"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

Бейсенбі, 16 Қараша 2017 10:35
БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

 

Бұл туралы селекторлық режимде өткен облыс әкiмдiгiнiң аппараттық жиынында мәлiм болды. Қазiргi таңда баға тұрақтылығы күн тәртiбiндегi басты мәселе екенiн айтқан өңiр басшысы азық-түлiк тауарларының бағаларын негiзсiз өсiрген азаматтар жауапқа тартылатынын қатаң түрде ескерттi. Сонымен қатар, барлық аудан, қаладан тауар өндiрушiлер мен диқандарға өз өнiмдерiн саудалауға мүмкiндiк беретiн әлеуметтiк базар ашуды тездетiп қолға алуды тапсырды. Және де ол базарларда «Оңтүстiк» АИО мен «Ырыс» микроқаржы ұйымы қаржыландырылған жобалардың өнiмi саудалануын мiндеттедi.

 

Естерiңiзде болса, өткен аптадағы селекторлық жиында баға тұрақтылығын сақтау мақсатында өңiр басшысы отандық тауар өндiрушiлер үшiн әлеуметтiк базар ашуды аудан, қала әкiмдерiне тапсырған болатын. Осының негiзiнде Түлкiбаста — 4, Төлеби ауданында 3 әлеуметтiк дүкен мен сауда қатарлары, ал,  Түркiстан қаласында сауда орындары ашылып отыр.

Жиында сөз алған облыс әкiмiнiң орынбасары Б.Жамалов бүгiнде өңiрде қажеттi деген 19 азық-түлiк бағасының тұрақты екенiн айтып, басқа облыстармен салыстырғанда баға көрсеткiшi бойынша 6-орында екенiн жеткiздi. Сонымен қатар, жанар-жағармай мен дизель отыны жеткiлiктi екенiн атап өттi.

«Бүгiнгi таңда облыста тек қана сиыр етi мен тауық етiне баға өсу қаупi бар. Қалған азық-түлiк бағасында өсу қаупi байқалмайды. Тұрақтандыру қорында да қажеттi азық-түлiк жеткiлiктi. Бүгiнгi таңда қорда — 1 мың тонна қант, 2 мың тонна картоп, 1 мың тонна пияз, 1 200 тонна сәбiз, 70 тонна күрiш, 200 тонна сиыр етi және 30 тонна макарон өнiмдерi бар» дедi Б.Жамалов.

Айта кетейiк, Оңтүстiк Қазақстан облысында жергiлiктi тауар өндiрушiлердiң танымалдылығын арттыру және баға тұрақтылығын сақтау мақсатында алғаш рет «Оңтүстiк» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микроқаржы ұйымы қаржыландырған жобалардың апталық жәрмеңкесi бастау алған болатын.

Ендi екi аптада бiр өтетiн жәрмеңкеде жеңiлдетiлген несие алып, кәсiбiн жүргiзген 40-қа жуық кәсiпкер халыққа отандық өнiмдерiн төмен бағада ұсынатын болады. Айта кетейiк, аталған қаржы ұйымдары жыл басынан берi 2182 жобаны қаржыландырған. 

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper