"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


Ауыл мәдениетiн көтермек

Сенбі, 30 Желтоқсан 2017 20:58
Ауыл мәдениетiн көтермек

 

Облыстық мәдениет басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы өңiрдiң мәдениет және өнер мекемелерi арасында тұңғыш рет ұйымдастырған «Оңтүстiк – мәдениеттiң мекенi» атты  әлеуметтiк желiлердегi үздiк жарияланымдар байқауы мәреге жеттi. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған сайыс ауылдық клубтар мен мәдениет үйлерiнiң тыныс-тiршiлiгiн кеңiнен насихаттап, халықпен қарым-қатынасты нығайтып, үйiрме жұмыстарының сапасын көтерудi көздеген. Байқау барысында аудандық, қалалық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмдерi, сондай-ақ мәдениет үйлерi әлеуметтiк желi мен басылым беттерiнде ауылдық клубтардың жай-күйi мен өткiзген iс-шаралары туралы ақпараттар жариялап, клуб меңгерушiлерiнiң белсендiлiктерiн арттырды.

 

– Iс-шараларды насихаттауға бағытталған сайыстың ең ұтқан тұсы – ауылдық клубтар мен мәдениет үйлерi атқарған жұмыстарын жариялау барысында БАҚ-пен байланысын нығайтты. Өзара бәсекелестiктi дамытып, теориялық тұрғыда тәжiрибе алмасты, – дейдi облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Нұрлан Әдiлханов.

«Оңтүстiк – мәдениеттiң мекенi» байқауының бас жүлдесiне Қазығұрт аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi ие болды. Жүлделi бiрiншi орын Түркiстан қаласына берiлсе, екiншi орын Сарыағаш пен Кентау қалаларына, үшiншi орын Мақтаарал ауданы мен Арыс қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмдерiне бұйырды.

Ү.РЗУАНҚЫЗЫ.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper