"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 332.21 0.00   EUR: 391.74 0.00   RUB: 5.57 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

БӘРIНЕН КӨРДIМ СЕНI АРТЫҚ

Сенбі, 09 Қыркүйек 2017 13:46
БӘРIНЕН КӨРДIМ СЕНI АРТЫҚ

Бекжан ӘШIРБАЕВ

ӨМIРБАЯН

Бала кезiм... кеуде таудай еңселi,

Әке сөзi – алдағы күн өлшемi.

«Оқуына түскiң келсе әртiстiң,

Ең алдымен жылауды үйрен»,– деушi едi.

Өмiр – ойын, қазiр бiраз қол қашты,

Бұрын ондай сәтсiз жүрiс болмас-ты.

Тек көктемдi көрiп тұрған көзiмнен,

Шығара алмай қиналғанмын сол жасты.

Ғарышкерден емес даңқы мысқал кем,

Бiр керемет өлең жазу iшкi әурем.

Телефоны тыңдалатын адамдай,

Әдебиетте сөйлеу керек тұспалмен.

«Өнер» деген өзен бойын жағаттай,

Жүрiп келем, тап болады сабат қай?

Том-том кiтап қалмас менiң артымда,

Табақ-табақ тойға тартқан тамақтай.

Бiр сұлу деп атқа қонды талай ер,

Сезiм азса, атанармыз жабайы ел.

«Қарай берсең, жасартатын айна бар»,–

Десем қазiр iздеп кетер бар әйел.

Он сегiзде кездеспеген қызды ойлап,

Көңiлiме алғаным бар күз байлап.

Жапырақтың сарғаюын тоқтату,

Ғылым үшiн тақырып боп тұр қайнап.

Ей, бауырым, әр күнiңе тәубе де,

Жоғыңды iздеп түсе берме әуреге.

Меншiгiңе айналдырсаң барлығын,

Сiздiң үйге симай қойды тау неге?!

Үмiт деген – жеуге келмес көк өрiк,

Кел, одан да сәттi күнге сенелiк!

Мүмкiн сiздi соғар көлiк бүйiрден,

Бағдаршамда қалды бүгiн бөгелiп...

АҚЫН ТАҒДЫРЫ

Бұйырып нарық генерал-тұлға,

Қайтемiз бiздi көзiрден қақса.

Сатуға қояр не бар ақында,

Сүрленген еттей сөзiнен басқа?!

Тоқсың ба, шендiм, ақылға кенен,

Бәйгеге қостың әздек атыңды.

Мүшәйра аңдып отырған менен

Жасаған қайсың мәздем ақынды?!

Бақастық бермес басшыға көрiк,

Ботана болып лайланды iш те.

Үкiмет ылғи жақсыға жорып,

Экономика айналды түске...

Мылқаумен қойдық бәдiктi қатар,

Үмiттiң қалай жараттым атын?

Пәтер де мынау пәпiктi басар,

Балконы iшке қарап тұратын.

Қоғамда болды бәрi ендi жеке,

Кiм салды басқа байлап шiренi?..

Көшеде тұрған погонды көке,

Ысқырығыңмен «ойнатшы» менi.

Соғатын желдей жәдиде тарпаң,

Тасбауыр тағдыр айбат қылады.

Карта ойнағалы казино барсаң,

Ол қайта сенi ойнап тынады.

Тартса да көне көңiлдiң бөзi,

Тiршiлiк үшiн сана күресер.

Күрделi емес – өмiрдiң өзi,

Күрделi одан алатын әсер...

Тотыдай тiлдi киiндiрiптi ой,

Танытар нәтiн найқала нарлар.

Ақын тағдыры – қиын трюк қой,

Үй жағдайында қайталамаңдар!!!

ҚҰЛПЫТАС

(Әзiмбек ЖАНҚҰЛИЕВТIҢ рухына)

Әзiлге отыратын бұра сөзiн,

Жан едi ол бойға бiткен бұла сезiм.

Дауысы бар әбеқоңыр Әзiмбектiң,

Мен соңғы күндерiнiң куәсi едiм.

Қайтемiз тағдыр iсiн тергеп текке,

(Өмiрден бiрiншi адам ендi өтпек пе?)

Қалдыбек Құрманәлi ерке досын,

Ап келдi Алматыға емдетпекке.

Сұра өмiр, секунд қосып, минут тасы,

Бәрiбiр ауыр тартар бұйрық тасы.

Сазгерде виллаларға еркiн кiрер,

Ажалдың болмай шықты визиткасы.

Өлдi ақын... қоғам қалды ары жетiм,

Жасымен жуғансыды бәрi бетiн.

Қазаны жеткiздi ел бiр-бiрiне,

Айтқандай ауа райы мәлiметiн.

Ағартқан жұрт көңiлiн күмiс тiлi,

Кеудеде қалды сөнiп жыр ұшқыны.

Егде әйел еден жуып емханада,

Тағы бiр аяқталды жұмыс күнi.

Рухыңды есен ұстап ер күзетi,

Ауғанда соғысудың келдi ретi.

Айтысса Жанқұлиев экранның,

Шулайтын арғы бетi, бергi бетi.

Өмiр-ай, талайларды шал ғып жатқан,

Қайда сол жиырма жасы жаңбырлатқан?!

Жүрсiннiң айтыстары өте берер,

Бiр ақын келмейдi ендi Жамбыл жақтан.

Алаңмын, елегзимiн, ұйқым жамау,

(Келмеске кеттiң неге, сүйкiмдi аға-ау?)

Суретi сағындырған сол ақынды,

Өмiрден бiр көрсетер сиқыр жоқ-ау!..

АҚ КӨЙЛЕК

Кеудеге бiтсе ащы әуен,

Оңай тынбаспын әсте мен.

Туыма тұрам сүйсiнiп,

Тығылған көзге жаспенен.

Ар сатпай көкшiл қағазға,

Жығылғым келдi намазға.

Ертеңгi iшкен көженiң,

Тоғымен жүрген жан аз ба?

Турама жанды, қайқы мұң,

Қанағат - болса шай-суым.

Қарызға алған жанымның,

Кешiктiрмеймiн қайтуын.

Көңiлде тұйық көп тоған,

Бәрi де менi еттi алаң.

Аңдыған оқтан аман қап,

Қаңғыған оқтан мерт болам.

Барады басты ой талап,

Кездеспес күнде тойтабақ.

Терезем неге күз айын,

Көрсете бердi қайталап?

Тұратын кетпей таңдайдан,

Дейсiң бе өмiр дәмдi айран.

Қажымұқанды жеңерсiң,

Сағынышыңды, әй, қайдам!

Алдымда бардай бiр жеңiс,

Табамын бойдан күнде күш.

Тазаның даңқы болғанмен,

Ақ көйлек келер кiрлегiш.

ҚҰРЛЫҚТЫҢ АКУЛАСЫ

Сексен алты сынап берген серт үлгi,

Тоқсан бiрдiң рухы неге кертiлдi?! Қазақшалап сөйлегенге таң қалдық,

Тiсi бүтiн кемпiр көрген секiлдi.

Тамырынан безген алмай сазайын,

Түнге тұтқын азат реңдi арайым.

Тiлiмiзге теңдiк келмей қойды ғой,

Тойға ауызша шақырғандай ағайын.

Тез ұмыттық таптағанын әлдiнiң,

Қабiрi жоқ жапырақтың тағдырын.

Ұлт мүддесi – гастрольдiк баладай,

Әке табу қиын одан дәл бүгiн.

Алынғанмен мойнымыздан қарғыбау, Жайын ауыз жаһандану – алғы дау. Жариялы, ашық қоғам құруды, Стриптизбен шатастырып алдық-ау...

Өз жерiнде бiзден басқа кiм кезбе?

Ұлттан кету жамап бiттi түрдi өзге.

Хазар халқы сақтау үшiн өз тiлiн,

Тоты құсқа жаттатыпты бiр кезде.

Бұл мысалдан мәнi терең сырды ұқтым,

Сау басымды бәңгi етерлiк мұң жұттым. Ойлант бiздi, түркiлердiң тотемi,

Қасқыр бабам – акуласы құрлықтың!

ОТАНДЫ СҮЮ

Жанарға жарқын көштi үмiт,

Таңымда алтын арай бар.

Атысқан жауды дос қылып,

Тұрғызды тасым сарайлар.

Айтсыншы елiм жаз әнiн,

Кеудемде үмiт бүрлеген.

Домбыражанды қазағым,

Құран мен күйдi үзбеген.

Мейiрi жүрек жiбiткен,

Тербейдi ана бесiгiн.

Батырын қайта тiрiлткен,

Ұлына қойып есiмiн.

Намысты ұлдар қомданса,

Жарыста жанар шын бағым.

Толағайларым топ жарса,

Туған жер гүлiн сыйладым.

Бақытты туған ер сенде,

Сардалам саған сүйiндiм.

«Отан» деп жазса өшер ме,

Қантамырлары миымның?!

СЫРДАРИЯ АҒЫСЫ

Жыраққа кетсең қамшылап арман,

Сақтайды жүрек сыр қанша.

Қол бұлғап маған қарсы жағадан,

Қалатын едi бiр қалқа.

Елiмнiң жанар бағы тiлесем,

Бәрiнен көрдiм сенi артық.

Сырдарияның ағысына әсем,

Көзiмдi тұрдым демалтып.

Даламды сәндеп түр-түрi гүлдiң,

Тоймайды күннiң көзiне.

Маса қашырған түтiнi қырдың,

Шақырар менi өзiне.

Айтатын достар ән-жыр көшеде,

Сағынам ауыл кештерiн.

Тағы да бiр күн қалғым келсе де,

Туған жер, саған қош дедiм!..

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper