"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


ЕЛОРДА ӘН МЕН КҮЙДIҢ ҚҰШАҒЫНДА

Дүйсенбі, 28 Тамыз 2017 21:56
ЕЛОРДА ӘН МЕН КҮЙДIҢ ҚҰШАҒЫНДА

 

Бүгiн Астана ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесi аясында Оңтүстiк Қазақстан облысының мәдени күндерi басталады. Айтулы мәдени iс-шара Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның Сүгiр атындағы ұлт аспаптар оркестрiнiң «Оңтүстiгiм – жерұйығым, құт мекен!» атты концертiмен салтанатты түрде ашылады. Оңтүстiк Қазақстан облысының Астанадағы мәдениет күндерiне күнгей өлкеден 700-ге жуық мәдениет қызметкерi мен басқа да өнер иелерi, зиялы қауым өкiлдерi келген.

 

Атап айтар болсақ, бүгiн ЭКСПО қалашығында бизнес-форум ұйымдастырылып, қолөнер шеберлерiнiң «Құтты өлке қолөнерi» атты көрмесi ұсынылады. Сондай-ақ «Has Sanat» өнер галереясында күнгей суретшiлерiнiң көрмесi өтедi.

«Қазмедиа» ақпараттық орталығында БАҚ өкiлдерiмен баспасөз конференциясы ұйымдастырылады. Ұлттық кiтапханада ақын-жазушылардың «Рухани жаңғыру – болашақтың кепiлi» атты шығармашылық кездесуi ұйымдастырылып, «Тұлға. Тәуелсiздiк. Тарих», «Жаһан таныған жетi тұлға» кiтаптарының тұсаукесерi өтедi.

«Қазақстан» орталық концерт залының фойесiнде астаналықтар мен ЭКСПО қонақтары «Жер кiндiгi - Қазығұрт» тақырыбымен кең ауқымды көп салалы ғылыми көркемөнер көрмесiн тамашалайды. Кешке қарай «Нұржол» гүлзарында ұйымдастырылған «Түркi елiнiң түп тамыры – Оңтүстiктен мерейлi Астанаға сәлем!» атты өнер керуенi мен мотошеруiнiң де көрермендерi аз болмайды деп күтiлуде.

«Бәйтерек» алаңында Оңтүстiк Қазақстан облысының өнер шеберлерi «Сәлем, Астана! Сәлем, ЭКСПО – 2017!» атты мерекелiк концертiн ұсынып, «Астана» концерт залында (Конгресс-Хол) ОҚО-дағы әзiл-сықақ театрлары «Оңтүстiк әзiлдерi» атты шоу-концертiмен келушiлерге күлкi сыйлайды.

Жалпы, 29 тамыз бен 3 қыркүйек аралығын қамтитын Астанадағы Оңтүстiк Қазақстан облысының мәдени күндерiнде 40-тан аса концерттiк бағдарлама мен түрлi iс-шаралар көрсетiледi деп күтiлуде.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper