"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


НЕГIЗГI ТӨРТ БАҒЫТТЫ ДАМЫТУ: ЖАУАПТЫ САЛА БАСШЫЛАРЫ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАНДАНДЫРУЫ ҚАЖЕТ

Бейсенбі, 16 Қараша 2017 10:38
НЕГIЗГI ТӨРТ БАҒЫТТЫ ДАМЫТУ: ЖАУАПТЫ САЛА БАСШЫЛАРЫ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАНДАНДЫРУЫ ҚАЖЕТ

 

Оңтүстiк Қазақстан облысы алдағы жылы негiзгi 4 бағытта дамитын болады.  Олар: өндiрiс, егiстiк, мал шаруашылығы және туризм саласы. Осы аталған 4 саланы дамытуда аудан, қала әкiмдерi мен жауапты сала басшылары жұмыстарын жандандырулары керек. Бұл туралы облыстық әкiмдiкте өткен селекторлық жиында Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Жансейiт Түймебаев мәлiм еттi.

 

Күн тәртiбiндегi «Күзгi жиын-терiм жұмыстарының аяқталуы және ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2017 жылға белгiленген индикаторларға қол жеткiзу туралы» облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серiк Тұрбеков баяндама жасады. Оның айтуынша, биыл өңiрде егiстiк көлемi 29 мың 300 гектарға артқанымен, жалпы дәндi дақылдар бойынша өнiм алу 1 гектардан 24,3 центнерден 22,8 центнерге кемiген. Сондай-ақ, биыл мақта алқабының да көлемi 25 мың гектарға артық егiлгенiмен, өткен жылмен салыстырғанда әр гектардан өнiм алу 2,6 центнерге азайған. Мамандар мұның себебiн егiстiк көлемiнiң артып, зиянкестердiң көбейiп кетуiмен байланыстырады. 

«Биыл мақтадан бөлек, масақты дақылдардың түсiмi мен алынған өнiмi былтырғы жылмен салыстырғанда азайғанын байқап отырмыз. Мысалы, 2016 жылы гектар берекелiлiгi 20,2 центнер болса, биыл әр гектардан 18,3 центнер өнiм алынды. Мақтаарал, Созақ аудандары және Түркiстан, Кентау қалаларынан басқа барлық аудандарда көрсеткiш азайып отыр» дедi Серiк Ордабекұлы.

Ағымдағы жылы оңтүстiк көкөнiс пен бақша өнiмдерiн өндiруде жақсы көрсеткiштерге қол жеткiзген. Жаңа бағыт ретiнде жаңғақ пен бадамша егу жұмыстары да қарқын алып келедi. Алдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 7 мың гектарға артып, 825 мың гектарға орналастырылады деген болжам бар. Оның iшiнде интенсивтi бау 804 гектарға, жаңғақ шаруашылығы қосымша 500 гектарға егiледi деп жоспарлануда. Осы мәселелердi бүгiннен бастап пысықтауды ескерткен өңiр басшысы егiстiк көлемiн арттырып қана қоймай, өнiм сапасы мен көлемiн ұлғайтуға да мән берудi тапсырды.

«Алдағы уақытта көктемгi дала жұмыстарына кiрiспес бұрын аудан, қала әкiмдерi, салаға жауапты мамандар тиiмдiлiгi мол дақылдарды егу жұмыстарына сараптама жасауы тиiс. Бұл әрекет ауыл шаруашылығындағы егiстiк жер мен ағын суды мейлiнше үнемдеуге мүмкiндiк бередi. Мақта саласына да жаңа технологияларды ендiру мәселесiне ден қоюды тапсырамын» дедi Жансейiт Қансейiтұлы.

Келесi жылы облыста 220 гектарға жылыжайлар салынып, оның жалпы көлемi 1514 гектарға жеткiзiлмек. Сондай-ақ, 13,8 мың гектар суармалы жер жаңадан айналымға қосылатын болады. Ал, тамшылатып суару әдiсi 8,1 мың гектарға енгiзiлiп, жалпы көлемi 66,6 мың гектарға ұлғаймақ. 

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper