"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ШАРУАЛАР НЕСИЕНI ҮЙIНДЕ РЕСIМДЕЙДI

Сенбі, 18 Қараша 2017 10:49
ШАРУАЛАР НЕСИЕНI ҮЙIНДЕ РЕСIМДЕЙДI

 

«ҚазАгро» ұлттық холдингiнiң құрамына «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ енедi. Олардың негiзгi мiндетi – шаруалар мен диқандарға арзан несие беру. Бұл ұйымдар холдингтiң жұмысын жеңiлдету мақсатында ашылған. Холдинг тарапынан ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсiпкерлерге жеңiлдiк жасалып отыр. Бұдан былай шаруалар несие немесе лизинг құжаттарын әзiрлеу үшiн «ҚазАгроның» еншiлес компанияларына өтiнiштерiн арқалап, әуре болып бармай-ақ қойса болады. Себебi, несие өтiнiмдерiн жинақтаудың және өңдеудiң автоматтандырылған жүйесi енгiзiлдi. Жаңа тәсiл шаруалардың уақыты мен қаржысын үнемдеуге көп септiгiн тигiзетiнi анық. Жүйенiң басты артықшылығы фермер өзiнiң «Жеке кабинетi» арқылы өтiнiмдердi қалай қарастырып жатқанын қадағалап, байланыс жасап отыруға мүмкiндiк алады. Ең бастысы, бюрократиялық кедергiлер жойылып, сыбайлас жемқорлыққа апаратын әрекеттер тыйылады.

 

Жалпы, жаңа жүйемен қалай жұмыс iстеу керектiгi туралы «ҚазАгро» холдингiнiң интернет-порталындағы нұсқаулық-бейнеқұралда жан-жақты айтылған. Бұдан бөлек, несиелеудiң автоматтандырылуы «ҚазАгроның» кепiлдiкке, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатып алуға байланысты қызметтерiн де анағұрлым оңайлата түстi. Сонымен бiрге, жаңа жүйе аясында агроөнеркәсiп субъектiлерiнiң пiкiрлерiн тыңдап, сауалдарына жауап беретiн call-орталығы жұмыс iстейдi.

Мұнан өзге, субсидиялаудың 3 түрiне қатысты өтiнiмдердi (несие және лизинг бойынша мөлшерлеме, тыңайтқыштар мен гербицидтер) қарастыру, мақұлдау және төлеу толығымен автоматтандырылды. 2018 жылы субсидияның қалған 51 түрiн осындай тәсiлге көшiру жоспарлануда. Мұның көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi жеңiлдетуге, құжаттарды қарау мерзiмiн 18 күннен 1 күнге дейiн қысқартуға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға үлкен көмегi болғалы тұр. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингi» АҚ өзiнiң құрылымына кiретiн компаниялардың инвестициялық активтерiн тиiмдi басқару арқылы Қазақстанның агроөнеркәсiптiк кешенiн дамытып қана қоймай, сонымен бiрге, мемлекеттiк саясатты да iске асырады.

Ә.НҰРЖIГIТҰЛЫ.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper