"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЕЛШI ТУРАЛЫ ЕЛЕУЛI ЕҢБЕК

Сенбі, 23 Желтоқсан 2017 13:57
ЕЛШI ТУРАЛЫ ЕЛЕУЛI ЕҢБЕК

 

Жуырда Алматы қаласындағы «Принт» баспасынан қазақтан шыққан тұңғыш елшi, көрнектi саясаткер, Кеңес Одағының Сауд Арабиясындағы елшiсi, өз дәуiрiнде Одақтың ең маңдайалды дипломаты атанған Нәзiр Төреқұлов туралы жинақ жарыққа шықты. Кiтапқа Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигi, экономика ғылымдарының докторы, профессор Әбдiжаппар Сапарбаев пiкiр жазған.

 

Жинақ Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының төрағасы, саясаттану ғылымдарының докторы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Нәзiр Төреқұлов және отандық дипломатия» деген мақаласымен ашылған. Сондай-ақ, кiтапта белгiлi саясаттанушылардың, ғалымдардың, тарихшылардың, жазушылардың еңбектерi топтастырылған. Осы кiтаптан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнде өткен «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және саяси өмiрiндегi Нәзiр Төреқұловтың рөлi» атты ғылыми-практикалық конференция материалдарын да таба аласыз.

«Тұңғыш қазақ елшiсi» атты кiтапты баспаға «Нәзiр Төреқұлов» қайырымдылық қоры ұсынған. Құрастырған – Нұрмахан Назаров.

Бұқарамен байланыс бөлiмi.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper