"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 330.22 -0.07   EUR: 388.07 +0.80   RUB: 5.6 +0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

ҚАЗАҚТЫ ЖАҚСЫ КӨРУ

Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 10:24
ҚАЗАҚТЫ ЖАҚСЫ КӨРУ

Абай БАЛАЖАН, «Оңтүстiк Қазақстан».

Керiм десе ең бiрiншi менiң есiме оның кiндiк қаны тамған туған жерi түседi. «Оның туған жерiнде болған ба едiң?» дегелi отырғандарыңызды да бiлемiн. Болғанмын. Болғанда да бiр ай жата-жастана жатқанмын. Ол кезде өмiрде Керiмбек Ниязбай дейтiн қазақтың барынан бейхабармыз. 1980 жыл. Екiншi курсты тәмамдап, үшiншi курсқа келген бiздi ауыл шаруашылығы жұмысына Қостанай облысының Жiтiқара (бiреулер Жетiқара деп жазады) ауданына әкелiп тастаған. Жiтiқараның Керiмбек Ниязбайдың туған жерi екендiгiн ендi бiлiп жатырмыз ғой. Керiммен (Керiмбектi танитындардың бәрi Керiм деп атайды. Ред.) алғаш танысқан екi мыңыншы жылдардың басында оны осы Оңтүстiктiң қазағы деп ойлағанмын.

Қазақтың жерi қаншалықты ұлан-байтақ болса, адамдары да мiнезге соншалықты бай болып келедi. Зәуiде батыс өңiрге бара қалсаңыз, сызылып отырудың қажетi жоқ. Әрине, инабаттылықты жек көрмейдi, бiрақ, ол жерде айтар әңгiмеңдi тұспалдамай, ашық айт! Сенiң ашып айтқан әңгiмеңнен Ақтау мен Атырауда ешкiмнiң өтi жарылып кетпейдi! Қайта сенi iш тартады. Ал, солтүстiктегi ағайын қызба мiнезге сараңдау. Салқын көрiнедi. Бәлкiм, бұл табиғатпен бiте қайнасып кеткен қазақы мiнез шығар. Ал, солтүстiктiң қазағы Керiмде салқын мiнез жоқ. Адам жатырқамайды. Ежелгi танысыңдай iшi-бауырыңа кiрiп жүре бередi. Жұрт Керiмнiң үлкенмен де, кiшiмен де тез араласып кететiн осы мiнезiне сүйсiнедi, тiптi таң қалады. Ал, мен таң қалмаймын. Себебi, ауылында болғанмын, жерлестерiн көргенмiн, әңгiмелескенмiн.

Сонымен, сексенiншi жылдың қыркүйегiнде Жiтiқараға ҚазМУ-дiң үшiншi курс студенттерi ауыл шаруашылығы жұмыстарына келдiк. Күн салқын едi. Бiздiң курсты түгел картоп жинауға салды. Жастайымыздан мақта, жүгерi терiп шынығып өскен бiз үшiн картоп терудiң түк қиындығы жоқ едi. Өзiмiздiң тiлмен айтқанда «шопақ жұмыс»! Екi шелекке картопты толтырасың-дағы, жүк мәшинесiнiң қорабына лақтырып жiбересiң. Босаған шелегiңдi жүк мәшинесiнiң үстiнде тұрған екi жiгiттiң бiрi өзiңе қайта лақтырады. Бос шелектi лақтыру – жұмыстың төресi! Шымкенттiк емеспiн бе, сол жұмысты өзiм иелендiм. Жүк мәшинесiнiң жүргiзушiсi жасы сол кезде елудiң о жақ, бұ жағындағы кiсi едi. Есiмi – Хәкiм. Бiздi, яғни қазақ балаларын сұмдық жақсы көредi. Жасы егде тартқанына қарамастан бiздiң қасымыздан шықпайды. Түрi, рең-басы, о, Тоба, осы бүгiнгi Керiмнен аумайды! Адамға жылуар болғандығы соншалық, аузындағы асын жырып саған бередi. Сол бiр айда қанша әңгiмелер айтылды, қанша сырлар шертiлдi, ол ендi бiр Құдайға аян. Елуiншi жылдары Қазақстанның солтүстiк облыстарына тың игеруге келгендердiң басым көпшiлiгiнiң ерiктi комсомол жастар емес, алып Кеңестер Одағының түкпiр-түкпiрiндегi түрмелерде отырған баскесерлер мен қанiшерлер екендiгiн бiрiншi осы Хәкiм ағадан естiгенбiз. Сенбеймiз. Хәкiм аға жәй жымияды (жымиысы тура осы Керiмнiң жымиғаны секiлдi едi). «Онда мынаған қара, мен саған бәрiн аты-жөнiмен айтып берейiн, анау Пәленшеевтердiң (өңкей орысша, украинша фамилиялар ғой) әкелерi 20 жыл отырып келген. Осында келгеннен кейiн де өздерiмен бiрге келген өзi сияқты бiр тұтқынның әйелiнiң басын кесiп алып, «расстрел» алып кеткен. Баласы қазiр бригадир болып, озат атанып жүр ғой. Депутат... Оның шыққан түбi сол... Ал, ендi мынау селсебет Пәленшеенко дегенiңiз бар ма, осының әкесi ұрлығын Қазақстанға келгеннен кейiн де қоймады. Осы ауылдың сиырынан сиыр қоймады, кәззап! Қай бiр жылы арақ iшiп жүрiп далада өлiп қалды. Бұлар ешқандай да комсомол емес! Бұлардың кiм екенiн менен сұра!» деп тоқтаушы едi, жарықтық.

«ГАЗ-53» жүк машинасының жүргiзушiсi Хәкiм аға саясатқа сұмдық жүйрiктiгiмен де таң қалдырушы едi. Кабинасында «Правда», «Известияның» жаңа нөмiрлерi жататын. Және соны бiз картоп терiп жүргенде оқып үлгеретiн. Саясатқа жүйрiктiгiн айтайын, сол сексенiншi жылдың күзiнде Польшада саяси дағдарыс орын алғаны есте. Поляктар өзiнiң бiрiншi хатшысы Эдвард Герекке сенiмсiздiк танытты. Ол кезде социалистiк елдерде мұндай оқиғалардың орын алуы дегенiңiз... Жасыратыны жоқ, бiз (кiшiлерi он жетi-он сегiз, үлкендерi жиырма бiр-жиырма екiлердегi балаң жiгiттер) поляк халқына басшыларына қарсы шыққандықтары үшiн «Батыстың алдында жүзiмiздi төмен қылды» деп ренжимiз. Ал, Хәкiм аға тағы үндемейдi. Әлден уақыттан кейiн барып «осылай болмаса болмайды ғой» деп жұмбақ жымияды...

Сол Хәкiм аға мерзiмiмiз бiтiп, қайтарда бiзбен қоштасуға арнайы келдi. Даусы тарғылданып шығып едi, сол жолы. «Жылда осы! Күзде ауыл шаруашылығы жұмыстарына студенттер келгенде ауыл қазаққа толып, бiр рахаттанып қаламыз. Бiр айдан кейiн сендер кетiп қаласыңдар, ал, бiз келер күзге дейiн жетiмсiреп жүремiз...» Иә, тура осылай деген.

Керiммен танысқан екi мыңыншы жылы мен бiрiншi сол Хәкiм ағаны сұрадым. «Пригородный» совхозы едi» дедiм. «Ә, онда бiлмейдi екенмiн, бiздiң ауыл ол жерден сәл қиыстау» дедi Керiм.

Бiрақ, содан берi Керiмдi көрсем, сол баяғы жадымның бiр түкпiрiнде ұйықтап жатқан Хәкiм ағаның елесi оянады. Аумайды-ау, аумайды. Рең-бастары ғана емес, жымиыстарына дейiн. Жымиысын да қоя берiңiзшi, адам жатырқамайтындықтарына дейiн егiз тамшы секiлдi. Әсiресе, қазақты жақсы көретiндiктерi бар емес пе, дәл осы жерде Керiм бiз көрген Хәкiм ағаға айналып кетедi. Айқайламайды, жымиып отырып-ақ қазақтың жоғын түгендеп бередi.

Сол ендi танысып, етене бола бастаған жылдары жұмысқа Керiм iздеп келдi. «Бiраз жобаларым бар, Әбеке! Мынау сканворд дегенiңiздiң шыққан жерi – Скандинавия елдерi. Сонда iлiм-бiлiм жалғыз сол елдерде ме екен?! Неге, бiздiң қазақ бiреудiң сканворд, кроссвордтарын шешу керек, неге өзiмiз жасамаймыз? «Қазворд», «Ойжұмбақ», балаларға арналған «Балжұмбақ» деген газеттер шығарғым бар» деп едi, сол жолы. Екi айдан кейiн аталған газеттер дүңгiршектерге түсе бастады. Мойындайық, Керiмнiң ол жобасы кезiнде өте сәттi жоба болды. Бiздiң балаларымыз сканворд шешкендi қойып, өздерi сканворд құрастыра бастады.

Ауылда жүрiп анимацияға келген алғашқы қазақ та Керiм. Ол анимацияға келгенге дейiн де талай шаруаның басын қайырды. Шымкентте алғашқылардың бiрi болып баннерлер жасауды қолға алды. Қазақтың ұлы композиторы Шәмшi Қалдаяқов туралы түсiрiлген алғашқы фильмдерде де Керiмнiң қолтаңбасы сайрап жатыр. Қандай жұмысты қолға алмасын, мәселеге қазақты жақсы көру тұрғысынан келедi. Сонысы ұнайды. Керiм Керiм болғалы ол бастаған жұмыстардың аяқсыз қалғаны жоқ. Мүмкiн, «осы жұмыстарды Керiм Ниязбай бастап едi» деп айтуға пендешiлiкпен сараңдық танытатын шығармыз, бiрақ, соның бастағаны көкiрек шiркiнде бәрiбiр сайрап тұрады. Бүгiнде Оңтүстiк өлкесi қазақстандық анимацияның отанына айналса, оған басынан қазақы тақиясы түспейтiн осы Керiмбек Ниязбайдың қосқан үлесi мол. Керiмбек Ниязбай қолға алғанша Оңтүстiк жұрты анимациялық фильмдердiң фестивалi дегендi көрген емес. Жұрт екi адамның басын қосып үйiне шақырып шәй бере алмай жүргенде Керiм анимация саласының майын iшкен майталмандарды топырлатып Шымкентке әкелiп жатты. Керiмнiң сол бiр қайсар мiнезiнен Оңтүстiк жұрты, оңтүстiк деймiз-ау, бүкiл елiмiз ұтылған жоқ. Бiздiң балаларымыз, немерелерiмiз бүгiнде отандық мультфильмдер көре бастады. Былай қарасаңыз мемлекет айналысатын шаруа ғой. «Ол кез келген мәселеге қазақты жақсы көру тұрғысынан келедi» дегенiмiздiң бiр сыры осында жатыр.

Керiмнiң Керiм болғалы «мен» дегенiн естiмеппiн. Қандай шаруаны бiтiрсе де «бiз бесеумiз...» немесе «Пәленше екеумiздiң жұмысымыз едi» деп сөйлейдi. Тамаша идеялардың генераторы Керiмнiң өзi осылай сөйлеп тұрғанда болмашы бiр нәрсенi бiтiрiп болған соң көкiректi сабалап шыға келетiн мiнезiмiзден ыңғайсызданып-ақ қаламыз.

Қайбiр жылы Керiмнiң бүгiн толып отырған елуiне бiз де толғанбыз. Бала-шаға, аға-әпке «Пәленше деген атың бар, елу жылдығыңды қалайда жасауың керек» деп ой қосқан. Басында терiс көрмегенбiз. Бiрақ артынша «елу жылдық жасайтындай не қиратып тастап едiң?» деген ой келе қалмасы бар ма?! Ойланып қарасам, расында да қиратқан түгiмiз жоқ екен. Не деп жасамақпын? Жиналған жұртқа «бiтiргенiм мынау едi» деп не көрсетемiн? Той жасаймын деген райымнан тез қайттым. Дәл сол кезде есiме осы Керiм түскен. Оның қазақ үшiн атқарған қыруар шаруаларын ойша санамалағанмын. Сосын «елу жылдығын, алпыс жылдығын, жетпiс, сексен, тоқсан, жүз жылдығын атап өтсе, осы Керiм атап өтсiн, соңына ұялмай қарай алатын азамат қой» деп iштей риза болып едiм. Сол Керiмiңiз де бүгiн елуге келiп отыр.

Керiм елуге толған күнi есiме ту-у-у Қостанайдың Жiтiқарасындағы Хәкiм аға түспесi бар ма?! Бар ма екен, жарықтық? Тiрi ме екен? Құдай өмiр берсе сексеннiң үстiнде болады. Бәлкiм тоқсан... Тiрi болу керек.

Хәкiм ағаның тiрi екенiне Керiмдi көрген сайын, оның қазақты сұмдық жақсы көретiнiне куә болған сайын сенiмiм беки түседi. Сондықтан аман жүр, Керiм бауыр!

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper