"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 340.11 0.00   EUR: 407.93 0.00   RUB: 5.91 0.00   


АҚЫНДАР ТҮРКIСТАНДА БАС ҚОСТЫ

Дүйсенбі, 28 Тамыз 2017 21:44
АҚЫНДАР ТҮРКIСТАНДА БАС ҚОСТЫ

 

Түркiстан түркi әлемiнiң мәдени астанасы мәртебесiне ие болғалы түрлi-iс шаралар легi қасиеттi шаһарда жалғаса түсуде. Жуырда Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнiң Мәдениет орталығында түркi халықтары ақындарының оқырмандармен кездесуi өттi. Бұл салиқалы жиынға Түркия, Әзiрбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Саха-Якутия, Башқұртстан, Татарстан, Гагауз, басқа да түркi тiлдес елдерден ақындар қатысты.

 

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының ұйғарымымен Әзiрбайжанның белгiлi ақыны Молла Панах Вагифтiң 300 жылдығына орай еске алу жылы деп жарияланған. Осы шарада сөз алған Түркiстан қаласының әкiмi Ә.Өсербаев басқосу Түркiстанға жаңа серпiн бередi десе, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымындағы мәдениет және спорт министрлiгiнiң өкiлi А.Тұрғанбаев Молла Панах Вагифтiң өзi аударған өлеңдерiнен үзiндiлер оқыды.

Шарада жиылған жұртшылыққа Молла Панах Вагиф жайында түсiрiлген арнайы фильм көрсетiлдi. Сондай-ақ жергiлiктi өнераздардың концерттiк бағдарламасы ұсынылды.

Әбдiрахман ҚЫДЫРБЕК. Түркiстан қаласы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper