"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДА ДЕГЕН НЕ?

Бейсенбі, 23 Қараша 2017 10:27
ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДА ДЕГЕН НЕ?

 

Ел аузынан қаржы пирамидасы дегендi жиi естимiз. Ол не? Бұл жүйеге кiргендер заңмен қудалана ма?

Асылай ҚОҢЫРБЕК. Кентау қаласы.

Биыл Қазақстанда қаржы пирамидаларын құру бойынша 15 қылмыстық iс қозғалды. Оның үшеуi сотқа жiберiлiп, он екiсi сотқа дейiнгi өндiрiсте жатыр. Бұл – айтарлықтай үлкен көрсеткiш. Алайда, көптеген тұрғындар әлi күнге дейiн қаржы пирамидасы деген атауды естiгенiмен, оның қандай жүйе екенiнен толықтай хабарсыз.

Қаржылық пирамида дегенiмiз (кейде оны инвестициялық пирамида деп те атайды) – жаңа адамдарды тарту арқылы, солардың қаражаты есебiнен өзге қатысушылардың табысын қамтамасыз ету әдiсi. Яғни, пирамиданың бiрiншi қатысушыларына табыс кейiнгi қатысушылардың салымы есебiнен төленедi. Көп жағдайда соңғы қатысушының қаражаты қайтарылмайды.

Қаржы пирамидасының белгiлерi қандай? Пирамидадағылар жаңа қатысушы тартқанда жоғары табыстылықты, кез келген жағдайда ақша кiрiстiлiгiн, мансаптық сатыда жылдам көтерiлу туралы уәде бередi. Таныс адамдар арқылы жарнама жасап, түрлi тренингтер жүргiзедi.

Соңғы уақытта олар интернетте белсендi жұмыс iстеп жатыр. Өздерiнiң қаржылық пирамида екенiн бүркемелеудiң жаңа әдiстерiн де ойлап тапқан. Мысалы, олар өздерiн онлайн ойындар деп атайды, онда ағаш отырғызу және өсiру қажет немесе жануарларды сатып алу, оларды өсiру және кейiннен сату, өзара көмек кассасы, ақша тумбочкалары және тағы сол сияқты. Алайда, бiрiншi кезеңде нақты ақша сомасын салуды, ал, екiншi кезеңде жаңа қатысушыларды шақыруға құрылған әдiстердi ұсынады. Яғни, қаржылық пирамида жүйесiмен жұмыс iстейдi.

Қаржылық пирамидаға қарсы заң бар. 2014 жылдың 17 қаңтарында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметiне қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң қабылданды. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құрған және оның қызметiне басшылық жасаған адам қылмыстық жауапкершiлiкке тартылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 217-бабы бойынша мүлкi тәркiленiп, 3 жылдан 12 жылға дейiн бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ, оның қызметiн жарнамалаған адамға әкiмшiлiк жаза да қарастырылған. Ол – жеке тұлғаға – 150, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 600 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi айыппұл.

Қорытындылап айтқанда, халықтың мұндай пирамидаларға алданып қалуының басты себептерi қаржылық-кредиттiк заңнама саласындағы бiлiмнiң жеткiлiксiздiгi, ақшаны ұстау мәдениетiнiң төмендiгi, сондай-ақ азаматтардың ақша жинауы және инвестициялауынан болып табылады.

Айта кетейiк, бүгiнгi таңда қаржылық пирамидалар заңсыз деп танылып, дүние жүзiнiң 39 елiнде тыйым салынған. ҚР Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетi халыққа абай болуды ескертедi.

Ақерке БЕРТАЕВА, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасының өндiрiстiк емес төлемдердi әкiмшiлендiру бөлiмiнiң жетекшi маманы. Шымкент қаласы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper