"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНДА ҚАРҚЫН БАР

Бейсенбі, 24 Тамыз 2017 10:35
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНДА ҚАРҚЫН БАР

Ғабит САПАРБЕКОВ, «Оңтүстiк Қазақстан».

Қазiр жолаушылар тарапынан өңiрiмiздегi күрежолдар туралы сыни пiкiрлердi жиi естiп жүрмiз. Облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев та бұл мәселеге мән берiп, тиiстi сала басшыларына жолдарды жылдам әрi сапалы етiп жөндеу жөнiнде тапсырма берген болатын. Сейсенбi күнi облыстық жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ролан Ибрагимов бiр топ журналистi Шымкент қаласы мен Қазығұрт және Сарыағаш ауданына апарып, жол саласында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

 

Алдымен облыстық маңызы бар  «Шымкент—Қызыләскер—Түйетас» автомобиль жолының 0-3,9 шақырымындағы құрылыспен таныстық. Мұнда 3,9 шақырым жол қайта салынып, 7 метрден 17,5 метрге дейiн кеңейтiлiп жатыр. Нысан биыл пайдалануға берiлiп, Шымкент қаласының солтүстiк бөлiгiн «Батыс Еуропа—Батыс Қытай» халықаралық дәлiзiне қосады  деп күтiлуде. Ал, жоғарыда аталған «Шымкент—Қызыләскер—Түйетас» автомобиль жолының 4,9-6,15 шақырымының құрылысы келесi жылы аяқталмақ.

Жалпы, облыста республикалық маңызы бар автожолдардың ұзындығы 837 шақырым болса, оның iшiнде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлiзiнiң құрылысы үш бағытқа негiзделген. Дәлiздiң 239 шақырымды құрайтын «Шымкент—Қызылорда» бағыты толық пайдалануға берiлген. Алайда, кейбiр бөлiктерiнде ақаулар табылып, 55 шақырымында жолдың бiр жағы жабылған. Ақауларды реттеу жұмыстары биыл қыркүйек айына дейiн толық аяқталады. «Шымкент—Тараз» бағыты бойынша да бiтпеген жұмыстар мен ақаулар бар. Әсiресе, Шақпақбаба асуындағы жерасты тоннелiнiң құрылысын жүргiзу қиындық туғызуда. Дегенмен, жол саласына жауапты басқарма өкiлдерi мердiгерлер өз мiндеттерiн толық орындайтынын жеткiздi. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының «Шымкент—Ташкент» бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылған. Дегенмен, Қазығұрт ауданы, Сауыншы ауылы тұсындағы жолдың бiраз бөлiгi зақымдалған. Мердiгер тарапынан кемшiлiктер жойылып жатыр. Осы бағыттағы 774-806 шақырым аралығындағы бөлiгiнде «Евраскон» компаниясы асфальтбетонды төсеу және өзге де жұмыстарды қолға алған. Аталған компания өкiлi Любовь Рожкованың айтуынша, жұмыстың 90 пайызы аяқталған.

Бұл нысанда 450-дей маман жұмыс iстедi. Оның 90 пайызы – жергiлiктi тұрғындар. Құрылыс материалдарын да осы жақтан алдық, — дейдi ол.

Облысымызда маңызды жолдар бойындағы көпiрлердi жөндеу iсi де жандана түскен. Биыл 18 көпiрге күрделi және ағымдағы жөндеуге қаржы қаралып, конкурс өткiзiлген. Бүгiнде 2 көпiр пайдалануға берiлсе, қалған 16-сы жыл соңына дейiн ел игiлiгiне берiледi деп күтiлуде. Осы сапарымызда Қазығұрттан Дербiсек ауылына шығатын  жол бойындағы көпiрдiң құрылысымен таныстық. Көпiрдiң енi — 8, ұзындығы 18 метрдi құрайды. Бұл нысанға 61 млн. теңге бөлiнген. Мердiгер «Корпорация Береке А» ЖШС-нiң өкiлдерi жұмыстар алдағы екi ай көлемiнде аяқталатынын жеткiздi.

Республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары алдағы жылдары да жалғасын таппақ. Себебi, жол – экономиканың күретамыры.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper