"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ӨНIМДЕРIН АРЗАН БАҒАДА ҰСЫНДЫ

Сейсенбі, 14 Қараша 2017 11:26
ӨНIМДЕРIН АРЗАН БАҒАДА ҰСЫНДЫ

 

Өткен сенбiде Шымкентте «RIC ON KORME» атты жәрмеңке өттi. Бұл iс-шараны «Оңтүстiк» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микроқаржы ұйымы ұйымдастырды. Жәрмеңкеде аталған орталықтардан жеңiлдетiлген несие алып, кәсiбiн дөңгелеткен 40-қа жуық кәсiпкер өз өнiмдерiн нарықтан төмен бағада ұсынды.

 

Жәрмеңкеге облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев қатысып, отандық тауарөндiрушiлерге қолдау көрсеттi.

– Ендi осындай үлгiде үлкен көрме ұйымдастыру қажет. Облысымыздағы аудан, қалаларда «Оңтүстiк» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микроқаржы ұйымы қаржыландырған жобалар көп. Сондықтан әр ауданда осындай жәрмеңке өткiзген жөн. Осы қадам арқылы бiз тауар бағасын арзандатамыз және тұрақтандырамыз, – дедi облыс әкiмi.

Жәрмеңкеде мемлекет тарапынан қолдауға ие болған кәсiпорын басшылары аталған қаржы орталықтарына алғыстарын айтып, отандық өнiмнiң санын да, сапасын да арттыруға күш салатындықтарын жеткiздi. Жәрмеңкелердi өткiзуге атсалысуға дайын екендiктерiн айтты. «Оңтүстiк» аймақтық инвестициялық орталығының басқарма төрағасы Қуаныш Байтөре өз кәсiбiн бастаймын дейтiн азаматтарға қолдау көрсетуге әрқашан дайын екендiктерiн мәлiмдедi.

– Бiз кәсiпкерлерге қаржы берiп қана қоймай, олардың кәсiбiн ары қарай дамытуына, iлгерi басуына қолдау көрсетемiз. Әрбiр жобаның жүзеге асуына көмектесемiз. Қысқаша айтқанда, кәсiпкерлер бiзбен, бiз олармен бiрге өсемiз, – дедi ол.

Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен азық-түлiк нарықтағы бағадан төмен сатылды. Атап айтсақ, пияз – 50, сәбiз – 80, картоп – 85, құмшекер 170 теңгеден саудаланса, сиыр етi 1300 теңгеден сатылды. Сонымен қатар, балық, жемiс-жидек, жеңiл өнеркәсiптiк тауарлар, көрпе-төсек қаптамалары, ойыншықтар, қымыз, қымыран, сүт және жұмыртқа, шұжық, құрылыс материалдары және өзге де өнiмдер ұсынылды. Салтанатты шарада келушiлерге тегiн тамақ таратылып, кiшкентай бүлдiршiндер үшiн түрлi ойындар өткiзiлдi. Жеңiмпаздарға сыйлықтар тапсырылды. Алдағы уақытта мұндай жәрмеңкелер апта сайын ұйымдастырылады деген жоспар бар.

Ғ.ҚАДЫРБЕКҰЛЫ.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper