың атақонысы саналады. Сонда ержетiп, өмiрлiк мұраты қаланды. Әкесi Киiкбай жасынан шопан таяғын қолына ұстап, содан абырой жинаған кiсi едi. Ол уақытта еңбек адамдарына деген құрмет те ерекше едi ғой, шiркiн! Атакәсiпке адал әкенiң еңбегiн Үкiмет те жоғары бағалап, Алматы, Мәскеу қалаларында өтетiн түрлi жиындардың төрiне отырғызды. Анасы Жәмилаға қолғанаттыққа жараған Қамбар үйдiң үлкенi ретiнде артынан ерген 2 ұл, 5 қызды бауырына тартып, былайша айтқанда, «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай» өсiрдi. Осыларды қанаттандырам деп жүрiп, уақтысында жоғары оқу орнына да бара алмады. Әйтпесе, мектептi кiлең 4 пен 5-ке оқыған кейiпкерiмiз кез келген оқуды дөңгелетiп әкетерi айдан анық едi.

Ол кездiң жастары ару Алматыға оқуға баруды армандайтын. Қазығұрттан үлкен өмiрге қанат қағып ұшқан бозбала Қамбардың Алматыдан iздеген арманы құрылысшы болу едi. Алайда, арман деген шiркiнiң бiрден орындала салмайтынына жолы болмай, тауы шағылғанда көзi жеттi. Ендi не iстесiн?! Босқа қарап жата ма?! Алғашқы қадамы сәтсiз болғанымен, келешекке деген үмiт оты оған жiгер берiп, еңбекке араласуды жөн деп тапты. Одан кейiн Отан алдындағы әскери борышын өтедi. Бiтiм-болмысында көп нәрсе өзгерген секiлдi. Өзгермеген бiр ғана нәрсе бар. Ол – бала күнгi құрылысшы болам деген арманы. Осы ойдың жетегiмен жүрiп, ақыры Өскемен жол-құрылыс институтының Алматыдағы жалпы техникалық факультетiнiң кешкi бөлiмiне оқуға түстi.

Алатау аясындағы Алматы деген әсем қалада студент атанып, арман қуған жұлдызды түндер мен шуақты күндер өтiп жатты. Сол жерде жан-жақтан келген арманшыл жастар арасынан жанына жақын дос, сыр бөлiсер орта тапты. Оқи жүрiп, сонда құрылысшы комсомол-жастар бригадасын құрды. Кiлең қазақ жастарынан жасақталған бригада айналдырған аз уақытта жоғарыдан көрiнiп, Алматы қаласы бойынша бiрiншi орынды ешкiмге бермей жүрдi. Шаһардың коммуналдық жүйесiндегi толағай тiрлiктердiң көбi осы еңбек жасағының ұйымшыл әрекетiмен жүзеге асып жатты. Өзi жас әрi ұйымдастыру қабiлетi бар Қамбарды бiрде Алматы қалалық партия комитетiнiң екiншi хатшысы Юрий Мещеряков өзiне шақырып «сен қалалық комсомол комитетiне керек жiгiт екенсiң. Байқап жүрмiн, өзiң басқаратын жастар бригадасы қатарынан үш жыл бiрiншi орынды бермей келедi. Бiздiң Алматыдағы студенттердiң құрылыс отрядтары одақтас 15 республиканың iшiнде соңғы орында жүр. Осыны алдыңғы орынға шығару қолыңнан келе ме?» дейдi. «Сенiп тапсырсаңыздар, отрядтарды алдыңғы орынға шығаруға бар күш-жiгерiмдi саламын» дейдi бұл да өзiне нық сенiммен. Сонымен, ойда жоқта комсомол комитетiне жұмысқа қабылданып, әуелгiде студенттiк құрылыс отрядтар командирiнiң орынбасары, кейiннен командирi болды. Жұмысты жүйелей бiлген Қамбар студенттiк отрядтарды 15 республика ғана емес, алыс-жақын шетелдерге дейiн танытты. Бұл орайда жастарды ынталандыру мақсатында түрлi жобалар ойластырып, онысын да сәтiмен жүзеге асыра бiлдi. Бұдан кейiн Алматы қалалық атқару комитетiнiң төрағасы Заманбек Нұрқадiловтiң ықпалымен ауыл-ауылдан келiп, оқуға түсе алмаған мыңдаған жасты отряд мүшелiгiне тартып, Алматыны қазақыландыруға атсалысты. Қылышынан қан тамған Кеңес уақытында мұндай iске бас болу өзiңдi отқа тастаумен бiрдей едi. Алайда, ұлтжанды азамат «өгiз өлмейтiн, арба сынбайтын» жолды тауып, қазақ жастарымен бiрге ару Алматының келешек кiрпiшiн мызғымастай етiп қаласты.

Уақыт – зымыран. Қамбардың мұнан кейiнгi өмiрi өз мамандығы бойынша өрбiдi. 1987 жылдан 2009 жылға дейiн жол құрылысы саласында қатардағы жұмысшыдан директор лауазымына дейiнгi еңбек жолынан өттi. Осы жылдар Қамбарды өз iсiнiң нағыз шеберi етiп те үлгердi. Жақсы кадр қашанда жерде қалмайды. «Каздорпроект» жобалау институтында инженер, «Оңтүстiк Қазақстан жолдары» АҚ-ның Шымкент филиалында директор, «Шымкентдорстрой» өндiрiстiк кооперативiнде учаске бастығы, «Көмек» фирмасының «Жезқазған жолдары» филиалында бас инженер, Қарағандыдағы «Сейсер» ЖШС-iнде директордың орынбасары ретiнде шыңдалған маман көп ұзамай «Түркiстан жол сервис» ЖШС-нiң директорлығына шақырылады. Мұнда iстеген екi жылдан соң, яғни 2011 жылы «Таған» ЖШС-нiң құрылтайшысы әрi Оңтүстiк Қазақстан облысының жолшылар мен құрылысшылар қауымдастығының төрағасы ретiнде елiмiздiң жол салу iсiнде айрықша қолтаңбасын қалдырды.

Бұл жәй айтыла салған қызметтердiң тiзiмi ғана емес. «Жiгiттiк дәурен өткен соң, кiсiлiк дәурен келедi» деп Майлықожа ақын айтқандай, сол кiсiлiк дәурен адамның өткен ғұмырының маңыздылығымен, артына қалдырған үлгi-өнегесiмен, парасат-пайымымен өлшенсе керек. Осы жылдар Қамбар Киiкбайұлының маман ретiнде өсу, азамат ретiнде кемелдену жылдары едi. Әр қызметте оның қажыр-қайраты, iс-тәжiрибесi, ең бастысы, еш қайтаруға келмейтiн отты жылдары қалды. Бұл жұмыстардың әрқайсысы оны кiшiлiк деңгейден кiсiлiк, азаматтық деңгейге көтерген өмiр мектебi болатын. Осы жылдар азамат Қамбар Киiкбайұлының ұстанатын өмiрлiк кредосын, қағидасын қалыптастырды. Санасы сәулеге, жүрегi мейiрiмге толы жандар елiме пайдамды тигiзе түссем, маңымдағы жандарға жақсылығымды тигiзсем, артымдағы ұрпағыма, елiме жақсы өнеге қалдырсам деп құлшынады. Қабекеңнiң өмiрлiк кредосы, қағидасы, мiне, күнi бүгiнге дейiн осы болып келедi.

Бейнетi мен зейнетiне толы сол жылдарда төккен маңдай терi еш кетпеген екен. «Құрметтi жолшы», «Кәсiби саладағы сiңiрген еңбегi үшiн» төсбелгiлерi мен жол салудағы ерен еңбегiне берiлген марапаттар жоғарыда айтқанымыздың айқын дәлелi. Ерен еңбегiнiң арқасында «Қазақстанның үздiк адамдары» қатарына ендi. Қазақта «Алпысқа келгенде алдыңда алты ағаң болсын, жетпiске жеткенде соңыңда жетi iнiң болсын» деген сөз бар. Ағаларының қамқорлығын көрген Қабекең солардың өмiр мектебiнен өтiп, өзiне үлгi-өнеге алғанын ұдайы мақтанышпен айтып жүредi.

Ал, өзiнiң «шапанынан шыққан» шәкiрттерi бұл күнде жүздеп саналады. Бәрi де хал-қадарларынша ел-жұртына қызмет iстеуде. Ағаларымен бiрге жүрген күндерiне ризашылық сезiммен қарайтын болса, өзi тәрбиелеп, үлкен өмiрге жақсы маман ғана емес, жақсы адам етiп тәрбиелеп шығарған шәкiрттерiмен мақтанады. Кейде ер азаматтың мына өмiрде өсуi мен өшуiнде әйелдердiң де үлесi бар деп те жатамыз. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде кейiпкерiмiздiң өмiрден ойып тұрып өз орнын табуында, биiктен көрiнуiнде оны арқасүйер азаматы, балаларының әкесi, отбасының қорғаны деп санайтын үйдегi Күләйша жеңгейдiң де зор үлесi бар деп толық айта аламыз. Кезiнде Павлодардың ерке Ертiсi бойында еркелеп өскен ару бүгiнде Оңтүстiктiң келiстi келiнiне айналған. Отандасқандарына 36 жыл болыпты. Екеуiнiң көзiнiң ағы мен қарасындай әлпештеп өсiрген ұлы мен қызы өмiрден өз орнын тапқан. Солардан тараған немерелерiнiң шүлдiрiне шаттанған екеуi бүгiнде ата-әже атанып отырған жайы бар. Шынар қыз Алматыдағы мединститутты қызыл дипломмен бiтiрiп, Сингапурде магистрант болып бiлiмiн жетiлдiрдi. Түркiстанда, облыстық СЭС-те жұмыс iстедi. Қазiр Астанадағы медакадемияда сабақ бередi. Қадыр ҚазМУ-дың халықаралық қатынастар факультетiн тәмамдады. Нью-Йоркте магистратурада оқып, сондағы елшiлiкте 4 жыл жұмыс iстедi. Қазақстанның Мәскеудегi елшiлiгiнде де қызмет атқарды. Қазiр облыстық әкiмдiктiң қызметкерi.

– «Жол салғанның сауабы мол» демекшi, өмiрiм осы жол саласымен өрiлiп келедi, – дейдi Қабекең өткенге ой жүгiртiп. – Соның бастыларына тоқталар болсам, Түркiстан қаласының 1500 жылдығына орай республикалық маңызы бар Шымкент–Самара тасжолын жөндеуден өткiздiк. Кетеуi кеткен жолдың қалыпқа келуiнен екi арадағы қарым-қатынастың жақсара түскенi мәлiм. Қарағандыда жүргенiмде Қарағанды–Шахтинск–Есенгелдi–Шербаковское–Киевка, Нұра аудандарының, Темiртау–Қарағанды бағытының жолдарын жөндедiк. 2010 жылы Көксарай су қоймасының айналма жолын салдық. Шымкенттегi «Даңқ» мемориалына үлес қосып, «Ордабасы» алаңынан көтерiлетiн көпiр құрылысын бiтiрдiк. Мұның сыртында қаншама көпiр салып, қаншама күре жолды ел игiлiгiне бердiк.

Иә, айтуға оңай болғанмен, мұның бәрiнде де қажырлы еңбек пен темiрдей төзiм жатыр. Ал, бiздiң кейiпкерiмiз Қамбар Киiкбайұлының ширақ қимылына қарап алпыстың асуындағы емес, елудегi жiгiт деп қалуыңыз әбден мүмкiн. Қайрат-жiгерi, еңбекке деген құлшынысы әлi де қамал тұрғызатындай. Басқаша айтсақ, азамат ат үстiнде. Бүгiнде жаңадан құрылған «Аймақ-Оңтүстiк» ЖШС-нiң құрылтайшысы ретiнде осы серiктестiктi аяққа тұрғызудың қамымен жүр.

Атпал азаматқа елi үшiн еңбек етiп, халқының қажетiне жараудан асқан бақыт бар ма?! Бiрақ бүгiнде «болдым, толдым» деп кеуде ұрып отырған Қамбар аға жоқ. Бұл орайда ақын Олжас Сүлейменовтiң «Жiгiт болсаң, өзiңдi өзiң менсiнбе» деген ұстанымын жүрегiне ұялатып алған. «Еңбек еткендi елi құрметтейдi» деп қалды бiр әңгiмесiнде. Тiлшiге тән тәсiлмен «сол құрмет, мансап және атақ-даңқ дегендерге қалай қарайсыз?» дедiк. Өмiрiнiң 41 жылын бiр ғана салаға, яғни жол құрылысына арнаған Қабекеңдей азаматтың еңбегi әлi күнге дейiн лайықты бағаланбай келе жатқанын қайдан бiлейiк. Қазақстанның төрт бұрышында қаншама жол құрылысында қолтаңбасы қалған, туған қаламыздың көркiне көрiк қосқан, дәлiрегi елiмiзде теңдесi жоқ «Даңқ» мемориалын, «Тәуелсiздiк» саябағына апаратын аспалы көпiр, ғасыр жобасы – «Көксарай» су қоймасына төте жол салуға атсалысқан мұндай еңбекқор жанның тым болмағанда қаланың құрметтi азаматы атағына да ұсынылмай жүргенiнен Сiз бен бiз хабардармыз ба? Әрине, жоқ.

Ал, Қамбар аға болса, сол баяғы қарапайымдылық қасиетiнен айнығысы жоқ. – Қолпашпен келген атақ ешкiмге абырой әпермейдi. Ең бастысы – еңбегiңдi ел бағаласа болғаны. Бақыт деген осы емес пе? – дейдi байыпты қалпынан танбай.

Иә, оның өмiрдегi ұстанымы, жолы осындай!

Лебiздер

Садулла ҚАЛЫБЕКОВ, «Корпорация Ақорда» ЖШС-нiң бас директоры:

– «Адам өмiрiнде үш нәрседен қателеспесе, жолы болғаны» дейдi бiлетiндер. Бiрiншiсi – кәсiп таңдауда, екiншiсi – жар таңдауда, үшiншiсi – ұрпаққа өнегелi тәрбие беруде. Қамбар осы үш нәрседен жолы болған азамат. Оның осы уақытқа дейiн жеткен жетiстiктерi көз алдымызда. Бiреулер секiлдi iстегенiн елге әйгiлеу, атақ дәмету – Қамбарға жат қасиет. Үндемей жүрiп үлкен iс тындырады. Мен оны осы қасиетi үшiн айрықша бағалаймын.

Нұржан АШИРОВ, «Сапа – 2002» ЖШС-нiң директоры, облыстық мәслихаттың депутаты:

– Саналы ғұмырын халыққа адал қызмет етуге жұмсап, ел таныған азаматқа айналған Қамбар Киiкбайұлының ағалық iлтипатын көрiп өстiк. Мейiрiмге шөлiркеп жүрген iнiлерiн қанатының астына алып, тура жол сiлтеген кездерi көп. Әлiге дейiн сол ағалық болмысынан тайып көрген емес. Бiз секiлдi iзбасарларына ерiнбей еңбек етуден бөлек, адами қарым-қатынастың үлгiсiн ұқтырды. Мiне, сол жанашырлығы бүгiнге дейiн көңiлiмiздi жылытумен келедi.

Бекасыл ТӨЛЕНДИЕВ, «Азамат-R» ЖШС-нiң директоры, облыстық мәслихаттың депутаты:

– «Ағаға қарап iнi өсер» демекшi, орта жастан ассақ та Қамбар ағамызға қарап бой түзеумен келемiз. Бұл кiсiнiң өмiрге деген көзқарасы, еңбек етуге деген құлшынысы бiздi ұдайы осындай болуға жетелейдi. Жол салудағы ерен еңбегi күллi өңiр халқына аян. Ол салған сапалы жолдар әлi күнге дейiн мұрты бұзылмай, халқына қызмет етiп келедi. Осы жол үстiнде әрi-берi ағылған жұрттың ризашылығын жиi естимiз. Осыдан-ақ ақедiл азаматтың жауапкершiлiк жүгiн терең сезiнетiнiн аңғаруға болады.

Болат ШАРАХЫМБАЙ, ақын, бүкiл Түркi дүниесi ақындары фестивалiнiң лауреаты:

– Уақыт елек тәрiздi, сол електен өтетiндер бар, өтпейтiндер бар. Биыл асқаралы алпысқа келген Қамбар Киiкбайұлы – сол електен абыроймен өткен ардақты азаматтардың бiрi. Қабекеңмен Қазығұрттың баурайында бiрге өстiк. Алматыдай алып шаһарда бiрге жүрдiк. Екеумiздiң рухани жақындығымыз бар едi. Ол ара-тұра өлең жазатын едi. Көрген-бiлгенiн, өмiрден түйгенiн ақ параққа төгiлтетiн. Бiрақ онысын ешкiмге көрсете бермейтiн. Мiне, кешегi Қамбар бүгiн ел бiлетiн, ел сыйлайтын азаматқа айналды. Бұл жолда ол үлкен асулардан, биiк белестерден өттi.

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper