"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЕЛДI СҮЮГЕ ЕРIННIҢ ЕМЕУРIНI ЖҮРМЕЙДI...

Бейсенбі, 04 Қаңтар 2018 11:35
ЕЛДI СҮЮГЕ ЕРIННIҢ ЕМЕУРIНI ЖҮРМЕЙДI...

 

Сонымен, өлмеген құлға тағы бір жыл басталды. Жаңа жылдан жалғыз қазақ емес, бүкіл адамзат баласы жаңалық күтіп, жақсылық дәметсе керек. Құдайдан басқа амандық, жанға саулық сұраймыз. Елімізге бақ-береке, ырыс-несібе дарыта гөр деп тілейміз. Сұраған пендесіне Құдай береді деп сенеміз. Иә, сұрасаң Құдай өзіңе де, еліңе де береді... Тек баққа лайық бола білу керек!

Ал, баққа лайық болу үшін не істеу керек?

 

Біздіңше, сол Құдайға жаға білуің керек шығар. Құдайға жағу үшін сол Құдайдың өзін, сол Құдайдан бір жас кіші халықты, яғни еліңді шексіз сүйе білуің керек. Құ­дайды қалай сүю керектігін дін саласында жүрген ағайындар түсіндіре жатар, ал, елді сүю үшін Сізге ешқандай медресенің де, университеттің де арнайы білімінің қажеті жоқ. Елді сүю үшін оттай ыстық жүрек қана керек! Бұл жерге еріннің емеуріні жүрмейді. «Елімді сүйем» деп екінің бірі ернін жыбыр еткізуі мүмкін, бірақ шындап келгенде Отанды ердің ері ғана сүйе алады! Екінің бірінің бүкіл жұртын асы­райтын қара қасқа атты Қамбар бола алмайты­ны содан! Ал, еліміз ең биік шыңдардан көрін­сін десек, бүгінгі қазақ ұланының қай-қайсы­сына да Қамбар болуды армандамай бол­майды.

Өткен жылды «Оңтүстік Қазақстан» га­зеті редакциясының ұжымы жаман қоры­тындыла­ған жоқ. Бітіргенімізден бітірмеге­німіз көп шығар, алайда, ең бастысы, елмен, яғни, өзде­рі­ңізбен бар кезімізде де, жоқ кезімізде де бірге бола білдік. Жеңіске жетсек, өздеріңізбен бірге жеттік. Өткен жы­лы бітірген ең үлкен шаруамыз деп ба­тыр­лар жырын, оның ішінде «Қамбар батыр» жырын жатқа айтудан Қазақ­стан­да тұңғыш рет мектеп оқу­шылары арасын­да байқау өткізгеніміз дер едік. Елбасының «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» бағ­дарламалық ма­қаласын қолдау аясында өт­кі­зілген байқауға облыс­тағы мектептердің басым көпшілігі тартыл­ды. Бесінші мен он бірінші сыныптың ара­лы­ғындағы оқушылар «Қамбар батыр» жырын бастан аяқ жаттау арқылы елін, жерін сүйді, ерлерімен мақ­танды, өздері де елге, жерге Қамбар батыр­дай қызмет қылуды армандады! Ендеше, жеңістің үлкені осы емес пе?!

Өкінішке қарай, ағайынға алты ай бұрын сауын айтсақ та байқау біткен соң «біздің мектеп естімей қалыпты, бізге неге хабар­лама­ғансыздар?» деп өкпесін ала ұмтылған ағайын­дар да болмай қалған жоқ. Осылайша арамызда өздерінің газет оқы­майтындығын біреуден көретін мұғалім­дердің де бар екендігін білдік. Ал, газет оқымай қалай мұғалім болмақсың?! Газет­тер, оның ішінде мемлекеттік газеттер ең бірінші кезекте Сіз өмір сүріп жатқан мем­ле­­кет­тің, сол мемле­кеттің басшысының саясатын жүргізеді. Бүкіл әлемдегі газеттер ақпарат құра­лы болып есептеледі. Ал, қазақ газетте­рінің ақпарат құралы болудан бөлек о бастан «ұлт тәрбиешісі» деген рухани миссиясы тағы бар. Біздің мұғалімдер, инженерлер, дәрігер­лер, кәсіпкерлер, ға­лымдар, заң саласының қызметкерлері, бір сөзбен айтқанда, бүгінгі зиялылар осыны жақсылап түсінуі керек. Өз мемлеке­тіңнің идеологиясы тоқтаған жер­­де жаттың идео­логиясы баса-көктеп кіре­ді. Осыны ең бірінші кезекте саясаткер­лер, өзін қоғам бел­сен­дісі санайтын жандар, заңгерлер қаперіне ұстаса, қанеки!

Жаңа жылдан үміт мол. Үміттің мол бо­­ла­тыны еліміздің бүкіл планетадағы бе­делі күн санап, нығайып келеді. Қазақстан биыл­дан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіп­сіздік Кеңесіне төрағалық етеді. Сізге сексенінші жылдары біреу «Қазақстан енді отыз жылдан кейін Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етеді» десе, Сіз оның есінің дұрыстығына күмәнмен қараған болар едіңіз. Бүгінде бұл нақты өмір шындығына айналып отыр. Облысымыздың өзінде соңғы жылдар көлемінде қаншама игілікті жұ­­мыстар атқарылды! Елдің пейілі түзелгенде бәрі түзеледі. Осы сөздің жарқын мысалы – 2018 жылдың алғашқы жартыжыл­дығына «Оңтүстік Қазақстан» газетіне 47953 оқырман жазылды. Бұл – соңғы жиырма бес жылдағы ең үлкен таралым!

Демек, оқырман бізге сенеді! Сіздердің сенімдеріңізден шығу – біз үшін ең қасиетті парыз һәм міндет! Оқырманның, көпшіліктің сенімін ақтау үшін білім мен білікпен қоса, бойыңнан елге деген оттай ыстық махаббат табылу керектігін бек түсінеміз. Ал, бұл еріннің емеуріні емес!

Абай БАЛАЖАН,
«Оңтүстік Қазақстан» газетінің директор-бас редакторы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper