"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


АХҚО отыздыққа бастар даңғыл жол

Сейсенбі, 09 Қаңтар 2018 17:19
АХҚО отыздыққа бастар даңғыл жол

Кеше ғана табалдырығымыздан аттаған 2018 жылдың басты жаңалықтарының бірі деп «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) биыл 1 қаңтарда ресми түрде ашылғанын атасақ болады. Қаржы орталығының құрылатындығы жөнінде биік мінберлерден тіпті Елбасы тарапынан талайдан бері айтылып жүрді. Енді, міне, сол тарихи сәтке де келіп жеттік. ТМД кеңістігі мен Орта Азия мемлекеттері арасында Қазақстанның геосаяси салмағын арттыра түсетін тағы бір тетік пайда болды. Ол, әрине, бүкіл дүние жүзінің алпауыт компаниялары, инвесторлары капиталдарының саудасын қыздыратын «Астана» халықаралық қаржы орталығы. Яғни, валюталар мен құнды қағаздардың әлем бойынша елордада тағы бір базары ашылды деген сөз. Ал, бұл әлбетте, еліміздің қаржылай жағдайын жақсартуға, нақты сектор экономикасын күшейтуге үлкен серпін берері хақ.

Халықаралық қаржы орталығының алғашқы шежіресі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы Конституциялық заңға қол қоюымен басталды. Бұл заңда АХҚО-ның негізгі міндеттері мен мақсаттары белгіленді. Негізгі мақсат--қаржылық қызметтер көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. Осы орталықтың ашылуымен посткеңестік кеңістіктің қаржы нарығында тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізілді. Яғни АХҚО өз жұмысында ешқандай заң мен кодекске сүйенбейді. Барлық нәрсе еркін болады.

Мамандардың айтуынша, АХҚО аясында инфрақұрылым, цифрлы экономика, электр энергиясы, мұнай-газ кешені, «жасыл экономика», ауыл шаруашылығы, туризм салаларын дамыту бағытында жұмыстар қолға алынбақ. Бұл өз кезегінде әлем инвесторларының назарын елімізге аударып, қызығушылықтарын тудырары анық. Осы орайда сарапшылардың болжамы бойынша 2025 жылға қарай Қзақстан экономикасына 40 млрд. доллар инвестиция тарту көзделуде. Әлбетте, инвестиция бар жерде өсім болады. Әл-ауқаты мықты, дамыған елдердің көпшілігі осы инвестицияның арқасында бүгінгі жағдайға жеткені рас. Мәселен, Оңтүстік Корея өткен ғасырдың 60-шы жылдары экономикасы әлсіз мемлекеттердің қатарында болған екен. Өз еліне инвестиция тартудың нәтижесінде аз уақыттың ішінде әлемдегі дамыған 15 мемлекеттің қатарына кіре алды. Солай демекші, Қазақстанның да дүние жүзінің дамыған елдерінің отыздығына енуіне «Астана» халықаралық қаржы орталығы септігін тигізері анық. Себебі, әлгінде ғана айтқанымыздай, АХҚО арқылы елімізге миллиардтаған доллар инвестиция тарту жоспарда бар.

Қаржы орталығында шетелдікімен бірге отандық алпауыт компаниялардың да құнды қағаздары биржа арқылы саудаға шығарылады. Солардың ішінде «Эйр Астана» мен «Қазатомөнеркәсіп» компаниялары алғашқы болып өз капиталдарын саудалайды. Айтпақшы, әлемдік саудаға тек ірі бизнес субъектілері ғана емес, сіз бен біз секілді қарапайым азаматтар да қатыса алады. АХҚО-да банктен тыс операциялар да жүргізіледі. Ал, негізінен мұнда мынадай қызмет түрлері көрсетіледі: капитал нарығын дамыту, активтерді басқару, дәулетті жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару, исламдық қаржы және жаңа қаржы технологиялары.

Бүгінгі таңда әлем бойынша қаржы орталықтары Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия және Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-та және Таяу Шығыста бар. Еуразия құрлығының ортасы мен солтүстік, оңтүстігіндегі мемлекеттерде ірі қаржы орталықтары болмаған. Сондықтан географиялық тұрғыдан өте тиімді аймақта орналасқан Қазақстан осы артықшылығын пайдаланып, Батыс пен Шығыстың үлгісінде Еуразия кіндігінде де ірі қаржылық орталық құруды көздеп отыр. Мәселен, бүгінгі таңда әлемнің шығысында Токио, Сингапур, батысында Лондон, Нью-Йорк, таяу шығысында Дубай қаржы орталықтары бар болғанымен, олар Еуразия кіндігіндегі саңылауды жаба алмайды. Бұл олқылықтың орнын толтыратын, яғни әлемнің төрт бұрышын Еуразиямен байланыстарын «Астана» халықаралық қаржы орталығы. Міне, сондықтан да Елбасы «Мен «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы Жарлыққа қол қойдым. Ол жеңілдетілген салық режимі және тәуелсіз қаржылық сотымен ағылшын құқығы қағидаттарына сәйкес құрылатын болады. Біз «Астана» қаржы орталығы Қазақстанның қаржы инфрақұрылымының ядросы, содан кейін бүкіл Орталық Азия өңірі үшін қаржылық хабқа айналатындығына сенімдіміз» деген пікірді тегіннен-тегін айтпаса керек.

Мұнан өзге, АХҚО Қытай Халық Республикасының «Бір жол, бір белдеу» бастамасының негізгі тіреуіне айналады. Осы тұста тарихқа сәл шегініс жасай кетейік. Өздеріңізге мәлім, Орта ғасыр кезінде әлемде Ұлы Жібек жолы әлеуметтік-экономикалық үлкен маңызға ие еді. Қытай арқылы құны алтынмен пара-пар жібек, фарфор, қағаз және өзге де бұйымдар Таяу Шығысқа, Еуропаға тасымалданатын. Өз кезегінде Қытайға да керекті тауарлар Жібек жолымен керуен арқылы жеткізілетін. Бұдан керуен жолдардың бойында отырған елдер алым-салық есебінен пайда көретін. Сол үшін де орта ғасырда түркі елдері Қытай мен Еуропаға саяси-экономикалық күш көрсете алатындай дәрежеде болды. Түркілердің тәуелділігінен құтылу үшін еуропалықтар құрлықты мұхит арқылы айналып өтуге тырысып бақты. Ақырында, теңіз жолдары арқылы сауда жасауды үйреніп алған соң Жібек жолы экономикалық, саяси маңызынан айрылып қалды. Ендігі ретте, Қытайдың «Бір жол, бір белдеу» жобасымен осынау тарихи тұғырымызға қайта оралғалы тұрмыз. Өйткені, теңіздің жолымен тауар тасу тым ұзақ, оның орнына құрлықты қақ ортасынан кесіп өте салу өте тиімді. Сондықтан әлемнің шығысы да, батысы да осы идеяны қолдап отыр. Ал, оларды көлік дәлізімен, қаржы орталығымен байланыстыратын Қазақстан Еуразиядағы саяси-экономикалық ықпалы күшті мемлекеттердің біріне айналады. «Астана» халықаралық қаржы орталығының «Бір жол, бір белдеу» бастамасының тіреуі, Орталық Азия елдері үшін қаржылық хаб болуының сыры, міне, осында жатыр.

Содан кейін ірі қаржылық орталықтарға ие Жапония, АҚШ, Сингапур, Ұлыбритания, БАӘ елдерінің күнкөріс деңгейіне қараңыз, халқы қандай бақуатты тұрады. Қай саланы алсақ та дамушы елдерден көш ілгері озып кеткен. Ал, жалпы ішкі өнім көлемі басқа мемлекеттермен салыстырғанда анағұрлым жоғары деңгейде. Мұның барлығына да құнды қағаз, валюталардың әлемдік базары саналған қаржы орталықтары өздерінің оң әсерін тигізгені анық. Базардың иесі өздері болған соң табыс та соларға тиесілі болмай ма?! Демек, осы мысалдан Қазақстан да келешекте дамыған мемлекеттермен иық теңестіріп, әлемдік экономиканы құраушы елдердің біріне айналады деген ой түйсек болады.

АХҚО-ның әлемдік қауымдастық алдында танымалдығын арттыру және онда ерекше жайлы жағдай қалыптастыру мақсатында қаржы орталығында көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, АХҚО органдары мен қатысушылары, сондай-ақ олардың қызметкерлері корпоративті табыс салығынан, жеке табыс салығынан, жер, мүлік және өзге де алым-салық төлемдерінен 50 жылға босатылады. Нарықтық экономикасы бар 34 елдің қоғамдастығы—экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы, қысқаша ЭЫДҰ, БАӘ, Малайзия, Сингапур және Монако княздығы елдерінің азаматтарына 30 күнтізбелік күнге дейін Қазақстанға визасыз кіруге рұқсат беріледі. АХҚО органдары қызметкерлері мен қатысушылары және олардың отбасы мүшелеріне 5 жыл мерзімге дейін арнайы визалық тәртіп қолданылады. Алғашқы екі жылда АХҚО қатысушылары кеңсені тегін жалдап отырады. Сонымен бірге, виза әзірлеу, жұмыс істеуге рұқсат алу және өзге де АХҚО аумағындағы ресімдер «бір терезе» қағидасы бойынша тіркеудің оңайлатылған тәртібінде іске асырылады.

АХҚО-мен аты әлемге танымал «GoldmanSachs Group» американдық инвестициялық банкі мен «JPMorgan Chase» АҚШ-тың тағы бір ірі банктік холдингі өзара байланыс орнатқан. Мұның өзі көп жайтты аңғартады. Өйткені, бұлар дүние жүзіндегі өте беделді қаржы институттары болғандықтан, тек өздеріне пайда әкелетін, келешегінен үлкен үміт күттірген ұйымдармен ғана іскерлік қарым-қатынасқа барады. Демек, «Астана» халықаралық қаржы орталығының болашағына олар да сенім артып отыр. Мұнан өзге АХҚО NASDAQ және Шанхай қор биржасымен,әріптестік байланыс түзді. Қаржы орталығының басқарушысы Қ.Келімбетовтың айтуынша, осы қор биржаларының негізінде АХҚО-ның жұмысы әлемдік стандарттарға құрылып, инфрақұрылымы жоғары технологиялармен жарақтандырылмақ.                 

     

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper