"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


НАҒЫЗ ТАЛАНТТАРДЫҢ БАҒЫ ЖАНДЫ

Бейсенбі, 28 Желтоқсан 2017 11:16
НАҒЫЗ ТАЛАНТТАРДЫҢ БАҒЫ ЖАНДЫ

 

Облыстық мәдениет басқармасының, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен дәулескер күйшi Сүгiр Әлiұлының 135 жылдығына орай Сүгiр атындағы дәстүрлi орындаушылар байқауы өттi. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған өнер додасына облыс өңiрiнен 14-25 жас аралығындағы 71 өнерпаз қатысты.

 

Байқаудың бiрiншi кезеңiнде үмiткерлер баян, қобыз, домбыра және шертер аспаптарында Сүгiр күйшiнiң шығармашылығынан бiр күй, екiншi кезеңде «Оңтүстiктiң 100 күйi» жинағынан бiр күй орындады. Қатысушылардың өнерiн Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның құрметтi профессоры, домбырашы, қазылар алқасының төрағасы Өтеген Ғұбайдуллин бастаған мәдениет және өнер майталмандары сарапқа салды. Дәстүрлi орындаушылар арасындағы өнер додасы әуесқой және кәсiби деңгейге бөлiп қарастырылды. Осы орайда кәсiби деңгейдегi күйшiлер арасында бас жүлденi мақтааралдық Құрманғазы Әбдiхалықов жеңiп алса, бiрiншi орын шымкенттiк Ару Маккамбаеваға бұйырды. Қос бiрдей екiншi орынды созақтық Назерке Асқарова мен шымкенттiк Қадубек Бақбердi, үш бiрдей үшiншi орынды отырарлық Мұхамеджан Ермұратов, шымкенттiк Дулат Сембиев және түркiстандық Нұрзаман Мұсаханұлы иелендi. Әуесқой домбырашылар арасында бiрiншi орынға Досберген Әрiпбай, екiншi орынға созақтық Есбол Бегiмбек пен бәйдiбектiк Нұрғиса Донбай, үшiншi орынға түркiстандық Талғат Дәрiқожа мен шымкенттiк Жантөре Базарбаев лайық деп танылды. Қобызшылар арасында бас жүлде шымкенттiк Анарбек Мырзабайға, бiрiншi орын шымкенттiк Дана Рахметбекке, екiншi орын шымкенттiк Нұрлыхан Рахымжан мен созақтық Әлима Нұржанбаеваға бұйырды. Ал, үшiншi орын шымкенттiк Дана Сайлаубаева мен Назерке Романоваға, созақтық Арайлым Қазбекке тиесiлi болды.

Баян аспабын орындаушылар арасында бас жүлде шымкенттiк Медет Мақұлбековке, бiрiншi орын кентаулық Арыстан Жұмахановқа бұйырды. Екiншi орынға кентаулық Нұрислам Әрiпбеков пен шымкенттiк Сұлтан Әскербеков, үшiншi орынға төлебилiк Данил Могисеев, шымкенттiк Ерасыл Нәдiр және Рахат Әдiлов лайықты болды.

Ү.РЗУАНҚЫЗЫ.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper