"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЖӘРМЕҢКЕ – БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУДЫҢ БIР ЖОЛЫ

Бейсенбі, 04 Қаңтар 2018 11:32
ЖӘРМЕҢКЕ – БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУДЫҢ БIР ЖОЛЫ

 

Оңтүстiк Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң мерекелiк жәрмеңкесi өттi. Бұл жәрмеңке жаңа жыл қарсаңында әлеуметтiк маңызды тауарлар мен азық-түлiк бағасын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылды. Шымкент қаласының Әл-Фараби алаңында өткен отандық тауар өндiрушiлердiң жәрмеңкесiнде өнiмдер 20-30 пайызға арзан саудаланды.

 

Жергiлiктi тауар өндiрушiлердiң өнiмдерi саудаланып жатқан жәрмеңкеге облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев арнайы қатысып, тұрғындар мен шаруаларды жаңа жылмен құттықтап, олармен пiкiр алмасты. Сөрелерге қойылған ауыл шаруашылығы өнiмдерiмен танысқан өңiр басшысы бағаны тұрақтандырып, халыққа қолайлы жағдай жасауда әлеуметтiк базарлардың әсерi мол екенiн айтты.

«2017 жыл өңiрдегi ауыл шаруашылығы үшiн табысты жыл болды. Биыл облыс бойынша 1,3 млн. тонна бақша дақылы, 963 мың тонна көкөнiс, 293 мың тонна картоп, 116 мың тонна жемiс пен 77 мың тонна жүзiм жиналды. Қамбаға 397 мың тоннаға жуық астық құйылды. Мал шаруашылығында да өсiм байқалып, ет және сүт өндiру көрсеткiштерi артты. Нәтижесiнде ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнiм көлемi 497,8 млрд. теңгенi құрап, өткен жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 39,7 млрд. теңгеге артты» дедi әкiм.

Жәрмеңкеде аудан-қалалардан жиналған шаруалар 230 тоннадан астам табиғи таза өнiмдi қала тұрғындарына нарықтағыдан төмен бағада ұсынды. Мұнда 50-ден астам азық-түлiк тауары қойылды. Оның iшiнде ет, сүт өнiмдерi, балық, шұжық, көкөнiстер мен жемiс-жидектер бар.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттiк қолдау көлемi жылдан-жылға артып келедi. Жалпы, биыл 40 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi мемлекеттiк қолдауға ие болды.

Мерекелiк жәрмеңкеде көкөнiстер мен жемiс-жидектерден шырша орнатылды. Жәрмеңке соңы концерттiк бағдарламаға ұласты.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper