"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


ҚҰНДЫЛЫҚТАР ДӘРIПТЕЛДI

Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 10:04
ҚҰНДЫЛЫҚТАР ДӘРIПТЕЛДI

 

Қыркүйек айының екiншi жексенбiсiндегi Отбасы күнi мерекесiне орай, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында түрлi этнос өкiлдерiнiң қатысуымен фестиваль өттi. Mерекелiк шарада отбасы құндылықтары насихатталып, облыстық этно-мәдени орталықтары атынан 11 отбасы қазақ халқының салт-дәстүрiн дәрiптедi.

 

Алғашқы айналымда әр жұп «ашамайға мiнгiзу», «тұсау кесу», «бесiкке салу», «қыз ұзату», «келiн түсiрудiң» жөн-жоралғыларын көрсетсе, екiншi кезеңде өз өнерлерiн ортаға салды. Ана тiлiмiзде ән салып, күмбiрлете күй шерткен түрлi этнос өкiлдерiнiң өнерлерi көпшiлiктi тәнтi еттi.

Қазақтың қонақжайлылығы мен бауырмалдығын, кiшiпейiлдiгiн әдемi көрiнiстермен жеткiзе бiлген жас отбасыларға бағалы сыйлықтар табыс етiлдi.

Д.КАМАЛ.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper