"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


"Қысқартасың ақырын өмірді ұзын..."

Жұма, 05 Қаңтар 2018 08:37
"Қысқартасың ақырын өмірді ұзын..."

Бүгін Қазақстанның халық жазушысы, көзі тірісінде-ақ  "Қазақтың Қадыры" атанған Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әлінің туған күні. Орал облысында 1993 жылдың 5 қаңтарында дүниеге келген ақын жүрегі 2011 жылы Алматыда 24 қаңтар күні 76 жасында соғуын тоқтатқан еді.

Оқырманның назарына қаламгердің бірнеше өлеңін бүгін, туған күнінде еске ала отырып, ұсынуды жөн санадық. 

 

 

Қадыр МЫРЗА ӘЛІ:

 

ӨТЕР УАҚЫТ

Өтер уақыт,

Өтеді гүлді көктем.

Өтеді деп аласың кімді беттен?!

Өтер жастық

Яки өтер жасың

Махаббатты өмірге кіндік еткен

Өтеді уақыт,

Өтеді және жазың

Болады үлкен,

Немесе бала жазым.

Өтер шілдең

Яки жігіттіктің

Отырасың шығарып жаназасын.

Өтеді уақыт,

Өтеді қоңыр күзің.

Тағдырдың да татасың не бір тұзын.

Өтіп қазан,

Қарашаң,

Өтіп бәрі,

Қысқартасың ақырын өмірді ұзын.

Өтеді уақыт зымырап,

Өтер қысың.

Пыр етіп бір ұшар да кетер құсың.

Біле тұра уақыттың баянсызын,

Өзіңе өзін жасайсың бекер қысым!

Қалар артта бесік жыр,

Бесік-үйің,

Есіл туыс,

Есіл жұрт,

Есіл бұйым.

Жылдар өтсе мейлі ғой,

Өте берсін!

Сәттер өтіп барады,

Осы қиын!

 

 ШЫҒАР...

 

Құздағы қар кетті дейміз,

Ол - көктем келгені шығар.

Нажағай жарқ етті дейміз,

Ол — оның өлгені шығар.

 

Жаңбыр сәл сіркіреді дейміз,

Ол — бұлттың исінгені шығар.

Күн қатты күркіреді дейміз,

Ол — оның күрсінгені шығар.

 

Жігерім қайнады дейміз,

Ол — жырдың ұнағаны шығар.

Бұлбұлды сайрады дейміз,

Ол — оның жылағаны шығар!

 

ҚАЛАДАҒЫ ҚАРТАЙҒАН АТ 

 

Баяғыдан, әрине, бағасы кем,

Байланысы жоқ енді даласымен

Бір кездегі белгілі ат

Бара жатыр

Тық-тық шертіп асфальтты тағасымен.

О жылдары әйгілі керім еді,

Енді жұртқа есек боп көрінеді.

Бәйгелерге жаралған қайран пырақ

Бүлкілдеуге бүгінде ерінеді.

Асау арын сыйғызбай арнасына,

Ағызып ол шығатын жар басына.

Бүгінде ол

Бутылка жинайтүғын

Бір пысықтың жегілген арбасына.

Қайта оралмас баяғы шабытына,

Қайта шаппас омырау ағытыла.

Бүгінде ол арбаға бауыр басып,

Бүгінде ол үйренген қамытыңа.

Таңсық емес енді оған тоғайың да,

Табындас та,

Тұяқтас ағайын да.

Желге тосып ақ көбік апай төсін

Жүйтку деген шіркіннің жоқ ойында.

Бәйгеңізді бермейтін ілгеріде,

Болады оны бүгінде кім деріңе?!

Жоқ сияқты ойында жануардың

Жүзіп ішкен тұнықтан күндері де!

Бұл көнбістік, апыр-ай, тегінде ме?

Ұмытады ол көргеннің көбін неге?!

Іздемейді жұпарын жайлауының,

Түсіне де кірмейді тебін деген!

Талап ету мүмкін бе тағылықты!

Тағдырына барынша бағыныпты.

Пысқырынып қойғаны болмаса бір,

Кісінеуден жарықтық жалығыпты.

Желде жүзген қаз мойын,

Омырауы

Дірілдейді...

Есте ме қоңыр ауыл?!

Кім ойлаған үн-түнсіз қалады деп

Күмбірлеген даланың қоңырауы?!

Қайда еркіндік!

Қара жел даладағы!

Қарамайды қызығып бала-дағы.

Торға түскен қияның қыранындай

Обал енді жылқыға қаладағы.

Тәрізді уақыт даланың тозғанағы,

Бозінген жыр дайын тұр боздағалы...

Ал боз пырақ

Ұмытып көк шалғынды,

Дорбадағы сұлыға мәз болады.

Қорғаншақтар бишара жаралы аңдай,

Қолдануға болады шара қандай?!

Қазақтары қаланың қарайды оған,

Жүйрікке емес,

Соғымға қарағандай!

 

 

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper