"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 340.11 0.00   EUR: 407.93 0.00   RUB: 5.91 0.00   


ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСIМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Сейсенбі, 05 Қыркүйек 2017 11:09
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСIМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

 

Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Жансейiт Түймебаев Құрбан айт мерекесiне орай облыстық Ардагерлер үйiне барып, ондағы демалушы қарияларды мерекемен құттықтады. Мұсылман жұртының қасиеттi мерекесi саналатын осынау ұлық мейрамда 200-ге жуық қазыналы қартқа айттық дастарқан жайылып, сый-сияпат көрсетiлдi.

 

«Бүгiнгi дастарқан басында «Соғыс ардагерлерi», «Еңбек ардагерлерi», «Батыр аналар» сынды айрықша құрметке ие алдыңғы буын аға-апаларымыз отыр. Сiздер, бүкiл ғұмырларыңызды елiмiздiң өсiп- өркендеуiне – болашақ жастарымыздың жақсы жағдайда жетiлуiне бағыштадыңыздар. Сондықтан, осындай емдеу-сауықтыру орталықтарына келiп, ем-дом алып тұруға әбден лайықтысыздар. Мұнда емделушi екi адамға бiр қызметкерден бөлiнген. Одан бөлек, ардагерлерiмiз үшiн түрлi емдiк процедуралар ұсынатын кабинеттер жеткiлiктi. Елбасының елiмiздiң әлеуметтiк салалары – денсаулық сақтау мен бiлiм беру салаларына айрықша көңiл бөлiп отырғанын бiлесiздер. Демек, мемлекетiмiздiң осындай қамқорлығы одан әрмен де жалғасын таба беретiнiне сенiмiм кәмiл» дедi облыс басшысы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper