"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


БИЗНЕС-ФОРУМ: 6 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Жұма, 01 Қыркүйек 2017 15:30
БИЗНЕС-ФОРУМ: 6 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

 

Астана қаласында Оңтүстiк Қазақстан облысының күндерi аясында «Ontustik Business: Мүмкiндiктер мен әлеует» атты бизнес-форум болып өттi.

 

Форум жұмысына ҚР «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, «Қазақстан Даму банкi» АҚ төрағасы Болат Жәмiшев бастаған даму институттары, екiншi деңгейлi банктер мен кәсiпкерлерден құралған 150-ге жуық адам қатысты.

Бизнес-форум барысында өңiрдiң инвестициялық жобалары, инвест преференциялар мен туристiк өнiмдердiң таныстырылымы өттi. Кездесудiң басты мақсаты – Оңтүстiктiң инвестициялық мүмкiндiктерiн таныстыра отырып, өңiрге инвестиция тарту. Осы арқылы облыс экономикасын дамыту және туристердi көптеп шақыру.

Оңтүстiк Қазақстан облысы – экономикалық әлеуетi зор, тұрақты дамып келе жатқан өңiр екенiн айтқан облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев аймақ Орта Азия, Таяу Шығыс пен Еуропа елдерiн байланыстыратын жолдардың қиылысында орналасқанын, соның нәтижесiнде шекаралық сауда-саттық пен экспорттық өндiрiс дамып келе жатқанын жеткiздi.

«Өздерiңiзге белгiлi, әлемде сапалы азық-түлiк өнiмiне деген сұраныс жыл сайын артып келедi. Тұтынушы сапа мен қауiпсiздiктi талап етедi. Бұл тұрғыда Қазақстанға Ресей, Қытай, Иран және басқа да елдер секiлдi жаңа нарық ашылуда. Осы нарықты игеруде Оңтүстiк Қазақстан облысының әлеуетi зор. Себебi, тарихи өлкенiң аграрлы саласы жақсы дамыған. Соңғы 3 жылда жиналған бақша өнiмдерiнiң көлемi 1 миллион тоннадан асып түседi. Қазақстандағы жылыжайдың 90 пайызы бiздiң өңiрде орналасқан. Мақта толығымен, ал, жүзiм мен бақша өнiмдерiнiң 70 пайызы осы облыста өсiрiледi» дедi облыс әкiмi Ж.Түймебаев.

Форум аясында сөз алған «KAZAKH INVEST» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мейiржан Майкенов Қазақстанның инвестициялық климаты жөнiнде баяндама жасады.

Бизнес-форум аясында 6 меморандумға қол қойылды. Солардың алғашқысы боп «Шымкент» «Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорация» Ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы Қытайдың Аньхой провинциясы халықаралық сауда қатынасын дамыту комитетiмен екiжақты түсiнiстiк жөнiнде меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, дәл осы компания «НГ-Энерго» ААҚ-мен әрiптестiктi нығайту жөнiнде келiсiмге келдi. Екi тарап алдағы уақытта өзара қарым-қатынасты дамыта түспек.

Сонымен қатар, Оңтүстiк Қазақстан облыстық кәсiпкерлiк, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы мен «POWER LANDMARK HOLDINGS LTD» компаниясы арасында өзара келiсiмге келiп, инвестициялық жобаларды iске асыру жөнiнде меморандумға қол қойды.

Айта кетейiк, облысқа осы жылы 229,9 млрд. теңге инвестиция тартылып, бұл өткен жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 31,5 пайызға өсiп, республикадағы үлесiнiң 5,7 пайызын құраған. Өңiрге көптеп инвестиция тарту мақсатында жыл басынан берi шетел инвесторларымен 40-тан аса iскерлiк кездесу ұйымдастырылды. Нәтижесiнде Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiмен медициналық бұйымдар және дәрiлiк заттар шығаратын зауыт салу, Ресей елiмен Евро-5 стандартына сай жанар-жағармай өндiретiн мұнай өңдеу зауытын салу, ал, Қытай елiмен бiрлесе биоэталон, фосфор тыңайтқышын шығаратын және 200 МВт күн электр стансасы құрылыстарын жүргiзу бойынша келiсiмдерге қол қойылған.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper