"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 330.22 -0.07   EUR: 388.07 +0.80   RUB: 5.6 +0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

«НОВОПЭК» КӨКШЕТАУҒА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ

Бейсенбі, 07 Қыркүйек 2017 11:37
«НОВОПЭК» КӨКШЕТАУҒА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ

Әнуар ЖҰМАШБАЕВ, «Оңтүстiк Қазақстан».

Көкшетаулық «Новопэк» компаниясы полимерлi жiптен түрлi заттарға арналған қаптар тiгедi. Бұл серiктестiкте 600-дей адам жұмыс iстейдi. Компанияға жұмыс күшi әлi де қажет. Сондықтан Қазақстанның оңтүстiгiнен солтүстiк облыстарға тұрғындарды көшiру бағдарламасына сәйкес аталмыш серiктестiк өкiлдерi бiздiң өңiрден жұмысшылар тарту үшiн облысқа арнайы келiп отыр.

Облыс әкiмiнiң орынбасары Е.Садыр, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы М.Отаршиев және «Новопэк» ЖШС басқарушы директоры А.Жақыпов қатысқан аймақтық коммуникациялар қызметiндегi брифингте осы мәселе сөз болды.

Жалпы, компаниямен облыстық әкiмдiк арасында меморандум түзiлген. Осыған байланысты қазiр iскерлiк қарым-қатынасты күшейту бағытында тиiстi жұмыстар қолға алынып жатыр. Жақында компания өкiлдерi Шымкенттегi жұмыспен қамту орталығында жиын өткiзiп, соның нәтижесiнде 40-50 адам осы серiктестiкте еңбек етуге ниет танытыпты. Мұндай кездесулер Түркiстан қаласында және Сайрам, Сарыағаш секiлдi аудандарда да өткелi жатыр.

Компания басшысының айтуынша, бiздiң өңiрден барғандар жатақханамен қамтамасыз етiледi. Бару-қайту жол шығындарын серiктестiк өзi көтередi. Жұмысшылар 80-150 мың теңге аралығында жалақы алатын болады. Компания тек қаптар тiгумен айналыспайды. 25 мың гектарға бидай егедi, ұн шығаратын диiрмендерi бар. Сондықтан 800-1000 адамға дейiн жұмысшы қабылдауға дайын. Сонымен қатар, азаматтар ол жаққа отбасымен бiрге көшiп бара алады. Компания отбасының еңбекке жарамды барлық мүшесiне жұмыс тауып бередi. Егер адам сонда тұрақтап қалуды қаламаса вахталық әдiс бойынша келiп-кетiп еңбек етуге мүмкiндiгi бар.

– Бiзге диплом маңызды емес. Өйткенi, жұмысшыларды өзiмiз оқытып аламыз. Бағдарлама бойынша тегiн ағылшын тiлiн оқыту курстары да қарастырылған. Жұмысшыдан бiзге керегi үш-ақ нәрсе. Ол – еңбекке деген құлшыныс, жауапкершiлiк және адалдық. Содан соң бiздiң ұжымда адамды кәсiби тұрғыдан бiлiктiлiгiн арттырып, қызметiн жоғарылатып отыру қағидасы қалыптасқан. Мәселен, бүгiн қарапайым жұмысшы болса, ертең өсе келе компания басқарушыларының тобына кiруi ғажап емес. Басында тiгiншi болып жұмысқа кiрген талай қыз-келiншектер қазiр тұтас цехты басқарып жүр, – дейдi компания директоры А.Жақыпов.

Қалада, ауылда жұмыс таппай жүрген жандар осынау мүмкiндiктi пайдаланып қалуды ойласа аудандық, қалалық жұмыспен қамту орталықтарына барып тiркелiп, аталмыш серiктестiкте жұмыс iстеуге өтiнiш жазса болады.

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper