"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


7,5 МЫҢ ӘЙЕЛ БИЗНЕСКЕ БЕТ БҰРДЫ

Дүйсенбі, 08 Қаңтар 2018 11:28
7,5 МЫҢ ӘЙЕЛ БИЗНЕСКЕ БЕТ БҰРДЫ

 

Баян ДАРҒОЖИНА, «Оңтүстiк Қазақстан».

«Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бiрлестiгi 2013 жылдан бастап Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстарында жұмыссыз және кәсiпкер әйелдердi жасыл технологияларды қолданып, өз iстерiн ашу бойынша «Coca-Cola Белестерi» атты семинар-тренингтер өткiзiп келедi.

 

Бағдарлама басталғалы берi семинарларға 9 мыңға жуық әйел қатысып, олардың iшiнде 41 әйелге 4 мың АҚШ доллары көлемiнде қайтарымсыз қаржылай қолдау көрсетiлдi. Осы бағдарлама аясында жүзден аса жаңа жұмыс орындары ашылды.

Шымкент қаласындағы «Нұр Отан» партиясы филиалы ғимаратының мәжiлiс залында ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Майра Арапқызы Айсинаның қатысуымен осы бағдарламаның негiзгi шарттарын таныстыру мақсатында кездесу өттi. Оған жергiлiктi кәсiпкерлер және жұмыссыз әйелдер қатысты.

– Осыдан жетi жыл бұрын  «Нұр Отан» партиясы бiзде бiрнеше партиялық топ құрды. Соның арасында «Әйелдерге көмек көрсету, оларды қолдау» деген топ құрылып, соған басшылық етуге маған ұсыныс жасады. Бiздiң елiмiзде жұмыссыз жүрген әйелдер өте көп. Қаладағы бизнеске үйрететiн тегiн оқуға келуге әйелдер ауылдан, отбасынан ұзап шыға алмайды. Сондықтан бiз ауылға өзiмiз шығуды ұйғардық. Соның нәтижесiнде бүгiнгi таңда  7,5 мың әйелдi бизнеске үйреттiк. Бала-шағасына қарап үйде отырады әрi өзiнiң қолынан келетiн шағын бизнестi  дөңгелетедi. Негiзiнде, несие алу үшiн де әр адам жеке кәсiбiн әбден меңгерiп алғаны дұрыс. Бұл тұрғыда бiзге «Coca-Cola» компаниясы көмекке келдi. Соның арқасында жыл сайын 10-15 әйелге грант беремiз. Бұрын 700 000 теңгеден берсек, қазiр 1 300 000 теңге берудемiз. Бұл үшiн алдын-ала арнайы байқау жариялаймыз. Оны бiз Ақмола мен Алматы облыстарынан бастадық. Қазiргi таңда елiмiздiң өзге өңiрлерiнен де сұраныстар көптеп түсуде. Өздерi талап бiлдiрген әйелдердi жинап, үйде отырып қандай бизнеспен айналысуға мүмкiндiк болатындығына көздерiн жеткiземiз, – дедi Майра Арапқызы БАҚ өкiлдерiне берген сұхбатында.

Мәжiлiс депутатының айтуынша, қазiргi таңда елiмiздегi жеке кәсiпкерлердiң 62 пайызы әйел адамдар. Шағын және орта бизнестiң де 50 пайызын әйелдер құрайды екен. Бүгiнде кейбiр облыс әкiмдерi  осы бастамаға қолдау көрсетiп, аяғына нық тұрған кәсiпкерлердi жұмысын жаңадан бастаған әйелдерге қаржылай көмек қолын созуға жұмылдыруда. «Елiмiздегi жалпы өнiмнiң 30 пайызын әйел адамдар шығаруда. Олардың қолынан көп нәрсе келедi, үй тiрлiгiн де тындырады, бизнестi де жолға қоя бiледi. Тек соған талпыныс керек.  Қазiргi уақытта кәсiпкерлiкке байланысты түрлi мемлекеттiк бағдарламалар бар. Олардың қай-қайсысы да қарапайым халыққа тиiмдi. Бұдан бөлек, «Атамекен» Кәсiпкерлер палатасы да бiздiң тәжiрибемiздi үйренiп, жұрт арасына шығуда» дейдi Майра Айсина.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper