"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


400 МЫҢ ТОННА БАҚША ӨНIМДЕРI ЭКСПОРТТАЛДЫ

Бейсенбі, 16 Қараша 2017 10:42
400 МЫҢ ТОННА БАҚША ӨНIМДЕРI ЭКСПОРТТАЛДЫ

 

Оңтүстiк Қазақстан облысының шаруалары осы жылдың тоғыз айында Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Эстония және Германияға 225 мың тоннадан астам қауын, 148 мың тонна қарбыз, 14 мың тоннаға жуық жүзiм, 43 мың тонна шамасында қырыққабат экспорттады. Соның iшiнде бiр Ресей мемлекетiнiң нарығына 145 мың тоннадан астам қауын мен қарбыз шығарылды.

 

Сонымен бiрге, өңiр шаруалары көкөнiс пен бақшадан басқа бұл елдерге үндiк етi, сусындар мен iрi қара малға арналған азық пен балық консервiлерiн шығарып келедi.

Жалпы, Оңтүстiк Қазақстанда 21 кәсiпорын өз өнiмдерiн шетелге экспорттайды. Өңiр кәсiпкерлерi Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан және Тәжiкстан Республикаларына өсiмдiк майы мен ұн, балық сүбесi мен консервiленген балық, жұмыртқа, макарон, кондитерлiк өнiмдердi, қой және сиыр етiн шетел нарығына саудалауда. 

Аграрлы аймақтың шаруалары көкөнiспен қатар дәндi дақылдарды да экспорттауға ерекше басымдық берiп келедi. Мәселен, жыл басынан берi шет мемлекеттерге құны 17,6 млн. долларды құрайтын бидай мен 49,3 млн. долларға ұн өнiмдерi экспортталған. Жалпы, ауыл шаруашылығы экспортының көлемi бүгiнгi таңда 211,4 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға өскен. Ал, импорт көлемi 320 млн. АҚШ долларын құрап, 4 пайызға кемiдi.

ОҚО әкiмiнiң баспасөз қызметi.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper