"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


ҒАЛАМНЫҢ ЕРТЕҢIН ҚАМДАҒАН

Сенбі, 09 Қыркүйек 2017 13:53
ҒАЛАМНЫҢ ЕРТЕҢIН ҚАМДАҒАН

 

Сарыағаштан қоғамдық жұмысқа белсене араласып жүрген ардагерлер, көп балалы аналар, әр ауыл әкiмдiгiнен мүмкiндiгi шектеулi жандар және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнен құралған топ құрамында eлордаға барып қайттық. Елiмiзде өтiп жатқан, ертеңгi күнi дүниежүзiлiк тарихқа айналар тамаша шараны тамашалаудың сәтi түскенiне қуандық. Туристерге арнап салынған әдемi қонақүйге жайғастық.

 

Алғашқы күнiмiз ҰОС ардагерi, 96 жастағы батагөй атамыз Иманәлi Юсуповпен бiрге 8 қабатты көрме мен шетелдiктердiң павильондарын аралаудан басталды. Келушiлер қарасы көп екен. Әлемдегi ең биiк шар тәрiздес ғимараттың ең жоғары қабатынан Астананың ерекше зәулiм сарайларын, әсем көрiнiстерiн дүрбiмен тамашалағанда кеудемiздi мақтаныш сезiмi кернедi. Үздiк тәжiрибелер аймағына өтiп, «Ғарышкерлер энергиясы», «Барлық энергия мұражайы» тақырыптарымен безендiрiлген 6-қабаттағы «Күн энергиясы» павильонында табиғаттың тамаша көрiнiстерiнен көз тұнды. 5-қабат – «Жел энергиясы», 4-қабат – «Биомасса энергиясы», 3-қабат – «Кинетикалық энергия», 2-қабат – «Су энергиясы», 1-қабат «Болашақ энергиясы» деп аталады екен.

Австрия республикасының менеджерi Айбике қызымыз қазақтың ұлттық шапанын киген бiздi суретке түсiрiп, қазақтың ұлттық киiмiн насихаттау мақсатында Facebook: Austriaat EXPO сайтына жолдады.

Венгрия мемлекетiнiң павильонында көрмеге «Тiршiлiк ағашы» қойылған. Оған әр саяхатшы өз тiлегiн жазып қалдыруда. Мен де аудан әкiмдiгi, ардагерлер ұйымы, әжелер алқасының атынан жер бетiнде бейбiт өмiр орнауына, елiмiздiң ұлттық рухта даму мақсатына жетуiне және ауданымыздың барлық салада өркендеуiне тiлектестiгiмiздi жазып iлдiм. Германия, Испания, Швейцария, Чехия, Италия, Финляндия, АҚШ, Польша, Африка, Жапония, Украина, Корея, Түркия, Қытай, Үндiстан, Түркiменстан, Өзбекстан, Грузия, Ангола, Ресей, Мысыр елдерiнiң павильондарына кiрдiк. Сарыағаш қаласының төбе биi Р.Оспанов «Қазақстан» ұлттық арнасына сұхбат бердi.

Саяхаттың екiншi күнi Президент музейiне, Атамекен музейiне, «Бәйтерекке», «Ханшатырға», Есiл жағалауына бардық. Қаланың көз тартар жерлерiн араладық.

Қазақстан таңдаған «Болашақ энергиясы» бүкiл әлемнiң ертеңгi күнiн қамдауды көздеген. Сондықтан да барлық елдердiң қолдауына ие болды. Қазақ елiнiң жаңалықтары мен жетiстiктерi адамзаттың жақсы өмiр сүруiне жарап, келешегiмiз кемел болсын, лайым!

Жүсiп Шойбек, Сарыағаш аудандық ардагерлер кеңесi төрағасының орынбасары.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper