"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ЭКЗОТИКАҒА АЙНАЛЫП КЕТПЕСIН ДЕСЕК...

Сейсенбі, 09 Қаңтар 2018 10:28
ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ЭКЗОТИКАҒА АЙНАЛЫП КЕТПЕСIН ДЕСЕК...

 

Дәулет ТҰРСЫНҰЛЫ, «Оңтүстік Қазақстан».

Ұлттың ұлт ретіндегі ерекшелігін айқындайтын бір белгі – оның ұлттық асханасы. Соңғы кездері елімізде өзіміздікінен гөрі өзгелердің ұлттық асханасына орын бергенімізді ескерсек, болмысымыз қайда барады деген ойға қаласың. Қазақы мол дастарқанымыз сан алуандығымен қоса денсаулыққа пайдалылығымен де ерекшеленеді. Өкінішке қарай, ұлттық дастарқа­нымыз­дың өз дәрежесінде дәріптелмеуінен осынау бай әрі жұғымды небір тағамдарымыз ұмытылып бара жатыр.

 

Жасыратыны жоқ, басқа қала­ларды айтпағанда, қазағы мол Шымкент қаласынан түрiктiң донерi мен кәрiстiң сушиын, итальян­дықтардың пиццасы мен американ­дықтардың бургерiн оңай табуға болады.

Есесiне түймеш, шұжық, жаужұмыр, борша, мипалау, қуырдақ секiлдi қазақтың ұлттық тағамдарын қаламыздың кез келген бұрышынан табу оңай емес. Тiптi, түрiктiң, өзбектiң, орыстың, грузиннiң, кәрiстiң, қытайдың асханалары түгiл, даяшыларына дейiн сол елдiң ұлттық киiмiн киген мейрамханалары бар. Қолына леген ұстаған ала шапанды ағайынның әрi-берi өткендi палауға шақыратын қарапайым жарнамасын көргенде, «ұлттық тағамдарымызды осылай дәрiптеу қолымыздан келмегенi ме?» деп iштей қынжылатынымыз рас. Өкiнiшке қарай, Шымкентте ұлттық киiм түгiл, қазақы дастарқаны жайылған ұлттық мейрамхана саусақпен санарлық деуге болады. Қазақтың етi мен сусынын iздеп, сұрастырып жүрiп әрең тапқаныңмен, бағасы саусағымен ғарыш жақты көрсетедi. Онда да сол тағамдарды дайындайтын мейрамханаларды тапсаң... Шымкенттегi ұлттық ас мәзiрiн ұсынатын «Мұзтау», «Көксарай» секiлдi дәмханаларға кез келген сәтте бас сұғып, ұлттық асқа қарын тойдырып шығу үшiн қалтаңызда әжептәуiр ақша болуы керек.

Көптеген елдер туризмнiң бiр ұшын осы ұлттық асханаларынан бастайтын көрiнедi. Ендеше, бiзге де өзге елдi қызықтыруды осы ұлттық асымыз бен сусындарымызды ұсынатын мейрамхана ашудан бастау керек секiлдi. Қазақтың ұннан, сүттен жасалған дәмдерiн айтпағанда, еттен дайындалған тағамдарының өзi өзге ұлт мейрамханаларының ас мәзiрiн он орап алатыны шындық. Ендеше, ұлттық асхананы дамытуға не кедергi? Өзбектiң шурпасына қазақтың айран қосылған кеспе көжесi, ұйғырдың лағманына қазақтың нан салмасы, орыстың окрошкасына қазақтың бидай қосылған ашымық көжесi, сондай-ақ, орыстың бефстроганов тағамына қазақтың балқуырдағы мықты бәсекелес бола алмайды дейсiз бе?! Бүгiнде мамандар елiмiзде аспаз жетiспеушiлiгi мәселесiнiң бар екенiн жоққа шығармайды. Өйткенi, аспаз даярлайтын оқу орындары негiзiнен жалпылама ас әзiрлеудi үйретуге бейiмделген көрiнедi. Бұл жалпылама оқытуға қазақтың ұлттық тағамдары мүлдем кiрмейдi екен. Сондықтан бүгiнде қазақтың ас-дәмiн дайындай алатын кәсiби аспаздар жоқтың қасы деуге болады. Содан болар, Наурыз мерекесiндегi ұлттық киiмдерiмiз секiлдi қазақы тағамдарымыз да дастарқаннан тек мерекелерде уақытша орын алатын экзотикаға айналып барады. Қазақы дастарқанымызды дамытамыз десек, ол үшiн алдымен ас мәзiрiн дайындайтын аспаздар даярлауымыз керек. Қажет болса, осы бағыттағы оқу орындарына ұлттық тағамдарды оқытуды мiндеттеу керек. Онсыз ұлттық тағамдарымыз ұмытыла беретiнi айтпаса да түсiнiктi. Осыны жолға қоймай, қазақы ас мәзiрiн ұсынатын мейрамхана түгiл, асханалардың да ашылмайтыны анық. Бүгiнде аспаз мәселесiнiң өзектiлiгiнен кәрiстiң асханасына аспазды Кореядан, түрiктiң мейрамханасына Түркиядан алдыру қажеттiлiгi туындап отыр. Ал, қазақы дастарқанды жетiк бiлетiн аспаздың аздығынан әрi олар арнайы оқу орындарында даярланбағаннан кейiн ұлттық тағамдар даярлайтын мейрамханалар жоқтың қасы. Әрине, ол аспаздар елiмiздiң оқу орындарында дайындалмаса, сырттан келiп, ешкiм дайындап бермесi анық. Осылай кете берсек, күндердiң күнiнде ұлттық тағамдарымыздың атын көнерген сөздердiң қатарынан iздеп қалуымыз бек мүмкiн...

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper