"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


«СЫРДАРИЯ ҚҰРАМАСЫ» ТАҒЫ ДА ТОП ЖАРДЫ

Сенбі, 30 Желтоқсан 2017 21:02

 

Жақында «Сырдария құрамасы» командасы республикалық «Жайдарман» ойындары жоғары лигасының финалында бес команда арасында топ жарып, «Чемпион – 2017» кубогын жеңiп алды.

– Осы күнге дейiн қанша жеңiс тұғырын бағындырсақ, оның бәрi де университетiмiздiң құрылтайшысы, жанкүйерiмiз Есенгүл Сейiлқызының бiзге деген қамқорлығының арқасы. Елiмiздiң қай қаласына өнер көрсетуге бармайық, өзi қолдап, қаражат мәселесiн шешiп бередi, – дейдi команда капитаны Марат Сәрсенбаев.

Команда 2013 жылы «Сырдария құрамасы» болып құрылып, сол жылы республикалық Алматы ашық лигасына жолдама алды. Осы лигада чемпион болса, 2014 жылы Астана қаласында өткен премьер-лигаға қатысып, тағы жеңiмпаз атанды.

Ал, 2015 жылы жоғары лигаға қатысты. Олардың мұндағы қарсыластары өте мықты командалар едi. Сол жолы III орын иеленсе, артынша екi жыл қатарынан ОҚО бойынша «Жайдарман» ойындарына қатысып, облыс әкiмiнiң кубогын жеңiп алды. Былтыр тағы да жоғары лигада бақ сынап, II орынды иемдендi.

Бүгiнде командада 8 ойыншы бар. Оның iшiнде команда құрылғаннан бастап үзбей қатысып келе жатқан екi адам болса, соның бiреуi команда капитаны – Марат Сәрсенбаев, екiншiсi – Нұрсейiт Әбжан. Марат оқу орнында жастар комитетiнiң төрағасы, Нұрсейiт оның орынбасары. Командадағы Мұқағали Жарылқасын, Нұрсұлтан Үсенов, Марат Түзел, Дияс Бектас, Бекзат Боранбаев, Жаңабай Сайфудин сайдың тасындай iрiктелген бiлiмдi де бiлiктi жiгiттер. Оларға сценарий жазып, бағыт-бағдар беретiн – Хамит Ердехан.

Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ. Мақтаарал ауданы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper