"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 334.11 +0.54   EUR: 394.65 +2.84   RUB: 5.81 0.00   


ОҢТҮСТIКТЕ ШАҒЫН СУ ЭЛЕКТР СТАНСАЛАРЫ САЛЫНАДЫ

Сейсенбі, 19 Қыркүйек 2017 09:58
ОҢТҮСТIКТЕ ШАҒЫН СУ ЭЛЕКТР СТАНСАЛАРЫ САЛЫНАДЫ

 

Астанада өткен халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесi аяқталар тұста «Шымкент» ӘКК мен «Росатом Орталық Азия» аймақтық орталығы өзара ынтымақтастық пен әрiптестiк келiсiмiне қол қойды. Оның мақсаты – Оңтүстiк Қазақстан облысында шағын су электр стансасы мен басқа да баламалы энергия саласын дамыту, сондай-ақ, табиғат қорын тиiмдi пайдалану мен сақтау болып табылады. Құжатқа «Шымкент» ӘКК басқарма төрағасы Айтмұхаммед Алдажаров пен «Росатом Орталық Азия» бас директоры Виталий Драгунов қол қойды.

 

Қос тарап Оңтүстiктiң таулы аймақтарында қуаттылығы 2 МВт-ға дейiнгi, контейнер типтес шағын су стансаларын салудың инновациялық пилоттық жобасын бiрге құрмақ. Келiсiлген әрiптестiк бойынша осы жылдың қыркүйек айының өзiнде мамандар стансаларды салуға және су жинау құрылғысы мен контейнерлердi орнатуға қолайлы орындарды анықтау үшiн алғашқы техникалық iссапармен келедi деп жоспарлануда.

Контейнердегi шағын СЭС шығарумен «Росатом» мемлекеттiк корпорациясына қарасты «Атомэнергомаш» компаниясының құрамына кiретiн Венгрияның Ganz Engineering and Energetics Machinery llc. (Ganz EEM) компаниясы айналысады. Шағын СЭС-тердi тұрғындар электр желiсiне қосылмаған аймақтарда қолдануға болады. Шағын СЭС турбинасы және басқару тетiгi бар контейнерлер жеткiзiлген соң бiр айдан кейiн 1 МВт-ға дейiн электр энергиясын өндiре алады. Айта кетейiк, шағын СЭС қашықтықтан, спутниктiк байланыс арқылы басқарылады. Қазiр шағын СЭС-тердi өзге елдерге экспорттау бойынша келiссөздер жүргiзiлуде.

Оңтүстiк Қазақстан облысының тау өзендерiнiң мол әлеуетiн ескерген тараптар алғашқы жоба аяқталған соң да әрi қарай бiрге жұмыс iстеп, ОҚО әкiмдiгiнiң қолдауымен шағын су энергетикасы саласындағы басқа да жобаларды жүзеге асыруға ниеттi.

«Шымкент» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ мемлекеттiң 100 пайыз қатысуымен 2011 жылы құрылған. Компания iс-әрекетiнiң негiзгi бағыты – тиiмдi мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк механизмi арқылы Оңтүстiк Қазақстан облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуы, облыстағы активтер мен ресурстар әлеуетiн жүзеге асыру, облыс, республика, жақын және алыс шетел нарығын барынша жүзеге асыруға негiзделген.

Ал, «Росатом Орталық Азия» – «Росатомның» Орталық Азия аймағындағы өкiлдiгi. Кеңсе «Росатомның» әлемнiң түрлi елдерiндегi халықаралық желiсiне жатады. Аймақтық орталықтарды «Росатом халықаралық желiсi» (РМС) компаниясы басқарады. РМС-ның негiзгi тапсырмасы – мемлекеттiк корпорацияның шетел нарығындағы iс-әрекетiн қолдау, жаңа бизнес-мүмкiндiктердi iздеу, Ресей атом саласының өнiмдерi мен қызметiн жаһандық нарықта ұсыну, тиiмдi бизнес-альянс құруда көмек көрсету, «Росатом» кәсiпорындарын маркетинг және ақпараттық қолдау болып табылады.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
JoomShaper