"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ӨМІРІ ӨНЕГЕЛІ АЗАМАТ

Сейсенбі, 09 Қаңтар 2018 10:27
ӨМІРІ ӨНЕГЕЛІ АЗАМАТ

 

Са­дық Бақти­яр 1948 жы­лы 1 қаңтар­да Қазығұрт ау­да­ны­ның Қақпақ ау­ы­лын­да ша­руа от­ба­сын­да дүни­еге кел­ген. Ор­та мек­тептi ал­тын ме­даль­мен, Қазақтың мем­ле­кеттiк ау­ыл ша­ру­а­шы­лығы ин­сти­ту­ты­ның аг­ро­но­мия фа­куль­тетiн үздiк белгiмен бiтiрген. Ма­ман­дығы – ғалым-аг­ро­ном, ау­ыл ша­ру­а­шы­лығы ғылым­да­ры­ның док­то­ры, Қазақ­стан Ре­с­пуб­ли­ка­сы АШҒА ака­де­мигi.

 

Ол еңбек жо­лын 1969 жы­лы Крас­но­во­до­пад мем­ле­кеттiк се­лек­ци­я­лық стан­са­сы­ның аға ғылы­ми қыз­мет­керi ретiнде ба­с­тап, он­да 1987 жылға дейiн бөлiм ба­с­тығы, ди­рек­тор­дың ғылы­ми жұмы­с­та­р бой­ын­ша орын­ба­са­ры, 5 жыл­дан ас­там уақыт стан­са ди­рек­то­ры бо­лып қыз­мет атқар­ды. Қазiргi кез­де өндiрiсте кең та­раған күздiк би­дай­дың «Крас­но­во­до­пад­ская–210», «Крас­но­во­до­пад­ская–25», ар­па­ның «Б´й­ше­шек», жоңышқаның «Крас­но­во­до­пад­ская–8», ер­кек­шөптiң «Крас­но­во­до­пад­ская–414» сорт­та­ры сол жыл­да­ры шығарыл­ды және олар­ды тәлiмi жер­де өсiрудiң ғылы­ми негiздерi жа­сақтал­ды. Сол жыл­да­ры стан­саға жаңадан игерiлiп жатқан Ке­лес мас­сивiнен қосым­ша су­ар­ма­лы жер алын­ды. Бұл ба­с­та­ма тұқым ша­ру­а­шы­лығын жолға қоюға және дәндi дақыл­дар мен жоңышқаның эли­та тұқым­да­рын өндiру бой­ын­ша стан­са­ның көшбас­шы орынға ие бо­лу­ы­на жол аш­ты. Ғалым­дар шығарған жаңа сорт­тар көршi Өзбек­с­тан, Түркiмен­стан және Қырғыз­стан­да кеңiнен та­рай ба­с­та­ды. Жүргiзген ғылы­ми жұмы­с­та­ры­ның негiзiнде ол 1979 жы­лы «Оңтүстiк Қазақстан­ның тәлiмi жер­лерiнде тұқым­дық жоңышқаны өсiрудiң аг­ро­тех­ни­ка­лық ерекшелiктерi» тақыры­бы бой­ын­ша Ал­ма­ты­дағы Қазақ ғылы­ми-зерт­теу егiншiлiк ин­сти­ту­тын­да кан­ди­дат­тық дис­сер­та­ция қорғады.

1987–1994 жыл­да­ры Шым­кент об­лы­с­тық аг­роөнеркәсiп ке­шенi төрағасы­ның орын­ба­са­ры, Шым­кент об­лы­с­тық пар­тия ко­ми­тетiнiң аг­рар­лық са­я­сат бөлiмiнiң меңге­рушiсi, ҚКП Оңтүстiк Қазақстан об­лы­сы Қазығұрт (Ле­нин) және Са­рыағаш ау­дан­да­ры­ның ау­дан­дық пар­тия ко­ми­тет­терiнiң бiрiншi хат­шы­сы, ха­лық де­пу­тат­та­ры ау­дан­дық кеңес­терiнiң төрағасы бо­лып қыз­мет атқар­ды. Тәуелсiздiктiң алғашқы қиын жыл­да­ры об­лы­с­тық және ау­дан­дық «Азық-түлiкпен өзiн-өзi қам­та­ма­сыз ету», «Елiмiздiң на­рықтық қаты­на­с­тарға көшу ке­зеңiнде ха­лықтың аз қам­та­ма­сыз етiлген бөлiмiн әле­у­меттiк қорғау» бағдар­ла­ма­ла­рын жа­сап iске асыр­ды. Осы бағдар­ла­ма ая­сын­да ха­лықты азық-түлiкпен қам­та­ма­сыз ету мақса­тын­да ау­дан­ның әр тұрғыны­на 130 келi ас­тық берiлгенi са­рыағаш­тықтар­дың әлi есiнен шыққан жоқ. Қазығұрт және Са­рыағаш ау­дан­да­рын­да ар­найы жер қор­ла­ры құры­лып, тәуелсiз Қазақстан­ның алғашқы же­ке ша­руа қожа­лықта­ры ұйым­да­с­ты­рыл­ды. Бұл тәжiри­бенi 1992 жыл­дың ақпа­нын­да Қазақстан Ре­с­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­дентi Н.На­зар­ба­ев Қазығұрт ау­да­ны­на барған са­па­ры кезiнде жоғары бағала­ды.

Ла­у­а­зым­ды қыз­мет­тердi атқара жүрiп, өзi iсте­ген құзыр­лы ме­ке­ме­лердiң мүмкiндiктерiн, ғылым жетiстiктерiн өндiрiске ендiру­ге бағыт­та­ды. Сол жыл­да­ры Оңтүстiк Қазақстан об­лы­сы бой­ын­ша жоңышқа дақылы­ның егiс көлемi екi есе­ге ар­тып, 415 мың гек­тарға жеттi. Атқа­рылған нәти­желi жұмы­с­тар­дың негiзiнде 1993 жы­лы Мәске­у­дегi К.А.Ти­ми­ря­зев атын­дағы ау­ыл ша­ру­а­шы­лығы ака­де­ми­я­сын­да «Оºтүстiк Қазақ­стан­ның тәлiмi жер­лерiнде жоңышқа өсiрудiң ғылы­ми негiздерi» тақыры­бы бой­ын­ша док­тор­лық дис­сер­та­ция қорғады.

Са­рыағаш­тықтар 1994 жылғы сай­ла­у­да ерек­ше ау­ызбiршiлiк та­ны­тып, оны Қазақстан Ре­с­пуб­ли­ка­сы Жоғарғы Кеңесiнiң де­пу­та­ты етiп сай­ла­ды. Жоғарғы Кеңестiң аг­рар­лық және азық-түлiк мәсе­ле­лерi бой­ын­ша ко­ми­тет төрағасы­ның орын­ба­са­ры бо­лып қыз­мет атқарған кез­де ау­ыл ша­ру­а­шы­лығы та­у­ар өндiрушiлерiне мем­ле­кет та­ра­пы­нан қол­дау көрсе­ту, мем­ле­кеттiк тап­сы­ры­с­ты тоқта­ту және ас­тықтың бағасын еркiн жiбе­ру ту­ра­лы заңдар­дың қабыл­да­ну­ы­на бел­се­не ат­са­лы­с­ты. Ел­ба­сы Н.На­зар­ба­ев­тың ел ас­та­на­сын Ал­ма­ты қала­сы­нан Ақмо­ла қала­сы­на көшiру, елiмiзде кон­сти­ту­ци­я­лық және эко­но­ми­ка­лық ре­фор­ма­лар­ды тез­де­ту ту­ра­лы ба­с­та­ма­ла­рын қызу қол­да­ды.

Ре­с­пуб­ли­ка Үкiметi бас­шы­лы­ры­ның тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша 1995 жы­лы Қазақстан Ре­с­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кеттiк азық-түлiк келiсiмшарт кор­по­ра­ци­я­сын құрып, мем­ле­кеттiк ас­тық қорын түген­дедi. Елiмiздiң азық-түлiк қауiп­сiздiгiн қам­та­ма­сыз ету­ге және экс­порт­тық әле­у­етiн арт­ты­руға бағыт­талған Қазақстан Ре­с­пуб­ли­ка­сы­ның «Ас­тықтың мем­ле­кеттiк қоры ту­ра­лы» ере­женi және «Ас­тық ту­ра­лы» Заңды жа­сақтауға бел­се­не қаты­с­ты.

1997–2001 жыл­да­ры ҚР Ау­ыл ша­ру­а­шы­лығы ми­нистрiнiң орын­ба­са­ры,Ұлттық Ака­де­ми­я­лық аг­рар­лық зерт­те­у­лер ор­та­лығы Бас ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры бо­лып iсте­ген кез­де ау­ыл ша­ру­а­шы­лығы дақыл­да­ры, жа­ну­ар­ла­ры және ми­к­ро­ор­га­низмдерiнiң тектiк қорын сақтау мен тиiмдi пай­да­ла­ну ғылы­ми-тех­ни­ка­лық бағдар­ла­ма­сын жа­сақтап iске асы­ру­ды ұйым­да­с­тыр­ды. Қазақстан­да тұңғыш рет елiмiздiң ау­ыл ша­ру­а­шы­лығы дақыл­да­ры­ның, жа­ну­ар­ла­ры мен ми­к­ро­ор­га­низмдерiнiң қорын сақтай­тын Тектiк Банк­тер жа­сақтал­ды. Олар қазiргi кез­де жаңа сорт­тар мен асыл тұқым­ды мал түрлерiн шығару­да және өнiмдi өңдеу са­ла­ла­рын­да кеңiнен пай­да­ла­ны­лу­да. Ас­тық өндiрiсiнiң бәсе­ке­лестiк әле­у­етiн арт­ты­ру үшiн СИМ­МИТ және ИКАР­ДА сияқты ха­лықара­лық ғылы­ми ор­та­лықтар­мен бiрле­се оты­рып, се­лек­ция, тұқым ша­ру­а­шы­лығы, ас­тық дақыл­да­рын өсiру тех­но­ло­ги­я­ла­ры жетiлдiрiлдi.

Жаңа мыңжыл­дық ба­сын­да Ел­ба­сы Н.На­зар­ба­ев­тың аг­рар­лық са­ла ғалым­да­рын алыс ау­дан­дарға ба­рып өздерiнiң ғылы­ми жетiстiктерiн ендiру­ге шақыру­ы­на жа­у­ап ретiнде ол Ал­ма­ты қала­сын­дағы Ұлттық Ака­де­ми­я­лық Аг­рар­лық Зерт­те­у­лер ор­та­лығы Бас ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры қыз­метiнен шалғай­да ор­на­ласқан Қараған­ды об­лы­сы, Шет ау­да­нын­да жүргiзiле­тiн Қазақстан Ре­с­пуб­ли­ка­сы Үкiметi мен Дү­ние­жүзiлiк Да­му банкiнiң «Қуаң жер­лердi басқару» жо­ба­сын жа­сақтау және iске асы­ру то­бы­ның же­текшiлiгiне кон­курс бой­ын­ша өтiп, пай­да­ла­ныл­май жатқан бос жер­лер­де ша­бын­дықтар мен жай­ы­лым­дар жа­са­у­ды қолға ал­ды. Жа­сы елу­ден асқан шақта ағыл­шын тiлiн оқып үйрендi.

Аталған жо­ба ая­сын­да 2001–2006 жыл­да­ры қуаңшы­лығы аса ба­сым ай­маққа ор­на­ласқан Қараған­ды об­лы­сы­ның Шет ау­да­нын­да ау­мағы 1 млн. гек­тар­дан ас­там 11 ау­ыл ок­ругi тер­ри­то­ри­я­сын­да ас­тық егу­ге қараған­да көпжыл­дық шөптер егiп, мал ша­ру­а­шы­лығымен шұғыл­да­ну­дың эко­но­ми­ка­лық және эко­ло­ги­я­лық жағынан тиiмдi екендiгi нақты iстер арқылы көрсетiлдi. Бос қалған 35 мың гек­тар жер­ге ер­кекшөп, жоңышқа, түйе­жоңышқа сияқты көпжыл­дық шөптер егiлiп, то­пы­рақтың құнар­лығы қал­пы­на келтiрiлдi. Қазақстан­да алғашқы рет алыс жай­ы­лым­дар­дағы мал­шы­лар­ды электр энер­ги­я­сы­мен қам­та­ма­сыз ететiн 25 жел және күн электр қон­дырғыла­ры ор­на­тыл­ды, сүт өнiмдерiн са­тып алу және қай­та өңдеу бой­ын­ша 11 ау­ыл ша­ру­а­шы­лығы серiктестiктерi мен ор­та­лықта­ры құрыл­ды. Нәти­же­сiнде мал ба­сы мен ет-сүт өндiру екi есе­ден ас­тамға арт­ты, эко­но­ми­ка­лық жағынан кен­же қалған Шет ау­да­ны мал ша­ру­а­шы­лығы да­мыған iргелi ау­данға ай­нал­ды.

Тәуелсiз ха­лықара­лық са­рап­шы­лар аталған жо­ба­ның нәти­же­лерiн «Әлем­де теңдесi жоқ жо­ба» деп бағала­ды және ол Қазақстан­да және басқа ел­дер­де осын­дай жо­ба­лар­дың жа­сақта­лып, iске асы­ры­лу­ы­на негiз бол­ды. Жо­ба­ның ұста­ным­да­ры мен әдiстерi Қазақстан Ре­с­пуб­ли­ка­сы Үкiметiнiң ор­нықты да­му бой­ын­ша ко­мис­си­я­сын­да ар­найы ка­ра­лып, олар­ды аг­роөнеркәсiп ке­шенiн да­мы­ту­дың мем­ле­кеттiк бағдар­ла­ма­ла­рын жа­сақта­у­да на­зарға алу ке­ректiгi ұсы­ныл­ды.

2006–2009 жыл­да­ры ҚР Үкiметi мен Бiрiк­кен Ұлттар Ұйы­мы Да­му бағдар­ла­ма­сы­ның жаһан­дық маңызы бар «Су­лы, бат­пақты жер­лердå ме­кен өзгертiп оты­ра­тын құстар­дың өмiр сүру ор­та­сы ретiнде ке­шендi сақтау» жо­ба­сы­ның Ұлттық са­рап­шы­сы, «Ка­зА­г­ро­Ин­но­ва­ция» АҚ бiрiншi ви­це-пре­зи­дентi бо­лып қыз­мет атқарған кез­де елiмiздiң ғылы­ми-зерт­теу ме­ке­ме­лерi мен Қазақстан­да iске асы­ры­лып жат­қан Бiрiккен Ұлттар Ұйы­мы Да­му бағдар­ла­ма­сы ара­сын­да тығыз бай­ла­ныс ор­на­ту мақса­тын­да ар­найы ме­мо­ран­дум­ның қабыл­да­ну­ын қам­та­ма­сыз еттi.

2009 жы­лы кон­кур­стық негiзде Қазақстан Ре­с­пуб­ли­ка­сы Үкiметi мен Бiрiккен Ұлттар Ұйы­мы Да­му бағдар­ла­ма­сы­ның Ал­ма­ты об­лы­сы Жам­был ау­да­нын­да жүзе­ге асы­ры­ла­тын «Экожүйенiң тұта­с­тығын сақтау және ау­ыл тұрғын­да­ры­ның тұрмыс жағдай­ын жақсар­ту үшiн жай­ы­лым­дар­ды ор­нықты пай­да­ла­ну» жо­ба­сы­ның же­текшiсi бо­лып тағай­ын­дал­ды. Жо­ба­ны iске асы­ру ба­ры­сын­да Ал­ма­ты об­лы­сы Жам­был ау­да­ны­­ның Ши­ен, Үлгiлi, Мәтi­бұлақ және Ай­дар­лы ау­ыл ок­руг­терiнiң то­пы­рақ-кли­мат жағдай­ла­рын ес­ке­ре оты­рып, жай­ы­лым­ды басқару­дың әртүрлi әдiстерi сы­нал­ды. Жел және күн ге­не­ра­тор­ла­рын ор­на­ту арқылы су­мен, электр жа­рығымен қам­та­ма­сыз етiлiп, құдықтар, су­ат­тар қай­та қал­пы­на келтiрiлдi. Көпжыл­дық шөптер егу арқылы жоғары өнiмдi ша­бын­дық және жай­ы­лым­дық жа­сал­ды. Жергiлiктi ха­лықты жай­ы­лым басқару iстерiне қам­ту мақса­тын­да қоғам­дық кеңес­тер мен серiктестiктер құрыл­ды.

Жо­ба­ның озық нәти­же­лерi Қазақстан Ре­с­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­ментi Се­на­ты және Мәжi­лiсiнде, Ау­ыл ша­ру­а­шы­лығы ми­нистрлiгiнде, рес­пуб­ли­ка­лық және ха­лықара­лық кон­фе­рен­ци­я­ла­рын­да ба­ян­дал­ды. Жай­ы­лым­дар­ды ор­нықты басқару мәсе­ле­лерi бой­ын­ша ре­с­пуб­ли­ка­лық ба­с­пасөз ақпа­рат құрал­да­ры арқылы бiрне­ше мақала­лар мен сұхбат­тар жа­ри­я­лан­ды. Б.Са­дықтың же­текшiлiк етуiмен дай­ын­далған «Жай­ы­лым­дар­ды ор­нықты басқару­дың қазақ­стан­дық мо­делi» Қазақстан Ре­с­пуб­ли­ка­сы­ның «Жай­ы­лым ту­ра­лы» Заңын және Аг­ро­өнер­кәсiп ке­шенiнiң ор­нықты да­му­ы­на ар­налған бағдар­ла­ма­ла­рын жа­сақтауға негiз бол­ды.

Ол 2012 жыл­дан қазiрге дейiн Қазақ мал ша­ру­а­шы­лығы және жемшөп өндiрiсi ғылы­ми- зерт­теу ин­сти­ту­ты­ның бас ғылы­ми қыз­мет­керi бо­лып қыз­мет атқарып ке­ледi. Бiрiккен Ұлттар Ұйы­мы Да­му бағдар­ла­ма­сы­ның са­рап­шы­сы ретiнде жердi ор­нықты пай­да­ла­ну жүйе­лерiн көрсе­ту мақса­тын­да ас­тық өндiрiсiн тұрақтан­ды­ру, жоңышқа өсiрудiң «жа­сыл» тех­но­ло­ги­я­сы және алыс жай­ы­лым­дар­да мал ша­ру­а­шы­лығын да­мы­ту мәсе­ле­лерi бой­ын­ша 30-дан ас­там серпiндi жо­ба­лар Ақмо­ла, Ко­с­та­най, Солтүстiк Қазақстан, Ал­ма­ты, Аты­рау, Шығыс Қазақ­стан, Оңтүстiк Қазақстан, Қызы­лор­да және Маңғыс­тау об­лы­с­та­рын­да iске асы­рыл­ды. Олар­дың негiзiнде 1500-ден ас­там фер­мер­ мен жергiлiктi атқару ор­ган­да­ры­ның қыз­мет­кер­лерi жер, су және жай­ы­лым­дар­ды пай­да­ла­ну­дың озық тәжiри­бе­лерiмен та­ны­с­ты.

Жоғары­да аталған ба­с­та­ма­лар­ды iске асы­ру үшiн ол «Жа­сыл Азық» қоғам­дық қорын құрды. Оның «Жоңышқаны жа­сыл тех­но­ло­гия­лар­ды қол­да­нып егу арқылы тозған жер­лердiң құнар­лы­лығын тез қал­пы­на келтiру» жо­ба­сы Бiрiккен Ұлттар Ұйы­мы Да­му бағдар­ла­ма­сы мен «Эк­ва­тор­лық ба­с­та­ма» әрiптестiгiне 120 ел­ден түскен 806 жұмы­с­тың iшiнен жергiлiктi жағдай­да ор­нықты да­му­ды қам­та­ма­сыз ететiн әлемдiк маңызы бар үздiк жұмы­с­тар­дың бiрi бо­лып, «Эк­ва­тор–2017» ха­лықара­лық жүлдесiне ие бол­ды. ТМД ел­дерi iшiнен бұл жүлде тек қазақстан­дық «Жа­сыл Азық» қоры­на ғана берiлдi. Жүлде 2017 жыл­дың 17 қыркүйе­гiн­де Бiрiккен Ұлттар Ұйы­мы­ның 72-шi Бас Ас­сам­б­ле­я­сы бағдар­ла­ма­сы ая­сын­да Нью-Йорк қала­сы­ның «Town Hall Theatre» ғима­ра­тын­да ха­лықара­лық ұйым­дар, ұлттық үкiмет­тер, са­я­сат­кер­лер, жергiлiктi қау­ым­да­с­тықтар және ба­с­пасөз өкiлдерiнiң қаты­су­ы­мен сал­та­нат­ты түрде та­бы­с­тал­ды.

Бiрiккен Ұлттар Ұйы­мы­ның ме­ди­а ­ай­мағын­да өткен ба­с­пасөз кон­фе­рен­ци­я­сын­да: «Қазақстан­дық бұл ба­с­та­ма­ның көкжи­егi кең, оның ау­мақтық не­ме­се ұлттық ше­ка­ра­сы жоқ. Оны жүзе­ге асы­ру бар­лық ел­дер мен мем­ле­кет­тер­де жердiң құнар­лы күшiн тез қал­пы­на келтiредi және азық-түлiк қауiпсiздiгiн нығай­ту­ды қам­та­ма­сыз етедi. Оны Жаhан­дық эко­ло­гия­лық қор мен Бiрiккен Ұлттар Ұéûìû Да­му бағдар­ла­ма­сы­ның Қазақстан­да жер ре­сур­ста­рын ор­нықты пай­да­ла­нуға бағыт­талған бiрне­ше ха­лықара­лық жо­ба­ла­ры­ның нәти­же­лерi көрнектi түрде айғақтап отыр. Бiз тозған жер­дi қай­та қал­пы­на келтiру бой­ын­ша бiрқатар тәжiри­бе жи­нақта­дық. Осы ба­с­та­ма ая­сын­да бар­лығыңыз­бен бiрлесiп жұмыс iсте­у­ге және жәрдем бе­ру­ге да­яр­мыз» деп атап көрсетiлдi.

– Ха­лықара­лық жүлденi алған сәтте ел та­ри­хын­да бiрiншi өткен жал­пы­ха­лықтық Пре­зи­дент сай­ла­у­ы­нан кейiн, 1992 жыл­дың ақпан ай­ын­да қаси­еттi Қазығұрт та­у­ы­ның ба­у­рай­ын­да ел ағала­ры­ның ұйғары­мы бой­ын­ша Жам­был ақсақал­дың тап­сырған қам­шы­сын алып тұрып Ел­ба­сы Н.На­зар­ба­ев­тың: «Бiз бұл қам­шы­мен пар­тия мен со­вет үкiметiн қуа­мыз. Бiз әлем та­ни­тын­дай етiп Қазақстан­ның тәуелсiз мем­ле­кетiн құра­мыз!» де­ген сөзi ес­ке түстi. Ши­рек ғасыр өткен соң сол ұлағат­ты сөздiң то­лық iске асқаны­на және оған там­шы­дай бол­са да үлес қосу маған нәсiп болғаны үшiн Жа­ратқан иемiзге шүкiршiлiк еттiм, – дейдi Бақ­ти­яр Са­дықұлы.

Қазiргi таңда Б.Са­дық ин­тен­сивтi мал ша­руа­шы­лығына мал азығының ор­нықты қорын жа­сауға бағыт­талған мақсат­ты ғылы­ми-зерт­те­у­лер бағдар­ла­ма­сы ая­сын­да өнiмдi 1,5 есе көте­ретiн жемшөп дақыл­да­рын өсiрудiң «жа­сыл» тех­но­ло­ги­я­сын та­ра­ту­мен шұғыл­да­ну­да. «Қа­зақ­стан – 2050» стра­те­ги­я­сы та­лап­та­ры­на сай фер­мер­лердiң және жергiлiктi басқару ме­ке­ме­лерi қыз­мет­кер­лерiнiң бiлiм дәре­жесiн арт­ты­руға ар­налған «Қазақстан­да жемшөп дақыл­да­рын өсiрудiң «жа­сыл» тех­но­ло­ги­я­сы» ат­ты әдiсте­мелiк оқу құралын дай­ын­да­ды.

Бар­лығы 120-дан ас­там ғылы­ми еңбек­, әдiсте­ме­ жа­ри­я­лаған. Ре­с­пуб­ли­ка­лық ра­дио, те­ле­ви­зия және де ба­с­пасөз құрал­да­ры арқылы аг­рар­лық са­ла­ның өзектi мәсе­ле­лерi бой­ын­ша 500-ден ас­там ақпа­рат­ та­ратқан. Ау­ыл ша­ру­а­шы­лығы дақыл­да­ры, жа­ну­ар­ла­ры мен ми­к­ро­ор­га­низмдерiнiң тектiк қорын сақтау мен тиiмдi пай­да­ла­нуға бағыт­талған «Тектiк қор бо­луы ке­рек», Ор­та­лық Қазақстан­ның пай­да­ла­ныл­май жатқан бос жер­лерiнде ша­бын­дықтар мен жай­ы­лым­дар жа­са­у­дың тиiмдiлiгiн көрсе­тетiн «Са­ры­арқа қазы­на­сы» және жай­ы­лым­дар­ды ор­нықты пай­да­ла­íу­дың та­бы­с­ты тәжiри­бе­лерiн на­си­хат­тай­тын «Кең да­ла» ат­ты те­ле­фильмдердiң сце­на­рий­лерiн дай­ын­дауға же­текшiлiк еттi.

Ұл-қыз өсiрiп, не­ме­ре-шөбе­ре сүйiп отырған өне­гелi от­ба­сы иесi. Ба­ла­ла­ры­ның бар­лығы жоғары бiлiмдi, Қазақстан эко­но­ми­ка­сы­ның әр­түрлi са­ла­ла­рын­да жұмыс iстейдi.

Көп жыл­дық та­бы­с­ты еңбек­терi бағала­нып, Қазақстан Ре­с­пуб­ли­ка­сы Ау­ыл ша­ру­а­шы­лығы, Бiлiм және ғылым ми­нистрлiктерiнiң, Ұлттық Ака­де­ми­я­лық аг­рар­лық зерт­те­у­лер ор­та­лығынын Құрмет гра­мо­та­ла­ры­мен, БҰҰ Да­му бағдар­ла­ма­сы­ның алғыс сер­ти­фи­кат­та­ры­мен, Са­рыағаш, Қазығұрт ау­дан­да­ры­ның құрметтi аза­ма­ты атағымен (1998, 2000 æ.æ.) және Оңтүстiк Қазақстан об­лы­сы әкiмiнiң «Об­лысқа сiңiрген еңбегi үшiн» ме­далiмен және «Құрмет белгiсi» ор­денiмен (1986 æ.) ма­ра­пат­талған. Жу­ыр­да Елiмiздiң Тәуелсiздiк күнi қар­саңын­да Ел­ба­сы Жар­лығымен елiмiздiң эко­но­ми­ка­сын, ғылым мен бiлiм са­ла­ла­рын да­мы­ту жо­лын­да мем­ле­кеттiк ор­ган­дар­да және ғылы­ми ме­ке­ме­лер­де атқарған үлгiлi қыз­метi мен бел­сендi қоғам­дық жұмы­с­та­ры үшiн «Құрмет» ор­денiмен ма­ра­пат­тал­ды.

Бай­дул­ла ҚОНЫ­С­БЕК, Қазақстан­ның құрметтi жур­на­лисi.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper