"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


МАҚСАТ – ФЕРМЕРЛЕРДI БАРЫНША ҚОЛДАУ

Бейсенбі, 23 Қараша 2017 10:36
МАҚСАТ – ФЕРМЕРЛЕРДI БАРЫНША ҚОЛДАУ

 

Биыл Қазақстан Фермерлер одағының құрылғанына 15 жыл толып отыр. Осы мерейлi мереке қарсаңында Оңтүстiк Қазақстан облысында ғылыми-конференция ұйымдастырылды. Облыстық Фермерлер одағы мен ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастырған алқалы жиынға республикалық фермерлер одағының төрағасы Әуезхан Дәрiнов, «Атамекен» кәсiпкерлер палатасы облыстық филиалының директоры Асқар Әбубәкiров пен өңiрдiң барлық аудандарынан 600-ге жуық фермер қатысты.

 

Шараның мақсаты – агроөнеркәсiп кешенiнiң дамуына кедергi болып отырған өзектi мәселелердi анықтап, фермерлерге барынша қолдау көрсету. Сол арқылы халықты сапалы азық-түлiк өнiмдерiмен қамтамасыз ету.

Жиын барысында мемлекеттiк қолдаулардың қолжетiмдiлiгi, ауыл шаруашылығы кооперативтерiн құру, суармалы және жайылым жерлердiң көлемiн ұлғайту сынды көкейкестi мәселелер талқыланды. Облыстың түкпiр-түкпiрiнен жиналған фермерлер осы бағытта өздерiнiң талап-тiлектерi мен ұсыныстарын жеткiздi. Мәселен, сарығаштық фермерлер жанар-жағармай бағасының күн санап шарықтап бара жатқандығына алаңдаса, мақтааралдық диқандар бақша дақылдарына да субсидия берiлсе деген ұсыныстарын айтты. Ал, түркiстандық шаруалар агросаланы қаржылай қолдайтын «Агробанк» құрылса дейдi. Конференцияда айтылған барлық ұсыныс фермерлер одағында сарапталып, жауапты мемлекеттiк органдарға хатпен жолданатын болады.

Шара соңында агроөнеркәсiп кешенiн дамытуда белсендiлiк танытып, еселi еңбегiмен көзге түскен өңiр фермерлерi Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң «Ауыл шаруашылығы саласының үздiгi» төсбелгiсiмен және Құрмет грамотасымен марапатталды.

Бүгiнде елiмiздiң 8 облысында Фермерлер одағының филиалдары мен 5 облысында өкiлдiктерi жұмыс iстейдi. Одаққа 10 мыңнан астам фермерлер бiрiккен. Ал, ҚР Фермерлер одағының облыстық филиалы 2012 жылы құрылып, содан берi шаруалар мен фермерлерге қолайлы жағдай жасау үшiн жүйелi жұмыстар атқарып келедi. Одақтың әрбiр ауданда төрағалары сайланған. Жыл басынан берi облыстық фермерлер одағының ұйымдастыруымен барлық аудан-қалаларда көшпелi жиындар өткiзiлдi. Онда шаруаларды мазалайтын мәселелер айтылып, оны шешу бойынша ұсыныстар мен талап-тiлектер тыңдалған. Ұсыныстардың барлығы билiк органдарына хатпен жолданды. Одан өзге Фермерлер одағының ұйытқы болуымен агросалаға жаңа технологияларды енгiзу, фермерлердiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау, мемлекеттiк қолдауларды насихаттау бойынша бiрнеше семинар-кеңес пен «дөңгелек үстел» мәжiлiсi ұйымдастырылған.

Конференцияға қатысқан елiмiздiң бас фермерi Әуезхан Дәрiнов облыстық фермерлер одағының жұмысын жоғары бағалап, алдағы iстерiне сәттiлiк тiледi.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper