"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


Өмiрден кiм өткенiн бiлесiз бе?

Бейсенбі, 04 Қаңтар 2018 11:36
Өмiрден кiм өткенiн бiлесiз бе?

 

АЛАШТЫҢ АҚЫРҒЫ АБЫЗЫ ЕДІ...

 

Кездейсоқ инженер, актер, зоотехник, кәсіпкер, тіпті дәрігер болуға да болатын шығар. Ал, руханият саласына ешкім де кездейсоқ келе алмайды. Келгенмен, ұзақ мерзімге қала алмайды. Өзін таза руханият саласына арнаған жандарды Құдайдың жердегі миссиясын атқарып жүрген жандар десек, қателесе қоймаспыз.

О бастағы мамандығы ауыл ша­­руа­шылығы саласының қызметкері болса да кеше соңғы демі үзілген Әдіһам ШІЛТЕРХАНОВ таза руханияттың адамы еді. Облыстағы түрлі іргелі шаруашылықтарды басқара жүріп те ол руханияттан бір сәт те қол үзбеді. Тіпті, өмірінің екінші жартысын тұтастай осы салаға арнап жіберді десе де болады. Нәтижесі сол, Әдіһам атамыз нағыз абыз бола білді.

Әдіһам Шілтерхановтың нағыз абыз бола білгендігіне көпшілік кеше ғана «Оңтүстік Қазақстан» газетінің батырлар жырын жатқа айтудан мектеп оқушылары арасында тұңғыш рет өткізген «Жақсылар, дастан айтайын...» атты байқауында қапысыз көз жеткізді. Қадірлі қарияның осы байқауда берген батасын естігендер «мына қария ауыл-аймақтың емес, нағыз Алаштың абызы екен ғой» деп жатты.

... Бәрі де есте. Атаның үйіне арнайы сәлем бере кіріп, батырлар жырын жатқа айтудан мектеп оқушылары арасында тұңғыш рет байқау өткізгелі жатқанымызды айттық. Сол сәттегі атамыздың қуанғанын көрсеңіз! Айтқаны «Бәрекелді, қазақ өлмейді екен!» деген сөз болды. Сосын «Қамбар батыр» жырын өмір бойы зерттеген едіңіз, енді сол байқауда балала­рыңызға батаңызды берсеңіз» деген бұйымтайымызды айттық. Ойла­ныңқырап қалды... Қиналың­қырап қалды... «Ол күнге жете алар ма екенмін, жетсем де денсаулығым көтерер ме екен?» деді үзіп-үзіп.

Әдіһам атамыз ол күнге жетті. Және жиналған жұртты жалықтыр-май 45 минут сөйледі, батасын берді. Тағы қандай бата десеңізші, нағыз абыздардың аузынан ғана шығатын бата! Дүйім көпшілік Әдіһам Шілтер­ха­новтың Алаштың ақырғы абызы екендігіне осылайша көз жеткізді.

Атаның тіршілігінде біреудің сыртынан әңгіме айтып отырғанын естімеппіз. Оның да сырын енді біліп жатқандаймыз, өзі абыз адам біреуді күндеуші ме еді?! Не деген әдемі өмір! Не деген әдемі өлім! Мұндай өмір, мұндай өлім тек Абыздарға ғана бұйырса керек-ті.

Қош бол, Абыз ата! Артыңда қалған өз ұлдарыңызды да, рухани ұлдарыңызды да желеп-жебеп жүр­гейсіз!

«Оңтүстікқазақстандықтар».

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper