"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ТАБЫС КIЛТI – БIЛIМДЕ

Сейсенбі, 09 Қаңтар 2018 10:22
ТАБЫС КIЛТI – БIЛIМДЕ

 

Назгүл НАЗАРБЕКОВА, «Оңтүстік Қазақстан».

«Кәсіп ашамын дейтін жастарға мемлекет тарапынан қолдау көп. Ең бастысы, шынайы ықылас пен әрекет болуы керек. Тіпті, қазір жеке бизнес ашуға ниет білдіргендерге қаржылай көмек беріліп қана қоймайды, кәсіпкерлікке баулып, қашан аяғына тұрып кеткенше демеп отырады. Мемлекеттің осындай қолдаулары жастарды қанаттандырады» дейді жас кәсіпкер Азизбек Улумбеков.

 

Алматы қаласындағы Қазақстан – Ресей медициналық университетінде білім алған Азизбек бүгінде дәрігер мамандығын кәсіпкерлікке ауыстырған. «Iшкі туризм», «Жас кәсіпкер» бағдарламаларымен білім алып шыққан ол бірден жеке кәсіпкерлікті ашуды ойластырды. Оған әкесінің бірнеше жылдан бері халық медицинасымен айналысып келе жатқаны да себеп болса керек.

Әкесі Аманбек Сарқұлов 10 жылдан бері науқастарды бал және бал арасымен, емдік шөптермен, яғни апитерапиямен емдейді. Ресей, Қытай, Германия, АҚШ сынды көптеген шет мемлекеттерде дамыған бұл халықтық емнің дәстүрлі медицинадан ерекшелігі көп. Мұнда емдік шаралар табиғи жолмен жүргізіледі. Медицина саласында білім алған дәрігердің халық медицинасына бет бұруы да сондықтан болса керек.

«Менімен бірге оқыған талай түлек ауруханаларда, емханаларда жұмыс істеп жүр. Ал, халық медицинасына қолдау білдіргендер өте аз. Ал, бұл сала шындап назар аударуды қажет етеді. Сол үшін де халық медицинасын таңдадым» дейді ол.

Азизбек кәсіпкерлік мектебін бітірген соң жеке кәсіпкер атанып «Табиғи дәріхана» ЖШС-ін құрады. Бүгінде табиғи дәрілік шөптер мен балдың ассортиментін көбейтуді көздеп жүр. Осылайша тұрғындардың денсаулығына аса пайдалы емдік шөптерді кәдімгі дүкендерде сатуды жүзеге асырмақ. Демек, кез келген адам дүкенге барғанда «Табиғи дәріхана» сөресінен өзіне қажетті өнімдерді алуына болады. Азизбектің өнімдері әзірге Шымкент қаласындағы 3 халық медицинасы клиникасында саудалануда. Ол онда науқастарға тиісті диагнозын қойып, соған сай табиғи дәрі-дәрмек ұсынады. Сондай-ақ, өзге өңірлерден де тапсырыс берушілердің қарасы біршама.

– Маған кәсіпкер болуыма мемлекет көп көмектесті. Енді мен тек табысты ойламай, халықтың денсаулығын жақсарту жолында еңбек етуім керек. Ал, бизнестегі табысты еңбегіме кәсіпкерлік бойынша алған білімім көп септігін тигізері анық, – дейді ол.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper