"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


БАЛАЛАРДЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕДI

Сейсенбі, 05 Қыркүйек 2017 11:10
БАЛАЛАРДЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕДI

 

Облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев Құрбан айт мерекесiне орай Шымкент қаласындағы көпбалалы отбасы шаңырағында және  қаладағы №3 балалар үйiнде болып, балаларға мектепке қажеттi құралдар толтырылған сөмкелердi сыйға тартты.

 

Ең алдымен облыс әкiмi Құрбан айт мерекесiмен құттықтап 10 баланы тәрбиелеп отырған Ералиевтердiң отбасына барып, мектепке баратын жетi баласына сабаққа қажеттi заттар мен үлкен теледидар тарту еттi.

Өз сөзiнде өңiр басшысы қасиеттi мереке күнi отбасыға бейбiтшiлiк пен татулық, амандық және құт-береке тiлеп,  балаларға Абай, Жамбыл, Құрманғазы, Мұхтар Әуезовтiң мұраларын жалықпай оқуға кеңес бердi.

Нұрболат пен Гульфайруз ата-апасымен бiрге 10 ұл-қызды тәрбиелеп өсiруде. Оның сегiзiн Батыр ана өзi дүниеге әкелген. Сонымен қоса, бауырының жетiм қалған екi баласын бауырына басқан. Ералиевтердiң үлкенi 22 жаста, ал, кiшкентайы 1 жас 3 айға толып отыр.

Мұнан соң өңiр басшысы Шымкентте орналасқан №3 балалар үйiне ат басын бұрып, жаңа оқу жылында 1-сыныпқа баратын 15 оқушыға мектепке қажеттi құралдарға толы сөмкелер және мұнан өзге де 32 балаға да сабаққа қажеттi заттарды табыстады.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper