"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ШЫМКЕНТТІҢ БРЕНДІ

Сенбі, 16 Желтоқсан 2017 14:39
ШЫМКЕНТТІҢ БРЕНДІ

 

Серікқали ЖЕКСЕНБАЕВ, «Оңтүстік Қазақстан».

Расында да солай. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументальдық саябақтың республикада алғаш Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында салынғаны шымкенттіктер үшін зор мақтаныш! Әрине, саябақ десек, ең алдымен демалыс орнының еріксіз еске түсетіні бар. Былайша айтқанда, оның насихаты – тынығу, серуендеу, таза ауада қыдырыстау. Ал, «Тәуелсіздік» саябағының ерекшелігі сол – мықты идеясында, патриотизмді насихаттайтындығында.

 

«Тозған ел тарихын жаспен жазады, толған ел тарихын таспен жазады» дейді дана халқымыз. Жалпы аумағы 8,2 гектар аумақты алып жатқан саябақтың Ұлы Жібек жолындағы ірі сауда орталығының орнына, яғни ежелгі қалашықтың орнында бой көтеруінің өзіндік мәні бар. Биіктігі 15 метрлік триумфты қақпаны аттаған тұста 1991 жылдан еліміздің 20 жыл ішінде орын алған тарихи маңызы бар оқиғалар мәрмәр тастарға ойылып жазылған. Тәуелсіздік аллеясын аралап келе жатып, оған толық көз жеткізе аласыз. Республикамызда тұратын 137 ұлтты бейнелеу мақсатымен 137 уық тігілген шаңырақ – Қазақстан халқы бірлігі монументі адамның бойында елжандылық сезімін ұялатады. Ал, Ордабасы алаңындағы Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би көшелері тоғысқан жерде егемендіктің белгісіндей 34 метрлік тәуелсіздік тұғырынан бастау алатын «Алтын көпір» арқылы мемлекеттік рәміздер мен Ту төбе орналасқан орынды айтсаңызшы?! Қаланың кез келген нүктесінен көрінетін жердің биігімен қосқанда 75 метрлік көк байрағымыз желбіреп тұрғанда кеудеңізді керемет патриоттық сезім кернейді. Мұның тәрбиелік маңызы зор. Сондықтан саябақ алаңындағы нысандар кешенінің барлығы дерлік қасиетті орындар саналады. Бұл түптеп келгенде – идеология.

– Бұл саябақ құрылысының қалай жүргізілгені, жұмыс барысында жобалардың қандай өзгеріске ұшырағаны күні бүгінгідей көз алдымда, – дейді белгілі сәулетші, «Құрмет» орденінің иегері Бақытжан Әшірбаев. – Палатка тігіп, күні-түні нысан біткенше басы-қасында жаттық. «Елбасы таңертең келеді» деген күні әзірлік жұмыстарын әрең аяқтаған едік. 2011 жылдың 13 қазанындағы оның ашылу салтанатына қатысқан Президент таңданысын жасыра алмады. Сол кездегі облыс әкімі Асқар Мырзахметовтен бұл идеяның қалай туғаны, қандай мердігерлердің салғаны туралы сұрай бастады.

– Әлем тарихына қысқаша көз жіберсек, император Наполеон Бонапарт әскери жорықта әрбір жеңіске жеткен сайын Париж қаласында осындай триумфты нысандар салдырады екен. Егемендікке қол жеткізген 20 жыл ішінде Сіз де құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, еліңізді талай жетістіктерге жеткіздіңіз! Бұл – соның тартуы! – деді сол кездегі облыс әкімі.

Бүгінде «Тәуелсіздік» саябағы Шымкенттің брендіне айналған.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper