"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ТАШКЕНТКЕ БАРУ ОҢАЙЛАДЫ

Дүйсенбі, 08 Қаңтар 2018 10:00
ТАШКЕНТКЕ БАРУ ОҢАЙЛАДЫ

Ғабит САПАРБЕКОВ,

«Оңтүстік Қазақстан».

     Өткен жұмада Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары арасында тұрақты автобус бағыты ашылғанынан ел хабардар. Алдымен Шымкенттегі автовокзалға Ташкенттен автобус келіп тоқтады. Көршілес ел жолаушылары мен делегациясын Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылығы үлкен құрметпен қарсы алды. Дәл осы күні Қазақстаннан Өзбекстанға қарай «Шымкент – Ташкент» бағытындағы үлкен автобус алғашқы сапарын бастады. Бір топ БАҚ өкілдері, ОҚО әкімдігінің қызметкерлері және өңірдегі туристік фирма басшыларынан құралған жалпы саны 50-ге жуық жолаушы Ташкентті бетке алды.

 

  Екі ел Президенттері арасындағы келісім бойынша ашылған бұл бағыттың ерекшеліктері мен артықшылықтары бар. Мәселен, Қазақстандағы «Жібек жолы» және Өзбекстандағы «Гишт Куприк» кеден бекеттерінен өту үшін  елуге жуық жолаушыға небәрі 20-25 минуттай уақыт кетті. Бұрын, әсіресе, өзбекстандық шекарашылар жолаушыларды әуре-сарсаңға салып, ұзақ тексеретін. Кеден бекетінде жүйкеңізге салмақ түсіп, әжептеуір қиналатынсыз. Бұл жолы екі елдің шекарашылары саяхатшыларды күлімсірей қарсы алып, оларға сәт-сапар тіледі. «Жасыл дәліз» арқылы құжаттарды жылдам ресімдеп, автобусты да әп-сәтте тексеріп шықты. «Бауырлас елдер арасындағы байланыс осындай болуы керек қой» деп сүйсінді жолаушылар.

  Тағы бір мәселе, бұрын кеденнен өткеннен кейін жолаушылар көлік ауыстырып, уақыт жоғалтатын. Ал, жаңадан ашылған халықаралық бағыттағы автобус бұл кедергілерді жойды. Бағасының сәл қымбат, яғни, 3300 теңге болып бекітілуіне кедендегі осы жеңілдіктер ескерілген сияқты.

  Сонымен, Ташкенттегі автовокзалға да келіп жеттік. Мұнда қазақстандық жолаушылардың алғашқы легін өзбек ағайындар үлкен құрметпен қарсы алды. «Шымкент – Ташкент» халықаралық автобус бағытының ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Жиында Өзбекстан Республикасы Автомобиль және су транспорты агенттігі басшысының орынбасары Саидрахим Икрамов құттықтау сөз сөйледі.

— Өзбекстанға қош келдіңіздер! Бұл халықаралық автобус екі мемлекет арасындағы саяси, мәдени, дипломатиялық, экономикалық және гуманитарлық байланысты жаңа сатыға көтереді. Туризм саласы дамиды. Біздің елімізде жеті мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Саяхатшылар қызығатын орындар жетерлік. Енді екі ел арасындағы байланыс бұрынғыдан да нығая түсіп, жолаушылар саны да артады деген ойдамын, - деді ол.

   Қазақстандық меймандар атынан ОҚО туризм индустриясы қауымдастығының төрайымы Гүлмира Ахбердиева халықаралық автобус бағытының ашылуы екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты дамытып, туризм саласына тың серпін беретінін айтты.

 — Бала кезімізде Шымкент пен Ташкент арасына қатынау өте оңай болатын. Шекарада еш кедергі жоқ еді. Сол жағдайға қайтадан қол жеткізе бастадық. Биылдан бастап қолға алынған игі іс-шараларға қуанып тұрмыз. Енді Қазақстан мен Өзбекстан арасында саяхатшылар саны еселеп артатынына сенімдімін, - деп ризашылығын білдірді.

  Осы күні жаңа автобус бағытымен Өзбекстанға барған алғашқы жолаушылар Ташкенттің көрікті орындарын аралады. Қазақтың кемеңгер көсемі – Төле би бабаның кесенесіне барып, құран бағыштады. Осы  сапарымызда екі елдің шекарасынан бастап бір жылылықты сезіндік. Шынайы достық ниет пен бауырмалдық алғашқы орынға шыққанын аңғардық. Осылайша, 17 жылдан астам уақыт бойы үзіліп қалған автобус қатынасы қайта жанданды. Алдағы уақытта Қазақстанның өзге қалаларынан да Өзбекстанға тікелей қатынайтын автобус бағыттары ашылмақ.

Суретті түсірген С.Исаметов. 

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper