"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ШЫМКЕНТ – БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

Сенбі, 16 Желтоқсан 2017 14:17
ШЫМКЕНТ – БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

 

Әнуар ЖҰМАШБАЕВ, «Оңтүстiк Қазақстан».

Тәуелсiздiк Қазақстанға саяси-экономикалық, мәдени-рухани азаттық алып келдi. Саясаттағы дербестiгiмiз–қазақ халқы елiн, жерiн қорғау, басқару мәселесiнде билiктi өз қолына алды. Қазiр елдiң iшкi, сыртқы саясатын бұрынғыдай басқалар жүргiзе алмайды. Халықаралық ұйымдарда Қазақстан оған мүше мемлекеттермен тең дәрежеде кеңес құратын жағдайға жеттi. Көк байрағымыз АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ-ның штаб-пәтерi алдындағы 200-ге тарта тәуелсiз республикалар туларымен бiрге желбiреп тұр.

 

Тiптi, дүниежүзiлiк дiндер съезi, халықаралық ЭКСПО көрмесi, ЕҚЫҰ саммитi, Сирияны бiтiстiруге арналған Астана келiссөздерi секiлдi маңызды басқосулар арқылы елiмiз әлемнiң саяси сахнасында ерекше құрмет пен беделге ие болып отыр. Тәуелсiздiк жылдары iшiнде Елбасы ұстанған салиқалы саясаттың арқасында Қазақстан дүние жүзiне танылып қана қоймады, сонымен бiрге, әлемдiк саяси ойыншылар кейбiр даулы мәселелерге арағайындық жасауға елiмiзге қолқа салатын болды.

Экономикалық азаттығымыздың белгiсi–Қазақстан өзi тапқан табысына өзi ие. Шикiзаттан түскен пайда мемлекеттiң бюджетiн толтыруға жұмсалып жатыр. Ондағы қаржы, өз кезегiнде, елдегi әлеуметтiк мәселелердi шешуге, басқа да мемлекеттiк мұқтаждықтарды өтеуге бағытталуда. Мәселен, егемендiктiң ширек ғасырында экономикалық дербестiктiң нәтижесiнде әскери қорғанысымыз күшейдi, Арқа төсiнен жаңа астана бой көтердi, елде жаппай индустрияландыру саясаты жүргiзiлiп, бұрын-соңды жасалмаған инновациялық жаңа өнiмдер шығарылды, шетелден көптеген инвестиция тартылып, соның арқасында экономиканың барлық салалары жандана түстi. Әсiресе, туризм индустриясы қарқынды өркендеу үстiнде. Өйткенi, Қазақстанда туристер қызығатын тарихи- мәдени ескерткiштер, демалыс орындары, табиғи парктер мен қорықтар өте көп. Бiр ғана Оңтүстiк Қазақстан облысының өзiнде қаншама туристiк бағыттар бар. Егер өз байлығымыз өзiмiзге бұйырмаса, осындай экономикалық жетiстiктерге қол жеткiзе алар ма едiк?!

Тәуелсiздiк кезеңiнде халықтың саны өстi, сонымен қатар, тұрғын үйлер де түрлi экономикалық дағдарыстарға қарамастан бiрiнен кейiн бiрi салынып жатыр. Осы орайда мемлекет халықты арзан баспанамен қамтамасыз ету мақсатында арендалық үйлер тұрғызып, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiн» құрып, бұдан да бөлек түрлi бастамаларды қолға алуда. Құрылыс индустриясының iлгерiлеуiне кәсiпкерлiктi дамытуға бағытталған мемлекеттiк маңызды iс-шаралар жоспары мен тұрғын үй жүйесiнiң реттелуiн көздейтiн «Нұрлы жер» бағдарламасы үлкен көмегiн тигiзiп жатыр. Осылардың аясында соңғы жылдары Шымкент шаһары нағыз құрылыс алаңына айналды десек болады. Жаңа әкiмшiлiк-iскерлiк орталығы мен оның айналасындағы көпқабатты үйлер, Наурыз алаңы, Түркiстан сарайы, Отырар кiтапханасы, Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық театр, цирк, Жайлаукөл саябағы, қысқасы, қала көркiн аша түскен осындай толып жатқан сәулеттiк нысандар облыс орталығының сәнiне айналды. Елбасының тапсырмасы бойынша Шымкент республикадағы Астана мен Алматыдан кейiнгi үшiншi мегаполиске айналуы тиiс. Осыған байланысты шаһарымызды соған лайықты ету жолында тындырымды тiрлiктер атқарылуда. Соның бiр дәлелi, қаламызда жаңадан «Шымсити» шағынауданы тұрғызылып жатыр. Ол келешекте өзiнiң ерекше сәулетiмен Шымкенттiң ең сұлу да көрiктi жерлерiнiң бiрi болмақ. Сонымен бiрге, болашақта Шымкент агломерация аясында да дамиды. Яғни қаладан 100 шақырым қашықтықтағы елдi мекендердiң барлығында да Шымкенттегiдей жағдай жасалады. Оларға коммуналдық жүйелер толық тартылып, халық қаладағы секiлдi жайлы баспанамен қамтамасыз етiледi. Ал, агломерация шеңберiнде Шымкентте көптеген айналма жолдар салынады, жаңа әуежай, темiржол вокзалы бой көтередi. Электр энергиясы сапасын көтеру мақсатында қосымша стансалар тұрғызылады. Сондықтан тәуелсiздiктiң бас кезiндегi Шымкенттi қазiргiсiмен салыстыра алмайсыз. Келешекте облыстың бас шаһары бұдан да керемет болғалы тұр.

Әсiресе, жыл сайын облыс орталығында тұрғындарға арналған көпқабатты баспаналардың, әлеуметтiк нысандардың саны артып келедi. Дәлел керек болса айтайық, облыстық құрылыс басқармасының берген мәлiметi бойынша биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлiнген қаражатқа 32 мектеп, ал, облыстық, республикалық бюджет қаржысына 43 бiлiм ошағы, 3 колледж және 1 мектеп-интернат салынып жатыр. Бүгiнге дейiн бұлардың 9-ы ел игiлiгiне берiлсе, 12-сi жыл аяғына дейiн оқушыларға есiгiн айқара ашпақ. Сондай-ақ, жаңа жылға дейiн 34 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берiледi. Сонымен бiрге, өңiрiмiзде биыл 995,7 мың шаршы метрден тұратын 14 694 пәтерден құралған 279 тұрғын үйдiң құрылысы жүргiзiлуде. Жыл аяғына 109 үйдiң құрылысын аяқтап, тұрғындарға тапсыру жоспарланып отыр. Олардың 47-сi арендалық, 11-i кредиттiк, 37-сi ұлттық компаниялардың, төртеуi «Шымкент» ӘКК» АҚ-ның, 10-ы жеке салушылардың үйлерi.

Ал, жалпы 1991–2016 жылдар аралығында облыста әлеуметтiк нысандардан 2 колледж, 446 мектеп, 78 балабақша, 18 аурухана, 9 емхана, 81 фельдшерлiк-акушерлiк пункт, 103 дәрiгерлiк амбулатория салынып, пайдалануға берiлiптi. Баспана жайына келсек, осы жылдар аралығында түрлi қаржыландыру көздерi арқылы 72 606 көпқабатты тұрғын үй соғылған. Оның жалпы ауданы 8 943,4 мың шаршы метрге тең немесе 104 280 пәтердi құрайды.

Бұл көрсеткiштерге биылғы көрсеткiштердi қоссақ, тәуелсiздiк жылдары iшiнде халық игiлiгiне қаншама тұрғын үйлер мен әлеуметтiк нысандардың тапсырылғанын көремiз. Әлгiнде ғана айтқанымыздай, осыншама жетiстiктiң барлығы да тек егемендiктiң арқасы, соның жемiсi. Ендеше, ата-бабамыз аңсап өткен қасиеттi де қастерлi азаттығымызды қызғыштай қорып, iзiмiздi жалғаған кейiнгi ұрпаққа аманаттап тапсыру сiз бен бiздiң қастерлi борышымыз.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper