"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЭКСПО–2017: ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨНДIРIСКЕ ЕНГIЗIЛЕДI

Сәрсенбі, 27 Қыркүйек 2017 15:45
ЭКСПО–2017: ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨНДIРIСКЕ ЕНГIЗIЛЕДI

 

Оңтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлерi ЭКСПО–2017 халықаралық мамандандырылған көрмесiнде қойылған 105 озық технологияларды өндiрiске енгiзуге қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев халықаралық мамандандырылған көрмесiнде ұсынылған жаңа технологияларды өңiрде қолдану мәселелерi бойынша өткен жиында мәлiм еттi.

 

Әкiмнiң айтуынша, қазiргi уақытта кәсiпорындарда озық технологиялар қарастырылған 27 жобаны енгiзу бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Мәселен, «Шымкентмай» АҚ-ы каталитикалық деаэроциондық қондырғыны өндiрiс процесiнде пайдаланбақ. Ал, Чехия, Ресей елдерiнiң қалдықтарды өңдеу бойынша «HEDVIGA GROUP» және «WiseSoiL» компанияларының жобаларын «Технология-21» және «Таза қала» ЖШС-терi қалдықтарды өңдеу зауытының өндiрiс жұмыстарына енгiзбек. Сонымен қатар, «Жиналған суды тазартуға арналған мобильдi комплекс» және «Күн батареяларын басқару жүйесi» жобаларын «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС қолданысқа енгiзетiн болса, Малайзия мемлекетiнiң көше жарықтандыруға арналған «Q-RAU tm» жарық диодты лампаларын «Ақсемсерстройсервис» кәсiпорны Шымкент қаласындағы көшелердi жарықтандыруға пайдалануды қарастыруда. Бұдан бөлек, ЭКСПО халықаралық көрме тақырыбы бойынша өңiрде өнеркәсiп, экология, ауыл шаруашылығы салаларында да жаңа технологияларды енгiзу бойынша бiрқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

«Бүгiнгi таңда облысымызда Елбасының «Жасыл экономикаға» көшу жөнiндегi тұжырымдамасын iске асыруға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазiргi күнге өңiрде 5 жаңартылған энергия көздерi нысандары жұмыс iстеп тұр. Олар жалпы қуаты 5,8 МВт болатын 3 шағын су электр стансасы болса, осы жылы қосымша жалпы қуаты 3,5 МВт болатын 2 шағын су электр стансалары iске қосылатын болады. Жүргiзiлген зерттеулер негiзiнде алдағы жылдары облыстағы 122 өзенде жалпы қуаты 420 МВт-ны құрайтын шағын су электр стансасын салу жоспарланып отыр. Қазiрдiң өзiнде Өгем өзенiнде жалпы қуаты 57 МВт болатын каскадты шағын су электр стансасын салу жөнiнде Түркияның «DOGUS» Constraction компаниясымен келiссөздер жүргiзiлуде» дедi Ж.Түймебаев.

Астанада ЭКСПО–2017 халықаралық мамандандырылған көрмесi сәттi өткенiн айтқан өңiр басшысы әлемнiң назарында болған тарихи шараны 151 мыңнан астам оңтүстiкқазақстандық барып тамашалағанын атап өттi.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper