"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


Ұлт руханияты: биыл не күтiп тұр?

Сейсенбі, 09 Қаңтар 2018 10:29
Ұлт руханияты: биыл не күтiп тұр?

Үмiтхан АЛТАЕВА, «Оңтүстiк Қазақстан».

Тауық жылы тарих қойнауына кеттi. Өткен жыл ел тарихында, әсiресе руханият саласында ауыз толтырып айтатын жетiстiктер аз болмады. Әсiресе, ел Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жариялауы ел тарихында маңызы зор оқиға болды. Алпауыт елдердiң өзара текетiресi, одан қалса жаһандану үрдiсi әлемнiң мазасын алып тұрғаны баршаға белгiлi. Осынау қауiп-қатерге толы кезеңде елдiң бағыт-бағдарын айқындауда аталған мақаланың қоғамдағы алар орны ерекше.

Ал, 2018 жыл ел тарихында қандай тарихи оқиғаларымен есте қалмақшы?

Осы жылы ел жүрегi – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы атап өтiледi. Мерейтой аясында «Елордалар шеруi», «Астананың 20 жылдығы» және «Әлемнiң 20 астанасы» атты ауқымды мәдени жобалар жүзеге асырылмақ. Әлемнiң дамыған елордалары Астанаға құрметi ретiнде мәдени шаралар өткiзедi. Жер жүзiне танымал музейлердегi жәдiгерлер Астанаға әкелiнiп, түрлi бағытта көрмелер ұйымдастырылады. Яғни осынау мерекелiк салтанат барысында күллi әлемнiң елордаға қызығушылығы артып, шағын және орта бизнес өркендейдi, iшкi және сыртқы туризм дамиды деген болжам бар.

Ел өмiрiндегi тағы бiр үлкен жаңалық – 2018 жылдың Қазақстандағы Өзбекстан жылы болып жариялануы. Қарымта ретiнде Өзбекстандағы Қазақстан жылы 2019 жылы аталып өтiлмекшi. Бүгiнде көршi мемлекеттер арасында мәдени-гуманитарлық байланыстар артып келедi. Өзара мәдени-рухани байланыстардың нығаюына орай елiмiздiң жоғары оқу орындарында өзбекстандық студенттер бiлiм алатын болады. Екi ел басшылары экономикалық әрiптестiктi күшейтiп қана қоймай, халықаралық терроризм мен наркотрафикке бiрлесе қарсы тұрмақшы. Бауырлас елдер арасындағы су пайдалану мәселесi де ретiмен шешiмiн таппақшы. Бұл ондаған миллион адамның өмiрi үшiн маңызды. Жақында Алматы мен Ташкент арасында жүрдек пойыз қатынай бастаса, Шымкент қаласынан Ташкентке автобус рейсi ашылды.

Ағымдағы жылы тойланатын мән-маңызы зор мерейтойлардың бiрi –халқымыз тарихындағы аса iрi жеңiстердiң бiрi әрi бiрегейi Орбұлақ шайқасының 375 жылдығы. 1643 жылдың жазында өткен шайқаста қазақтың 600 қолы жаудың 50 мың қолына қарсы соғысып, ол шайқас батыр бабаларымыздың жеңiсiмен аяқталды. Ол ерлiктiң мәнi неде едi десек, ол – бытыраңқылықтан арыла алмай жүрген қазақтардың ортақ жауға қауымдаса қарсы тұра бiлуiнде едi.

2018 жылы ұлт руханиятына үлкен үлес қосқан бiрқатар зиялы қауым өкiлдерiнiң мерейтойы атап өтiледi. Мерейтойлар ақын, педагог, түрколог, ғалым, лингвист, қазақ тiл бiлiмiнiң негiзiн салушы Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдық мерейтойымен басталады. Жазушы, Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов пен ақын, жазушы, сыншы Тәкен Әлiмқұловтың 100 жылдығы, ақындар Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдықтары аталып өтiледi. Қазақтың сыр сөзiнiң атасы Шәкәрiм Құдайбердiұлының – 160, Бұхар жыраудың 350 жылдық мерейтойлары тойланады.

Әрине, шағын мақаламызда республикалық және облыстық деңгейде атап өтiлетiн мерейтойларды тiзiп шығуды мiндет етпедiк. Жыл жақсылығымен, халқымызға құт болып келсiн деп тiлейiк.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper