"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 332.21 0.00   EUR: 391.74 0.00   RUB: 5.57 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

БӘЙДIБЕКТЕ МАҚСАРЫҒА ОРАҚ ТҮСТI

Бейсенбі, 24 Тамыз 2017 10:55
БӘЙДIБЕКТЕ МАҚСАРЫҒА ОРАҚ ТҮСТI

Мақпал ТӨРЕБЕК, «Оңтүстiк Қазақстан».

Арыстанды-Қарабастың желi құтырына, долдана уiлдейдi. Тура бiреу құлағыңның түбiнен ысқырып тұрғандай. Алақұйындатып үстi-үстiне үдей түседi. Соған қарамастан Шаян ауылынан Боралдайды бетке алдық. Құданың құдiретi, жел демiн iшiне тартып, қанша ысқырынса да Қостұра көркем көрiнедi. Жол бойындағы егiстiктен оқта-текте бiрдi-екiлi комбайн ағараңдайды. Олардың желдiң басылғанын күтiп тұрғаны бiрден аңғарылады.

Сәлден соң жел де басылды.

Бәйдiбектiктер ала жаздай еккен бидайын жинап бiткен. Ендi мақсарыға орақ түсiптi. Бiз егiстiкке жеткенде алқаптағы қос комбайнның бiрi бiзге қарай беттедi.          

– Биыл 250 гектарға мақсары ектiк, қалғандары жемiс-жидек пен жүгерi, жоңышқа. Өткен жылы гектарына 10 центнерден өнiм алғанбыз.   Биыл... Үш ай бойы үздiксiз соққан желдiң салдарынан пiсiп тұрған өнiмдi уақытында жинау қиынға соғуда. Бiздiң кәсiптiң ерекшелiгi сол, жыл он екi ай «не болады екенмен» жаныңды шүберекке түйесiң... Алайда, соңғы 3-4 жылда мақсарыдан әжептеуiр табыс түсiп жатыр,—дейдi «Желтимес» кооперативiнiң төрағасы Ержан Мейiрманқұлов. 

Аталмыш кооператив 20 жылдан берi мақсары егiп келедi. Өйткенi, бидай мен мақсары шөлге шыдамды. «Мына желдiң саябырсығаны дұрыс болды» дедi жол-жөнекей үстiн қайта-қайта қағып, жанымызға жеткен комбайншы жiгiт.

– Желдi күндерi жұмыс тоқтайды. Ал, жел тұрмаса  күн сайын 20 гектар жердiң мақсарысын орамыз. Үйренген адамға еш қиындығы жоқ,—дейдi ол күнге күйген жүзi күреңiтiп. 

Сары түске боялған алқапқа көз тастап тұрғанымызда  «еңбек рәттi болсын!» деп iргелес жатқан «Қосағаш» өндiрiстiк кооперативiнiң төрағасы Жүнiсәлi Бейсенбай аға ұшыраса кеттi. Жүнiсәлi аға басқарған кооператив биыл  100 гектарға бидай егiп, гектарынан 12 центнерден өнiм алған. Мұндағы диқандар тәжiрибелi диқанның егiншiлiкпен айналысқанына 40 жылдан асқанын меңзедi. Сондықтан бiз де жер жағдайын жетiк бiлетiн ағадан шаруа жайын сұрап жаттық.  

— Жерiмiз шөлейт болған соң бидай мен мақсары егемiз. Өйткенi, жылдан-жылға су көздерi тартылып бара жатыр. Сексенiншi-тоқсаныншы жылдары Боралдай өзенiнiң тасын ешкiм сыртқа тасымайтын. Қазiр осы жерден құрылысқа керек тасты Камаз-Камаз қылып Шымкентке әкетiп жатыр. Сол себептен де судың деңгейi төмен түсiп, ылғалдану процесi азайды. Тасты неғұрлым көп алса, соғұрлым су төмендейдi. Ал, ылғалдану процесi дұрыс болмағаннан кейiн жауын аз жауады, — дейдi ол.

Мақсары майы күнбағыс майынан еш кем емес. Одан бөлек мақсары тыңайтқыш, отын ретiнде де қолданылады. Мұнда диқандар мақсарыны алдымен май зауыттарына өткiзедi, ал, күнжарасын малға азық ретiнде сатады.

Бәйдiбек аудандық кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң мәлiметiне сәйкес, ауданда игерiлген жер көлемi былтырғыға қарағанда өскен. Өткен жылы 23 075 гектарға  мақсары егiлсе, биыл бұл көрсеткiш екi есеге өсiп отыр. Ал, былтырғы 23 453 гектар бидай алқабы 31 643 гектарға ұлғайған.

Бiз Шымкенттi бетке алғанда ымырт қоюлана бастады. Жолдың қос қапталындағы егiстiк алқап бәйдiбектiктердiң үмiтiмен бiрге самал желмен тербелiп тұрды.

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper