"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


ҚАЗЫҒҰРТ ИНВЕСТИЦИЯҒА ТАРТЫМДЫ АУДАНҒА АЙНАЛА МА?

Сенбі, 19 Тамыз 2017 13:44

 

Өңiрлiк комму­ни­ка­ци­я­лар қыз­метiнде Қазығұрт ау­да­ны­ның әкiмi Төле­ген Телғараев брифинг өткiздi. Ол ау­данның жыл ба­сы­нан бергi 6 ай­дағы әле­уметтiк-эко­но­ми­ка­лық да­муы ту­ра­лы ба­янда­ды. Оның ай­ту­ын­ша, ау­данды газданды­ру жұмы­ста­ры қарқын­ды жүргiзiлiп жа­тыр.

– Ауданда 2012–2016 жылдар аралығын­да 34 елдi ме­кенде газданды­ру жұмы­ста­ры жүргiзiлiп, «көгiлдiр отын­мен» қам­тылған елдi ме­кендер са­ны 44-ке жеттi. «Батыс Еуро­па–Батыс Қытай» ха­лық­ара­лық көлiк дәлiзiндегi 49,6 ша­қы­рым жол жөнделiп, оның 42,2 шақырымы пайда­ла­­нуға берiлдi. Жыл ба­сы­нан берi өндiрiлген өнiм көлемi 2964,2 млн. теңгенi құра­ды. Бұл өткен жылмен са­лы­стырған­да 441 млн. теңге­ге ар­тық. «Қазығұрт» ин­ду­стри­ÿлық ай­­мағын­да 7 жо­баға жер телiмi берiлiп, олар жұмы­сын ба­ста­ды. 189 жаңа жұмыс ор­ны ашыл­­ды. «Биз­нестiң жол карта­сы–2020» бағ­дарла­ма­сы шең­бе­рiнде кәсiпкерлердiң 31 жо­ба­сы қар­жы­ланды­рылды. Шағын жә­не ор­та кәсiпкерлiк са­ла­сы­на 1,5 млрд. теңге не­­сие берiлдi, – де­­ген ау­дан басшы­сы ин­ве­сти­ция тарту, тұрғын­дарды жұ­мы­с­пен қам­ту бойын­ша қолға алынған жұмы­с­тарға да тоқталды.

– Тұрғын­дарға мемле­кеттiк бағдарла­ма­лар жөнiнде мәлiмет берiлiп, жұмыс iстей­мiн дейтiндерãе қол­дау көрсе­тiлдi. «Нәти­желi жұмы­спен қам­­ту және жап­пай кәсiпкерлiктi да­мы­ту» бағдарла­ма­сы бойын­ша 110 адам бiлiм ал­са, 19 тұрғынға 61,4 млн. теңге не­сие берiлдi. 2017 жылдың ал­ты ай­ын­да шағын және ор­та кәсiпкерлiкпен ай­на­лы­су­шы­лар са­ны 7295-ке жеттi. Бес iрi жо­ба жүзе­ге асыры­лып, 162 адам жұмы­спен қам­тылса, жыл соңына дейiн 2 жо­ба iске қосылып, 32 адам тұрақты жұмысқа ие бо­ла­ды. Инве­сти­ция тарту бойын­ша да өңiр басшы­сы­ның тiке­лей тапсырма­сы бар. Бiз бұл ба­­ғыт­­­та ау­данның әле­уетiн артты­­ра­тын бiрқатар жо­ба­ларды жо­спарлап отыр­мыз. Жал­пы, ау­данға бағыт­талған ин­ве­сти­ция көлемi 17,1 пайызға артты, – дедi Т.Телғараев.

Тағы бiр ай­та ке­терлiгi, би­ыл Қазығұрт ау­да­ны он­ко­ло­ги­я­лық ау­ру­лар мен ту­берку­лезден бо­ла­тын өлiм-жiтiмдi азай­ту жөнiнен об­лы­ста көш ба­стап тұр. Аудан түлектерi ҰБТ қорытынды­сы бойын­ша об­лы­ста 4-шi орынға көте­рiлсе, ау­ыл ша­ру­ашы­лығы, ту­ри­зм, ау­ызсу­мен қам­ту, электр қуа­ты­мен қам­ту бағытын­да да оң өзгерiстер байқалған.

Ғабит СА­ПАР­БЕ­КОВ.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper