"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


АЛЛАҒА ҰНАМДЫ ӘРБIР IС – САДАҚА

Жұма, 01 Қыркүйек 2017 15:27
АЛЛАҒА ҰНАМДЫ ӘРБIР IС – САДАҚА

 

Аса қамқор, ерекше мейiрiмдi Алланың атымен бастаймын!

Құрметтi мұсылман бауырлар! Қадiрлi жерлестер!

 

Баршаңызды күллi мұсылман қауымы асыға күткен қасиеттi, ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, жұмыстарыңызға береке тiлеймiн.

Бәрiмiздi айтқа аман-есен жеткiзген Алла тағалаға сансыз шүкiрлер мен мақтаулар болсын!

Құрбан айт – бiрлiк пен игiлiк, мейiрiм мен кешiрiм мерекесi. Бұл күнi мұсылмандар қайырлы, iзгi амалдар арқылы Жаратушыға жақындайды. Алланың разылығы үшiн құрбан шалып, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетедi. Ұлық мереке ағайын арасын жақындатып, көршiлердi, ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйытып, татулыққа шақырады. Қажылыққа аттанған мұсылман бауырларымыз, отандастарымыз жүздерiн қасиеттi Қағбаға қаратып, Арафат тауында елiмiздiң игiлiгi мен халқымыздың бiрлiгiн, екi дүниенiң бақытын тiлеп, Жаратқанға жалбарына дұға жасауда.

Құрбан айт татулықты басты тiрегi еткен тәуелсiз елiмiздiң халықтық мерекесiне айналды. Аллаға шүкiр, Елбасы Н.Назарбаевтың тiкелей Жарлығымен Құрбан айт елiмiзде ресми тойланатын мейрамдардың қатарына енгiзiлiп, айттың бiрiншi күнi демалыс болып белгiлендi.

Құрбан айт – отбасылық мереке. Отбасын шаттыққа бөлеп, ағайын-туыс, көршiлердi аралап, жағдайын сұрау – сауапты iс. Оларға сыйлық берiп, көңiлiн көтеру – пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемi болсын) сүннетiнен. Сүннеттi орындаған адамға сауап жазылады.

Айт намазынан кейiн құрбан шалып, дастарқан басында мәре-сәре күй кешу – ата-бабамыздан ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ежелден келе жатқан игi дәстүр. Бiрлiктi ту еткен бейбiт заманда осынау дiнiмiзбен бiте қайнасқан дәстүрiмiздi жаңғыртудың сәтi туды.

Мүбәрак мейрамның құрметiне орай, барша отандастарымды, кәсiпкер бауырларымды, дiн жанашырларын Құрбан айтта мүгедектер мен зағиптар, жетiмдер мен жесiрлер, әсiресе, қараусыз қалған ата-аналар үшiн арнайы қайырымдылық iс-шаралар өткiзiп, айттың қуанышын сездiрiп, оларға мүмкiндiгiнше көңiл бөлуге шақырамын.

Исламда Аллаға ұнамды әрбiр iс – садақа. Жетiмнiң басын сипасақ та – садақа. Жолаушыға кедергi келтiрер кез келген затты жолдан алып тастау да – сауап.

Ұлттар мен ұлыстарды мейiрiмдiлiкке, игiлiкке, бiрлiкке үндейтiн ұлық мереке – Құрбан айт мүбәрак болғай, ағайын! Жаратушы Иемiзден отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, кәсiптерiңiзге адалдық пен береке тiлеймiн.

Еңселi елдiң болашағы баянды, Тәуелсiздiгiмiз мәңгi болғай! Әмин!

Ахметжан қажы КЕРIМБЕК, ҚМДБ ОҚО бойынша өкiл имамы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper