"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


БIР СЕН ҮШIН БАСЫН ТIКТI БАБАМ МЫҢ!

Сенбі, 16 Желтоқсан 2017 14:25
БIР СЕН ҮШIН БАСЫН ТIКТI БАБАМ МЫҢ!

 

Тәуелсiздiк – қастерлi ұғым. Оны ұлы бабаларымыздың арманы мен аманаты деп бiлемiз. Тәуелсiздiк таңы атып, шапағымен рухымызды оятқан бесiкте тербелгенiмiзге 26 жыл өтiптi. Бұл тарих үшiн қас-қағым ғана сәт. Осы жылдар iшiнде егемен елiмiз шекарасын шегендеп, бүгiнгi күн талабына жауап беретiн Армия құрып, көк байрағын БҰҰ-ның төбесiнде желбiретiп, еңсесi биiк ел атанып үлгердi.

 

Тәуелсiздiк бiреулер айтып жүргендей бiзге оңай келген жоқ. Арысы, төрт тараптан анталаған жауға Абылай хан болып айбат шексек, берiсi «86»-дағы «Желтоқсанның» мұзға жаққан алауында Қайрат, Ләззәт, Сәбира болып ышқындық. Тәуелсiздiк ұғымы алаңға шыққан әрбiр жастың жүрегiнде мәңгi өшпес шоққа айналды. Желтоқсан оқиғасы әрбiр азаматтың рухын көтердi, сананы оятушы оқиға ретiнде тарихтан өз орнын алды. Тарихқа бағамдай көз тастасақ, өз тәуелсiздiгi үшiн халқымыз ұзын ырғасы 200-ден астам рет қан төгiп, көтерiлiске шыққан екен. Солардың өтеуiндей тағдыр бiзге тәуелсiздiктi сыйлады.

Кеңес Одағы ыдыраған соң да бiрден қой үстiне бозторғай жұмыртқалай салған жоқ. Көп ұлтты, көп конфессиялы жаңа мемлекеттi құру, қоғамның барлық топтарын тепе-тең ұстап тұру асқан шеберлiктi талап еттi. «Алдың жар, артың мұз» демекшi, бұл жерде өз күшiңе, бiлiмiңе, заманауи кең интеллектiңе сүйенуiң керек едi. Осы тұста Елбасының ойшылдығы, көрегендiгi, салмақты саяси көзқарасы қалың жұртты тығырықтан алып шықты. Бүгiнде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси аренадағы беделiн бүкiл әлем мойындайды.

Ұлт Көшбасшысы бастап, өзгелерiмiз қоштап тәуелсiздiк туын желбiретiп келемiз. Елiмiздiң iшкi-сыртқы саясаты тұрақты, экономикамыз қарыштап өркендеуде. Көк тудың астында бәсекеге қабiлеттi дамыған 30 елдiң қатарына қосылуға ұмтылудамыз.

Астанамыз заманауи заңғар келбетiмен әлем жұртшылығының назарына iлiктi. Ең алпауыт елдердiң өзi өткiзуге қаймығатын ЭКСПО сынды әлемдiк көрменiң күллi Орта Азия мен ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып Қазақстанда өтуi елiмiздiң экономикалық әлеуетi мен халықаралық беделiн көрсетсе керек.

Әлемде 200-ге тарта тәуелсiз мемлекет бар екен. Олардың көпшiлiгiнiң тiлi, дiнi, дiлi, салт-дәстүрi, ғұрпы мен мәдениетi, iшкi-сыртқы экономикасы мық шегедей мықты қалыптасқан. Мiне, бiз небәрi 26 жыл iшiнде солардың ортасынан ойып тұрып орын алып отырмыз. Елбасы дамудың түрлi жолдарын қарастырып, көптеген реформалар жасады.

Халқымызда «кие» деген ұғым бар. Оның астарында үлкен қасиет жатыр. Мiне, сондықтан да өз тәуелсiздiгiн еркiндiгiн аңсап өткен бабалар үшiн, бiз үшiн, келер ұрпақ үшiн де киелi тәуелсiздiктiң құнына жетер ешнәрсе жоқ.

Мақаламды ақын өлеңiмен аяқтағым келедi.

Тәуелсiздiк, биiгiн-ай бағаңның,

Аманаттың ақ жолында адалмын.

Бiр сен үшiн жасын сықты – Анам мың

Бiр сен үшiн басын тiктi – Бабам мың!

Бiр сен үшiн отқа түстi жан-шыбын,

Бақытынан бездi бабам бал-шырын...

Ұйықтамады,

Көз шырымын алды олар

Маңдайына сабын тiреп қамшының.

Қалыйма ЖАНТӨРЕЕВА, «Нұр Отан» партиясы Оңтүстiк Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper