"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


«ЖАҚСЫЛАР, ДАСТАН АЙТАЙЫН...» облыстық байқауына шақырамыз

Бейсенбі, 14 Қыркүйек 2017 10:30
«ЖАҚСЫЛАР, ДАСТАН АЙТАЙЫН...» облыстық байқауына шақырамыз

 

«Оңтүстiк Қазақстан» қоғамдық-саяси газетiнiң редакциясы Қазақстанда тұңғыш рет мектеп оқушылары арасында 2017 жылдың 26 қыркүйегiнде батырлар жырын жатқа айтудан «Жақсылар, дастан айтайын...» атты облыстық байқау өткiзудi қолға алып отыр.

 

Жобаның мақсаты – рухы мықты, намысты, қайсар азамат тәрбиелеу, өскелең ұрпақты қазақ халқының рухани құндылықтарына сусындатып, отансүйгiш етiп өсiру. Батырлар жырын жаттап өскен баланың жат елдердiң идеологиясына бой алдырмайтынын ата-аналарға ұғындыру.

Бас жүлде алған оқушыны даярлаған мұғалiмге бәйгеге «темiр тұлпар» берiледi. Жүлдегерлердiң ешқайсысы да сыйлықтан құралақан қалмайды.

Байқау ОҚО орыс драма театрында сағат 10.00-де басталады.

Байқауға қатысушыларды тiркеу сағат 9.00-де басталады.

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Әл-Фараби алаңы, 1.

Келiңiздер, көрiңiздер! «Оңтүстiк Қазақстан» газетi редакциясының осынау игi бастамасын ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмыла қолдаңыздар!

 

Әселхан ҚАЛЫБЕКОВА, Қазақстанның халық ақыны:

– Бала кезiмде кеш түсе ауыл адамдары бiздiң үйге батырлар жырын тыңдауға жиналатын. «Жетi батыр» деп аталатын батырлар жыры топтамасынан күн сайын бiр жырды көпшiлiкке нақышына келтiрiп оқып берушi едiм. Сол қисса-дастандар күнi кеше оқыған сияқты санамда мәңгiге сақталып қалды. Алпыс үйлi арғын мен тоқсан үйлi тобырды асыраған Қамбар батырдың құралайды көзге атқан мергендiгiне, аңшылығына қатты қызығатын едiм. Қиялымдағы батырларға елiктеймiн деп жүрiп атқа мiнуге құмар болдым. Өлең-жырға әуестiк менi ақын етiп жiбердi. Халық ауыз әдебиетiн, фольклорды бiлгеннен жаман болған жоқпын.

Елбасы өзiнiң мақаласында айтып отырған «рухани жаңғыру», «ұлттық код» дегенiмiздiң өзi осы! «Оңтүстiк Қазақстан» газетiнiң батырлар жырынан байқау өткiзбекшi болған бастамасын қуана қолдаймын. Оқушылар интернетте уақытын текке жоғалтқанша, бiр мезгiл өзiнiң қанында бар батырлар жырын жаттап, Алпамыс, Қамбар, Қобыланды секiлдi батырларға елiктеп өсетiн болса, ұлттық рухты жаңғыртуға үлес қоспай ма?! Менiң ойымша, осы байқаудың, оқушылардың батырлар жырын жаттауының насихаты дұрыс ұйымдастырылуы керек. Сосын бұл байқау алдағы кезде де жалғасын тауып, дәстүрлi iс-шараның бiрiне айналуы тиiс.

 

Бақытжан АЛДИЯР, Қазақстан Жазушылар одағы ОҚО филиалының директоры:

– Әрiп тани бастағаннан оқығаным батырлар жыры болды. Ауылдағы шалдарға «Мұңлық-Зарлықтан» бастап, «Қамбар батыр», «Қыз Жiбек», «Қобыланды батыр» жырларын оқып беретiнмiн. Күн сайын менен жыр тыңдайтын қариялар бiр жырды уақыт өте келе қайта оқытатын. Осылай мен батырлар жырын жатқа айтатын болдым.

«Оңтүстiк Қазақстан» газетiнiң «Жақсылар, дастан айтайын...» байқауын ұйымдастырып жатқаны өте құптарлық iс. Балалық шағыма саяхаттап қайтқандай әсер сыйлауда. Бұл байқауды жыл сайын өткiзiп тұру керек. Елбасы айтқан ұлттық код мәселесiн бiз осындай игi iстердi өмiршең етуден iздеуiмiз керек. Батырлар жырын оқыған, жатқа бiлетiн бала өз тамырын таниды. Бабалар рухымен үндеседi. Ұлты үшiн мақтанады. Отаншылдық сезiмi оянады.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper