"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


КӨРМЕ КӨҢIЛIМIЗДЕН ШЫҚТЫ

Сенбі, 09 Қыркүйек 2017 13:51
КӨРМЕ КӨҢIЛIМIЗДЕН ШЫҚТЫ

 

Елордамыз Астанада өтiп жатқан халықаралық ЭКСПО–2017 көрмесiнiң аяқталуына аз уақыт қалды. Екi айдан берi үздiксiз өткiзiлiп келе жатқан түрлi мерекелiк iс-шаралар, концерттер, әр елдердiң ұлттық күндерi келушiлердi таң-тамаша етуде. Осынау ауқымды шараны мемлекет есебiнен тамашалап, Астана қаласына саяхат жасаған Сайрам ауданының озат, үлгiлi оқушылары да керемет әсер алып қайтты.

 

Данияр ТҮКЕНОВ, С.Сейфуллин атындағы №20 гимназия мектебiнiң 9-сынып оқушысы:

– Маған ЭКСПО көрмесi керемет ұнады. Зәулiм ғимараттары көздiң жауын алады. Көрменiң символына айналған «Нұр Әлем» павильоны әлемдегi ең үлкен сфералық ғимарат саналады екен. Сегiз қабаттан тұратын алып нысанның биiктiгi 100 метр, алғашқы қабатында қазақтың салт-дәстүрiмен, мәдениетiмен танысуға болады. Ең биiгiнде жел генераторлары орналасқан. Шетелдiк павильондарды да аралап, жаңа технологиялармен таныстық.

Астана қаласына бұдан бұрын ата-анаммен де бiрнеше рет барғанмын. Бiрақ бұл жолғы сапарымыз ерекше болды. Әр мектептерден жиналған оқушылармен достасып, туған жерге көңiлдi оралдық.

 

Алуа МАУЛЕН,Ы.Алтынсарин атындағы №30 жалпы орта мектебiнiң 11-сынып оқушысы:

– Астана қаласына барып, ЭКСПО – 2017 көрмесiне қатысу бақытына ие болғаным үшiн қуаныштымын. Елордамыз өте әдемi қала екен. ЭКСПО–2017 көрмесiн күнi бойы аралап, Қазақстанның және бiрнеше шетел павильондарын тамашаладық.

Жалпы, халықаралық көрме мемлекеттердiң мәдениетiмен, жаңа технологиясымен, экологиялық мәселелерiмен, пайдалы қазбалары және энергия көздерiмен танысуға мүмкiндiк бередi. Маған «Нұр Әлем» павильоны қатты ұнады. Оның сегiз қабатында да энергия алу көздерi қарастырылған. Жел энергиясы, биомасса, күн энергиясы, су энергиясы, кинетикалық энергия қабаттары бiзге болашақтың энергиясын айқындап, көрсетiп бердi.

Сонымен қатар, шетелдiк павильондардың iшiнде Тайланд павильоны ерекше ұнады. Келушiлерге түрлi сыйлықтар ұсынып, көңiлiмiздi көтеруге тырысты. Бiз осындай керемет көрменiң куәсi болғанымыз үшiн Елбасымызға, Сайрам ауданының әкiмшiлiгiне, мектеп басшылығына үлкен алғыс айтамыз!

 

Айдана ЛЕУБАЕВА,С.Сейфуллин атындағы №20 гимназия мектебiнiң 11-сынып оқушысы:

– Осы жылғы жазғы демалысым естен кетпестей болып өттi. Себебi, Астана қаласына барып, ЭКСПО–2017 көрмесiн тамашаладым. Бiрiншi күнi Тайланд, Жапония, Түркия, Әзiрбайжан, Чехия сияқты көптеген елдердiң павильондарына кiрiп, осы мемлекеттердiң техникалық әлеуетiмен және ғылымдағы тың жаңалықтарымен таныстым. Екiншi күнi Астананың көрiктi жерлерiн араладық. «Бәйтерек» монументiне, «Бейбiтшiлiк және келiсiм» сарайына, Әзiрет Сұлтан мешiтiне және AiLand ойын-сауық орталығына бардық. Оқушыларға осындай қуаныш сыйлағаны үшiн Сайрам ауданының әкiмшiлiгiне, аудандық бiлiм бөлiмi мен ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексiз.

Сауалнаманы жүргiзген Айнұр АСЫЛБЕК, Сайрам ауданы Н.Тiлендиев атындағы орта мектептiң 11-сынып оқушысы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper