"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


СЫРБАЗ СЫНШЫ. ДАРЫНДЫ ОҚЫМЫСТЫ

Бейсенбі, 28 Желтоқсан 2017 10:45
СЫРБАЗ СЫНШЫ. ДАРЫНДЫ ОҚЫМЫСТЫ

 

Сабырбек ОЛЖАБАЙ, «Оңтүстiк Қазақстан».

Әзiл-сықақ және сатира театрында облыстық мәдениет басқармасы және облыстық жасөспiрiмдер кiтапханасының ұйымдастыруымен жазушы, әдебиет сыншысы, түрколог ғалым, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденiнiң, ҚР Президентi стипендиясының иегерi Құлбек Ергөбектiң 65 жасқа толуына орай «Атымды адам қойған соң...» атты шығармашылық кешi өттi.

 

Жиналғандар театр фойесiне қойылған «Сын сардарының сыршыл әлемi» атты кiтап көрмесiнен мол мағлұмат алып, «Келбет» атты деректi фильмдi тамашалады. Онда қаламгердiң бүкiл шығармашылық және өмiр жолы түгел қамтылған. Киелi Отырар топырағынан түлеп ұшқан ол С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiн бiтiрген соң еңбек жолын Қазақстан Ғылым Академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында бастады. Мұнан соң республикалық халық шығармашылығы үйiнде, С.Мұқанов мұражайында қызмет iстеген Құлбек Ергөбек бiрқатар республикалық басылымдарда журналистiк қырынан да танылды. Мұнан соң ағартушылық салаға бет бұрып, студенттердi әдебиет атты ғажайып әлемге жетеледi. Бiраз жыл мемлекеттiк қызметте де болып көрдi.

Құлбек Ергөбек осыншама қауырт та жауапты жұмыстардың бел ортасында жүрiп-ақ бүгiнге дейiн алпыс кiтап жазып үлгерiптi. Оның басым көпшiлiгi белгiлi қаламгерлердiң шығармашылықтарын талқылауға арналады. Ол, сондай-ақ, сын-зерттеу еңбектерiмен қатар оқулық та жазды. Қ.Ергөбек «Адасқандар ақиқаты», «Сiбiр сабақтары» атты повестердiң авторы. Ғалым-сыншының шығармалары орыс, түрiк, өзбек, қырғыз, ұйғыр тiлдерiне аударылған.

Әлем әдебиетi классиктерiнiң бiрi, көрнектi жазушы Шыңғыс Айтматов Құлбек Ергөбектi былай бағалапты: «...Сөздiң қадiр-қасиетiн терең түсiнетiн Сен, өкiнiшке қарай, бар әдебиетшi пешенесiне бiрдей жазылмаған ерекше қасиет – сөздiң бағасын жiтi бiлетiн, стильдiк нақыштарын нәзiк сезiнетiн, өнердiң сапасын, салмағын қапысыз айыратын дарынды оқымыстысың». Қаламгер жайлы, сондай-ақ, халық жазушысы Әбiш Кекiлбаев, Өзбекстан мемлекеттiк сыйлығының лауреаты Адыл Якубов, Социалистiк Еңбек Ерi, КСРО Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты Мұстай Кәрiм, қазақ әдебиетiнiң жанашырлары Герольд Бельгер, Николай Васильев, тағы басқалар жақсы пiкiрлер қалдырды.

Шығармашылық кештi халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Ырыс алды – ынтымақ» форумының жауапты хатшысы Мархабат Байғұт әдемi де әсерлi жүргiздi. Облыстық мәдениет басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Асылхан Темiрханұлы мерейтой иесiн құттықтап, облыс әкiмi Жансейiт Түймебаевтың Алғыс хатын тапсырып, иығына шапан жапты. Осы кешке сонау Ақмола облысынан арнайы келген ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жақсылық Айжанов сөз алып, курстасының студенттiк шағын еске алды. «Құрмет» орденiнiң иегерi, ақын Қабылбек Төретай, филология ғылымының кандидаттары Нариман Нұрпейiсов, Шара Әдiлова, өзбек ақыны Абдрахим Пратов әдебиет сыншысының сан қырлы шығармашылық жұмыстарына талдау жасады.

Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Тұмар» би ансамблi, осы филармонияның әншiлерi Ақмарал Биназарова, Оразәлi Жаңабаев кеш көркiн өз өнерлерiмен аша түстi. Кеш иесi кездесудiң ұйытқысы болған облыстық жасөспiрiмдер кiтапханасының ұжымына алғыс бiлдiрдi.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper