"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


САЙРАМ: БАЛАЛАР ШАТТАНҒАН КҮН

Дүйсенбі, 04 Қыркүйек 2017 14:54
САЙРАМ: БАЛАЛАР ШАТТАНҒАН КҮН

Білім күні қарсаңында Сайрам ауданында Көлкент ауылдық округі, Қосбұлақ ауылында 600 орындық Қ.Сәтбаев атындағы заманауи мектеп пен Манкент ауылдық округіндегі 600 оқушыға арналған «Манкент» жалпы орта мектебі, Қарабұлақ ауылдық округіндегі №100 жалпы орта мектебі есігін айқара ашты.

Қаныш Сәтбаев атындағы мектептің ашылу салтанатына арнайы қатысқан облыстық мәслихаттың депутаты Лесбек Тәшімов пен аудан әкімі Бақтияр Мамаев қатысты. Аталған мектепте оқушылар үшін қажеттінің барлығы жасалған, мектептің сынып бөлмелері кең әрі жарық, ыңғайлы. Сметалық құны 1484,591 млн теңгені құраған жаңа мектептің ғимаратын салуды «Орион LTD» серіктестігі қысқа мерзімде жүзеге асырыпты. Дәл осы күні Манкент ауылдық округінде де оқушылар қуанышқа кенелді. Осындағы «Манкент» жалпы орта мектебі өзінің алғашқы шәкірттерін қабылдады. Мемлекеттің 686,387 млн. теңгесіне салынған мектептің ғимаратын мердігер мекеме – «NTR» ЖШС құүрылысшылары қысқа мерзімде сапалы жүргізіп, бітірген. Аудан әкімінің орынбасары      М.Оразалиев пен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М. Қалмұратов жиналғандарды мерекемен құттықтады. Қарабұлақтық оқушылар да биылғы жаңа оқу жылында қуаныштан құр қалмады. Аталған ауылдағы жобалық құны 1071,475 млн. теңгені құраған жаңа мектептің ғимаратын мердігер мекеме «KAZ Intel Group» серіктестігінің құрылысшылары белгіленген мерзімде жүргізіп, балаларды қуантып тастады. Осылайша сайрамдық оқушылар бір күнде үш жаңа мектептің ғимаратында өздерінің алғашқы білім қадамын бастады.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper