"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 340.11 0.00   EUR: 407.93 0.00   RUB: 5.91 0.00   


ҚАПЫ ҚАЛМАҢЫЗ, БАС ЖҮЛДЕГЕ – АВТОКӨЛІК!!!

Жұма, 08 Қыркүйек 2017 11:00
ҚАПЫ ҚАЛМАҢЫЗ,  БАС ЖҮЛДЕГЕ – АВТОКӨЛІК!!!

Бәріне! Бәріне! Бәріне! «Жақсылар, дастан айтайын...» облыстық байқауына шақырамыз.

«Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы Қазақстанда тұңғыш рет мектеп оқушылары арасында батырлар жырын жатқа айтудан «Жақсылар, дастан айтайын...» атты облыстық байқау өткізуді қолға алып отыр. Жобаның мақсаты – рухы мықты, намысты, қайсар азамат тәрбиелеу, өскелең ұрпақты қазақ халқының рухани құндылықтарына сусындатып, отансүйгіш етіп өсіру. Батырлар жырын жаттап өскен баланың жат елдердің идеологиясына бой алдырмайтынын ата-аналарға ұғындыру. Бас жүлде алған оқушыны дайындаған мұғалімге бәйгеге «темір тұлпар» беріледі. Жүлдегерлердің ешқайсысы да сыйлықтан құралақан қалмайды. Байқау 2017 жылдың 26 кыркүйегінде ОҚО орыс драма театрында сағат 10.00-де басталады. Мекенжайы: Шымкент қаласы, Әл-Фараби алаңы, 1. Келіңіздер, көріңіздер! «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясының осынау игі бастамасын ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмыла қолдаңыздар! Осыған орай аудан/қалаларда байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алған барша оқушының ұстаздарын 12.09.2017 ж. сағат 11.30-да ұйымдастырушылар тарапынан алдын-ала нұсқаулықтар алып, жеребе тарту рәсіміне қатысу үшін «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясына келуін сұранамыз. Мекенжайымыз: Шымкент қаласы, Диваев көшесі, 4. Баспасөз үйі (облыстық клиникалық аурухана мен Әл-Фараби аудандық сотының жанында)

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper